• Qaz
  • Rus
  • Eng

2009 жылғы атаулы күндер тізбегі

Құрастырғандар: Т. Алимбекерова, Н. Ермекқалиева
Редактор: Таушева Г.З.


Алғы сөз
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Қазақстан Републикасының мерекелік күндер тізбегінен кейін, атаулы күндер тізбегі бес бөліммен беріледі: бірінші бөлімде ай сайын аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізімі; екінші бөлімде атаулы күндердің қысқаша анықтамасы мен әдебиеттер тізімі көрсетілген, қысқаша мәлімет берілген күндер алғашқы бөлімде ерекше (*) белгіленген; үшінші бөлімде Ресейде Федерациясында аталып өтетін күндер, төртінші бөлімде М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушыларының мерейтойлық күндер тізбегі берілген, бесінші бөлімде айы мен күні белгісіз жылдың атаулы мерзімдері көрсетілген.
Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлерге және жалпы оқырмандарға арналады.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕР ТІЗБЕГІ

1-2 қаңтар         Жаңа жыл
8 наурыз            Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз          Наурыз Мейрамы
1 мамыр             Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр             Жеңіс күні
30 тамыз            Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
25 қазан             Қазақстан Республикасы күні
16 желтоқсан    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


2009 жылғы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АТАУЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕГІ

ҚАҢТАР

1 -2 қаңтар Жаңа жыл

1 қаңтар 
•    Қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына  105 жыл (1904)

•    *Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл (1909). Ол Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

•    Қазақтың айтулы сахна шебері, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 95 жыл (1914).

•    Ұлы Отан соғысына қатысушы, ІІМ полковнигі Сүйеу Игильмановтың туғанына 85 жыл (1924).( Шыңғырлау ауданында дүниеге келген).

2 қаңтар        Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, композитор Мансур Сағатовтың туғанына 70 жыл (1939). Жәнібек ауданында дүниеге келген.

6 қаңтар        Батыс Қазақстан облысына Ленин ордені берілгеніне 50 жыл (1959).

7 қаңтар         Рождество Христово. Престольный праздник Храма Спасителя в г.Уральске

10 қаңтар       Социалистік Еңбек Ері Мақаш Жүсіповтің туғанына 70 жыл (1939). ( Тасқала ауданында дүниеге келген.)

11 қаңтар     Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Ибрагим Әдиетұлы Қалиевтің туғанына 50 жыл (1959). Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданында дүниеге келген.

13 қаңтар     Қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының ашылғанына 75 жыл (1934). (Қазір Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры).

15 қаңтар      Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің ашылғанына 75 жыл (1934).

20 қаңтар     Пугачевшылардың Жайық қалашығындағы қамалға шабуыл жасағандарына 235 жыл (1774).

29 қаңтар     «Түркістан» газетінің шыға бастағанына 15 жыл (1994).

30 қаңтар     Қазақтың танымал жазушысы Саттар Ерубаевтың туғанына 95 жыл (1914).

АҚПАН

2 ақпан           Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 75 жыл (1934).

4 ақпан           Қазақтың танымал ақыны, драматург, әдебиеттанушы  Әбділда Тәжібаевтың туғанына 100 жыл (1909).

11 ақпан         Қазақ жазушысы, драматург Сәкен Нұмақұлы Жүнісовтің туғанына 75 жыл (1934).

15 ақпан         Қазақтың атақты театр және кино актері, режиссер КСРО халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 95 жыл (1914).


НАУРЫЗ

8 наурыз        Әйгілі киноактриса Әмина Өмірзақованың туғанына 90 жыл (1919).

13 наурыз      Белгілі ақын Дариға Мұштанованың туғанына 55 жыл (1954).

14 наурыз

• Атақты физика теоретигі Альберт Эйнштейнның туғанына 130 жыл (1879).

• Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Лұқпан Қылышевтың туғанына 100 жыл (1909). (Шыңғырлау ауданында дүниеге келген.)

15 наурыз    Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні

19 наурыз Партия және кеңес қызметкері, қазақ қыздарынан шыққан бірінші инженер Мәдина Бегалиеваның туғанына 110 жыл (1899). Орда (қазіргі Бөкейордасы) ауданында дүниеге келген.

21 наурыз  Дүниежүзілік Жер күні

22 наурыз 

•    Әнші Жәнібек Кәрменовтың туғанына 60 жыл (1949).

•    Дүниежүзілік су күні

23 наурыз   Дүниежүзілік метеорология күні

27 наурыз   Халықаралық театр күні


СӘУІР

1 сәуір  

•    Күлкі күні

•    Халықаралық құстар күні

•    Танымал жазушы Қойшығара Салғараұлының туғанына 70 жыл (1939).

2 сәуір         Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір        Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір

•    Бүкіл дүниежүзілік авиация және космонавтика күні

•    Көрнекті ғалым, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 110 жыл (1899).

18 сәуір       Бүкіл дүниежүзілік ескерткіштер мен тарихи орындар күні

27 сәуір       Қазақ ғалымы, археолог-этнограф, әдебиет, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 105 жыл (1904).

29 сәуір        Халықаралық би күні


МАМЫР

1 мамыр        Көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің  туғанына 115 жыл(1894).

3 мамыр       Халықаралық баспасөз күні

4 мамыр       Қазақтың тамаша сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 75 жыл (1934).

6 мамыр       Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, айтыс ақыны Шолпан Батырқызы Қыдырниязованың туғанына 60 жыл (1949).

7 мамыр       Отан қорғаушылар күні

12 мамыр     Қоғам қайраткері, Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 130 жыл (1879).

13 мамыр      Медициналық бикелердің ынтымақ күні

14 мамыр     Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 140 жыл (1869)

15 мамыр   

•    Халықаралық отбасы күні

•    Қазақтың танымал ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 75 жыл (1934).

17 мамыр      Халықаралық электробайланыс күні

18 мамыр      Халықаралық мұражайлар күні

23 мамыр       Белгілі ғалым, профессор Камал Ақышевтың туғанына 85 жыл (1924).

24 мамыр      Славян жазуы мен мәдениетінің күні

25 мамыр     Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық Қаһарманы» генерал Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 85 жыл (1924).

31 мамыр     Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні


МАУСЫМ

1 маусым       Халықаралық балаларды қорғау күні

4 маусым      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күні

5 маусым       Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні

19 маусым     Қазақтың композиторы, ақын, әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл (1884)

25 маусым     Орда өңірінде Жәңгірдің хандық дәрежесіне көтерілгеніне 185 жыл (1824). (Рәсім хан тоғайында өткізілген).

26 маусым  

•    Халықаралық нашақорлықпен күресу күні

•    Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық оркестрінің құрылғанына 75 жыл (1934).

27 маусым     Баспасөз күні


ШІЛДЕ

1 шілде    

•    Бүкіләлемдік сәулетшілер күні

•    Қазақстан Республикасының ғарышкері Талғат Мұсабаев басқарған «Союз ТМ-19» ғарыш короблінің «Мир» орбиталық кешеніне ұшырылғанына 15 жыл (1994).

5 шілде     Халықаралық кооперация күні

19 шілде

•    Халықаралық шахмат күні

•    Көрнекті ғалым, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұрат Әбенұлы Айтхожинның туғанына 70 жыл (1939).


ТАМЫЗ

6 тамыз     Бүкіл дүниежүзілік ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күні.

12 тамыз   Қазақсанның халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына 105 жыл (1904).

13 тамыз   Спорт күні

15 тамыз   Археологтар күні

17 тамыз   Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тілтанушы Рабиға Ғалиқызы Сыздықованың туғанына 85 жыл (1924).

20 тамыз   Қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қанша Қажыкенованың туғанына 85 жыл (1924). Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

28 тамыз  *Танымал ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 65 жыл (1944). Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданында дүниеге келген.

29 тамыз   КСРО-да Семей полигонында бірінші ядролық қарудың сынақтан өткізілгеніне 60 жыл (1949).

ҚЫРКҮЙЕК

1 қыркүйек  Білім күні

3 қыркүйек  Қазақ жазушысы, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты Шерияздан Рустемұлы Елеукеновтың туғанына 80 жыл (1929).

5 қыркүйек  Қазақстан халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл (1924).

7 қыркүйек  Қоғам қайраткері, ақын, журналист Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтың туғанына 85 жыл (1924).

8 қыркүйек    Журналистер ынтымағының Халықаралық күні

9 қыркүйек    Бүкіләлемдік сұлулық күні

16 қыркүйек   Мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты Қабиболла Қабенұлы Жақыповтың туғанына 60 жыл (1949).

22 қыркүйек  Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

26 қыркүйек  Бүкіләлемдік туризм күні

ҚАЗАН

1 қазан    

•    Халықаралық қариялар күні

•    Халықаралық музыка күні

4 қазан   

•    Халықаралық дәрігерлер күні

•    Халықаралық мұғалімдер күні

5 қазан     Жазушы-сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 85 жыл (1924).

6 қазан    Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Әбуғали Көптілеуовтың туғанына 100 жыл (1909).

9 қазан    Бүкіләлемдік пошта күні

10 қазан    Семей ядролық полигонында соңғы жерасты сынағы өткізілгеніне 20 жыл (1989).

14 қазан    Халықаралық стандарттау күні

15 қазан 

•    Қазақтың танымал ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 115 жыл (1894).

•    Қазақтың тамаша жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 85 жыл (1924).

18 қазан   Рухани келісім күні

19 қазан   «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 85 жыл (1924).

22 қазан    Қазақтың көрнекті жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Әбдіжамал Керімұлы Нұрпейісовтың туғанына 85 жыл (1924).

24 қазан    Халықаралық  БҰҰ күні

ҚАРАША

9 қараша        Бүкіләлемдік сапа күні

10 қараша      Бүкіләлемдік жастар күні

11 қараша      Қазақтың танымал жазушысы, драматург Берқайыр Аманшинның туғанына 85 жыл (1924).

15 қараша   

•    Ұлттық валюта теңге күні

•    Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет  Майлиннің туғанына 115 жыл (1894).

17 қараша      Халықаралық студентер күні

20 қараша      Дүниежүзілік теледидар күні


ЖЕЛТОҚСАН

1 желтоқсан     Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні

5 желтоқсан     *Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 70 жыл (1939).

9 желтоқсан     Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың туғанына 110 жыл (1899).

10 желтоқсан    Адам құқығы күні

15 желтоқсан    Қазақтың тамаша суретшісі Гүлфайруз Исмаилованың туғанына 80 жыл (1926)

16 желтоқсан   Ақын, Қазақтан журналистер Одағының мүшесі Амангелді Шахиннің туғанына 55 жыл (1954).

17 желтоқсан    Қазақтың тамаша әншісі Бибігүл Төлегенованың туғанына 80 жыл (1929).

19 желтоқсан   Қазақтың дарынды тіл танушы ғалымы Құдайберген Жұбановтың туғанына 110 жыл (1909).

25 желтоқсан    Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргізілгеніне 30 жыл (1979).

30 желтоқсан    Қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеушісі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 120 жыл (1889).



АТАУЛЫ КҮНДЕРДІҢ  ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАСЫ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 қаңтар (1909 -1993 жж.)
Қазақстан Республикасы мәдениетіне
еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор),
Қазақ КСР халық әртісі
Ғарифолла Құрманғалиевтің
туғанына 100 жыл.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды. Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран құстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатырды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар.
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер жөне цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды.

Әнші  туралы:
1. Жубанов А. Соловьи столетий: Очерки о  народных композиторах и певцах .-А. :Дайк-Пресс, 2002.-455с.
2. Құрманбай Ш. Шетелдіктер  Ғарекеңнің  өлеңіне  неге қызықты?//Айқын апта.-2007.-№13-б.29.
3. Құрманғалиев Ғарифолла:Өмірдерек//Қазақ мәдениеті: энциклопедия.-А.:Аруана, 2005.-414 б.
4. Құрманғалиев Ғарифолла:Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-А.,Арыс, 2002.-373б.
5. Құрманғалиев Ғарифолла:Өмірдерек//Тарихи тұлғалар.-Алматыкітап, 2006.-271 б.


***


4 ақпан (1909-1998 жж.)
Қазақтың танымал ақыны, драматург, әдебиет танушы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 100 жыл.

Қызылорда каласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курста оқыған. "Лениншіл жас" газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының төрағасы, хатшысы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметтерінде болған.
Өлеңдері алғаш рет "Сыйлық" атты ұжымдық жинақта 1927 жылы шыққан. Алғашқы жеке жинағы 1932 жылы "Жаңа ырғақтар" деген атпен шықты. Поэзия, драматургия, сын, проза жанрлары саласында еңбек етті. "Аралдар", "Кешеден — бүгінге", "Жартас", "Көне қоңырау" секілді жыр кітаптары, "Өмір мен поэзия", "Ойлар, толғаныстар", "Жаданның хаттары" тәрізді сын, эссе, проза кітаптары бар.
1952 жылы Погодинмен бірігіп "Жамбыл" көркем фильмінің сценарийін, 1953 жылы "Гүлденген дала" пьесасын жазған. 1963 жылы пьесалары "Жүректілер" деген атпен жеке кітап болып шықты. Бірнеше дүркін тандамалы туындылары, шығармаларының екі томдығы, бес томдығы жарық көрген.
Пушкиннің, Гейненің, Шевченконың бірқатар шығармаларын, біраз орыс кеңес ақындарының өлең-жырларын қазақшаға аударған. "Өмір және поэзия" еңбегімен кандидаттық, "Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, "Құрмет Белгісі" орденімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1974 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағын алған.

Ақын туралы:
1. Доброжан А. Легенда А.Тажибаева "Толагай". //Воспитательная работа в школе и внешкольных  учрежден .-2004 .-№11-12.-С.15.
2. Құнантаева, К. Ә.Тәжібаев шығармаларының тәрбиелік тағылымы. //Қазақстан мектебі .-2007 .-№10.-б.60.       
3. Құнантаева, К. Ә.Тәжібаев шығармаларының тәрбиелік мәні.
//Қазақстан мектебі.-2007 .-№11-12.-б.53.
4. Омаров, Н. Өмірлік деректің көркемдік шешімі:Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары М.Мағауин, Ә.Тәжібаев,  Қ. Жұмаділовтер туралы.//Қазақ тілі  мен  әдебиеті .-2008.-№3.-б.61.
5. Сәуітұлы Д. Әбділда Тәжібаев шығармаларындағы ежелгі әдебиет дәстүрлері.//Жұлдыз.-2007.-№ 9.-б.182.
6. Тәжібаев, А. Қырғыз достарыма:өлеңдер. //Әлем әдебиеті.-2008.-№2.-б.9.


***

12 сәуір  (1899 -1964)
Көрнекті ғалым, Қазақстанның
Ұлттық ғылым академиясының бірінші
президенті Қаныш Имантайұлы
Сәтбаевтың туғанына 110 жыл.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ ҚСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері — бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын жөне рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік жөне болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы — кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық метоллогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.

Ғалым туралы:
1. Бакенов, М. Қаныш Сәтбаев сот  та  болған:ал  осы қызметінен қалай кетті?//Түркістан.-2008.-17 сәуір.-б.7.
2. Брусиловская Е.Герой своего времени.//Казахст.правда.-2006.-13апр.-с4
3. Дәукеев С. Сәтбаев үмiтiн ақтау-парыз.//Егемен Қазақстан.-2002.-12 сәуiр
4. Жақсыбаев А. Жаны жайсаң  жақсылар:Естеліктер, сапарлар,ой-толғамдар.-Алматы.:Білім,2006.-272б.-(әдеби мемуарлар).
5. Қаймақбаева, К.  Жеңіс күнін жақындатуға химия өнеркәсібінің қосқан үлесі. //Қазақстан  мұғалімі .-2008 .-2 тамыз.-б.8.
6. Қаныш ага:Академик К.Сәтпаев туралы естеліктер .-Алматы:Жазушы, 1989.-400с:ил.
7. Құрманбай Ш. Кен қазу ісіндегі  Қаныш  Сәтбаевтың мақсаты не еді?.//Айқын.-2007.-№46-б.7.
8. Мәмет, С. Қанекең, Мұхаң және өзім жайлы.//Нұр Астана.-2008.-30 қаңтар.-б. 7.
9. Салыков К.Новое собрание трудов Каныша  Имантаевича Сатпаева.//Наука и высшая школа  Казахстана.-2002.-№11 (июнь).
10. Тодорова Н.Благодарная память.//Казахстанская правда.-2004.-10  апреля.12 апреля 105 лет со дня рождения К. И. Сатпаева
11. Тодорова Н. Дочь Сатпаева.//Казахст.правда .-2005 .-23апреля .-с9.
12. Уразбаев Х. Академик К.И.Сатпаев. //Высшая  школа  Казахстана .-2002 .-N3.-С.103-109.
13. Уразбаев Х. Гений научного предвидения. //Мысль.-2003.-№7.-С.66-67./О К.И.Сатпаеве/
14. Храм казахстанской науки-творение академика Каныша Сатпаева:из воспоминаний московского  архитектора  Николая//Наука и высшая школа  Казахстана.-2004.-1 апреля.
15. Шимырбаева Г. Отчизне-научный дар. //Казахстанская правда.-2003 .-№105-106.

***


27 сәуір (1904-1985)
Қазақ ғалымы, археолог-этнограф,
әдебиет, өнертанушы Әлкей
Хаканұлы Марғұланның туғанына 105 жыл.

Әлкей Марғұлан Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осындағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды. Осында оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә.Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.
Жинаған материалдарының негізінде "Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына" деген монографиялық еңбек жазады. "Хандар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне кыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология жөне этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.
Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Ғалым  туралы:
1. Ақордаұлы Н. Ғұламаға тағзым:Марғұлан-100. //Ақиқат.-2004.-№11.-25б.
2. Әлiмбай М. Алыптың  әмбебабы:Ә.Марғұлан.//Қазақ әдебиеті .-2004 .-10-15кыркүйек.
3. Әсембаева Б. Әлкей Марғұланның алғашқы  мақалалары.//Ақиқат.-2005.-№3.-91б.
4. Горбунов С. Улица, ведущая в бессмертие.//Казахстанская правда.-2004.-29  мая.Празднование  100-летия  Алькея  Маргулана
5. Евсеева Т. В память об археологе//Казахстанская правда.-2004.-22  мая.(100-летие Алькея Маргулана)
6. Ихсангали С. Первопроходец:к 100-летию Алькея Маргулана
//Приуралье.-2004.-8 мая.
7. Көмеков Б. Ерен тұлға. //Парасат.-2004.-№11.-5-6б.
8. Қалиұлы С. Ғұлама: Ә.Марғұлан-100.//Қазақ тарихы.-2004.-№4.-35б.
9. Қойгелдиев М. Тылсым әлем. //Парасат.-2004.-№ 11.-5б.
10. Қызласов Л.Марғұлан феноменi:Әлкей Марғұлан.//Егемен Қазақстан.-2004.-30  маусым.
11. Марғұлан Д. Арманы көп еді.//Парасат.-2004.-№10.-2-4б.
12. Марғұлан Ә. Аңызбен жеткен ақиқат:Этнос  тудырған мәдениетке қосқан үлесi.//Жалын.-2004.-№8.-3-19б.
13. Өтениязов С. Ғұндар мұрасы.//Жалын.-2004.-№8.-1921б.
14. Сейдалиева С. Қазақ археология ғылымының атасы //Қазақстан  мұғалімі .-2005 .-№10.-б.20-25.
15. Сұраханов С. Академик Әлкей  Марғұлан-Этномәдени білім мазмұнын жасаушы //Қазақстан мектебі .-2004 .-№ 11.-38б.
16. Тебегенов Т. Әлкей  Марғұлан-қазақ  әдебиетi  тарихын зерттеушi. //Қазақстан мұғалімі .-2004 .-17 қыркүйек.
17. Тодорова Н. Маргулан-особое явление в науке //Казахстанская правда.-2004 .-8  мая.
18. Хамитова М. Қолөнер шеберлері Әлкей жазбаларында. //Қазақ тарихы.-2005.-№6.-б.68.
19. Хамитова, М. Мұражайлардағы мәдени мұра::герменевтикалық зерттеу шеvбері  мен көкжиектері //Қазақ  тарихы.-2007.-№ 3. - б.60.

***

28  тамыз (1944 ж.)
Қазақтың ақын қызы, Қазақтан
жазушылар Одағының мүшесі
Ақұштап Бақтыгерееваның
туғанына 65 жыл

Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін бітірген (1966). 1966-1971 жж. Орал облысы "Орал өңірі", Талдықорған облысы "Октябрь туы", республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жж. "Қазақфильм" киностудиясында редактор, 1972-1975 жж. "Жұлдыз" журналында әдеби кызметкер, 1975-1981 жж. "Жазушы" баспасының аударма редакциясында редактор болған. 1981 жылдан шығармашылық жұмыста.
Тұңғыш өлеңдер жинағы — "Өрімтал" 1967 жылы жарық көрді. "Наз" (1969), "Қанышым — іңкәрім" (1971), "Сені ойлаймын" (1973), "Ақ қанат" (1975), "Бақыт әні" (1978), "Жайық қызы" (1980), "Белокрылая" (1981), "Ақжелең" (1985), "Сүмбіле" (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы "Ақ шағала" атты тандамалы жыр жинағы жарық көрді. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
"Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы", «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, Жазушылар одағы Батыс Қазақстан бөлімшесінің директоры.
Шығармалары: Ақ желең. Жыр жинағы.-А., Жазушы, 1985; Ақ шағала. Өлеңдер жинағы.-А., Өлке, 2001; Бақыт әлі. ӨлеңдерА., Жазушы, 1978; Жайық қызы. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1980; Наз. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1969; Сені ойлаймын. Өлеңдер.—А., Жазушы, 1973; Сүмбіле. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1990

Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1. Айтөлен, Ә. Ақын деген - дауыс бермей-ақ  сайланған халық депутаты:А.Бақтыгереевамен сұхбат.//Айқын.-2007.-30  қараша.-б.3.
2. Әшірбаев, Б. "Кептер кептермен, карга қарғамен ұшады":
А.Бақтыгереевамен сұхбат. //Қазақ әдебиеті.-2008 .-18  шілде.- б.4.
3. Бақтыгереева А. Ақ шағала:өлеңдер. //Қазақ.-2007.-22 маусым -б. 6-7.
4. Бақтыгереева А. Ана тілін  білмейтін  қазақ  мен  үшін мүгедек қазақ//Тіл.-2008.-№1.-б.52.
5. Бактыгереева А. Из писем к матери:стихи. //Приуралье.-2004.-18 сентября.
6. Жазықсай Т. Ақынға туған  жердiң  төрi  дайын: Ақұштап Бақтыгереева туралы бiр үзiк сыр. //Орал өңiрi.-2003.-16 казан.
7. Нариков А. Белокрылая:Поэтессе Акуштап Бактыгереевой-60 лет. //Приуралье.-2004.-18 сентября.
8. Нықмұқанова, А. «Елге пайдам тисе деймін».:А.Бақтыгереевамен сұхбат.//Орал өңірі.-2008.-24 сәуір.-б.5.
9. Текебаева Ш. Ақұштап-азамат ақын:Ақұштап Бақтыгереева.
//Жайық үні.-2004.-9 қыркүйек.

***

5 желтоқсан (1939 ж.)
Қазақтың ақын қызы Фариза
Оңғарсынованың туғанына 70 жыл (1939).

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, "Октябрьдің 40 жылдығы" қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 1968—1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970—1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" (қазіргі "Ақ желкен") журналының бас редакторы болып істеді.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, сондай-ақ Чили ақыны П.Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақшалаған.
1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстанның Халық жазушысы.
Шығармалары: Сандуғаш. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1966; Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1969; Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1972; Асау толқын. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1973; Көгершіндерім. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1974; Биіктік. Очерктер. А., "Жазушы", 1975; Біздің Кәмшат. Повесть. А., "Жазушы", 1976; Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., "Жалын", 1977; Шілде. Таңдамалы. А., "Жазушы", 1978; Нежность. Стихи. А., "Жалын", 1978; Тревоги. Стихи. М., "Молодая гвардия ", 1979; Озарение. Стихи. М., "Советский писатель", 1980; Полдневный жар. Стихи. А., "Жазушы", 1980; Сұхбат. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1983; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., "Жалын ", 1984; Лауа. Өлеңдер. "Жалын", 1985; Алмазный клинок. Стихи. М., "Художественная литература", 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., "Молодая гвардия ", 1985; Таңдамағы шығармалары. Екі томдық. А., "Жазушы", 1987.

Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1. Еңсепова, Г. Фариза Оңғарсынова аудармалары.//Қазақ тілі  мен  әдебиеті .-2007.-№ 8.- б.110.
2. Мұқанова, Р. Өлең-тағдыр:Ф.Оңғарсынова туралы. //Егемен Қазақстан.-2008.-7 наурыз.-б.5.
3. Оңғарсынова, Ф. Әйел аты ұлылы•:өлең.//Дала мен қала .-2008 .-7  наурыз.-б.18.
4. Оңғарсынова, Ф. Туар деп алдан арман күн:өлеңдер.//Ана тілі.-2008.-13 наурыз.-б.10.
5. Оңғарсынова, Ф. Үлкен жүректі ақын еді.//Алтын Орда.-2007.-13-19 желтоқсан.-б.10-11.
6. Рахымбаева, Н. Айқайлағанның бәрі батыр  емес,  сөз құрағанның бәрі ақын емес!:Ф. Оңғарсыновамен сұхбат.//Нұр-Астана.-2007.-16 -23 мамыр -б. 3.
7. Смирнова С. Фариза Онгарсынова:"У поэтов странный путь-величают по кончине.В  жизни могут не кивнуть,если  ты  не  в должном чине"//Экспресс К.-2002.-8 мая.-С.5.
8. Тоқсанбай, Ә. Жыр тамған жүрек: Ф.Оңғарсынованың  поэзия кеші.//Егемен Қазақстан.-2008.-1  сәуір.-б.16.



РЕСЕЙ  ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА АТАЛЫП ӨТЕТІН КҮНДЕР

20 қаңтар   Орыстың балалар жазушысы Аркадий Петрович Гайдардың туғанына 105 жыл (1904).

8 ақпан     Элементтердің периодтық заңын ашқан ірі химик Дмитрий Иванович Менделеевтің туғанына 175 жыл (1834).

13  ақпан   Белгілі орыс жазушысы, Иван Андреевич Крыловтың туғанына 240 жыл (1769).

9 наурыз

•    Украинаның көрнекті ақыны, халықтық нышанға арналған Тарас Шевченконың туғанына 195 жыл (1814).

•    Әлемнің бірінші космонавт Юрий Алекссевич Гагариннің туғанына 75 жыл (1934).

1 сәуір          Орыстың ұлы жазушысы, драматург Николай Васильевич Гогольдің туғанына 200 жыл (1809).

23 сәуір        Ұлы ағылшын жазушысы, драматург Уильям Шекспирдің туғанына 445 жыл (1564).

9 мамыр       Орыс кеңес жазушысы, ақын  Булат Шалвович Окуджаваның туғанына 85 жыл (1924)

6 маусым      Ұлы орыс ақыны, әлем әдебиетінің жұлдызы Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 210 жыл (1799).

25 шілде       Орыс жазушысы, актер, драматург Василий Макарович Шукшиннің туғанына 80 жыл (1929).

3 қазан         Көрнекті орыс ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 190 жыл (15 қазан, 1814).

28 қазан       Танымал жазушы Герольд Бельгердің туғанына 75 жыл (1934). Президенттік Бейбітшілік сыйлығының лауреаты

12 қараша     Орыстың тамаша ақыны Анна Ахматованың  туғанына 120 жыл (1889).

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРІ

6 ақпан            ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Сания Сапиқызы Джубатырованың мерейтойы (1954)

17 ақпан          филология ғылымдарының докторы Раиса Джавхарқызы Урунованың мерейтойы (1959)

20 ақпан         география ғылымдарының кандидаты Татьяна Александрқызы  Терещенконың мерейтойы (1954)

3 наурыз         педагогика ғылымдарының кандидаты Нүрия Әділжанқызы Әділбаеваның мерейтойы (1959)

19 наурыз       ҚР еңбек сіңірген әртісі, К.Байсейітова ат. Республикалық әншілер байқауының лауреаты Жұмағаным Рахимованың мерейтойы (1954)

11 сәуір           биология ғылымдарының кандидаты, доцент, геобатаник  Әділгерей Төлегенұлы Шүйіншәлиевтің туғанына 70 жыл (1939)

7 маусым        БҚМУ профессоры Наталья Владимирқызы Мымринаның мерейтойы (1959)

2 тамыз        тарих ғылымдарының докторы, профессор Баян Ғаббасқызы Шынтемірованың мерейтойы (1949)

9 тамыз         биология ғылымдарының кандидаты Александр Сергейұлы  Костаревтің мерейтойы 60 лет (1949)

11 тамыз       биология ғылымдарының докторы, профессор Мария Максимқызы Фартушинаның мерейтойы (1929)

16 тамыз       филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галий Гарафутдинұлы  Низамовтың туғанына 75 жыл (1934)

4 қыркүйек    тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зайнекеш Аманғалиұлының туғанына  90 жыл (1919)

9 қазан          педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Николайұлы Пересветовтің туғанына 75 жыл  (1934)

30 қазан        педагогика ғылымдарының кандидаты, доцента Татьяна Владимировқызы Лидің туғанына 65 жыл (1944)

11 қараша      физика-математика ғылымдарының кандидаты, БҚМУ доценті  Алфред Кондратұлы Вознякевтің туғанына 80 жыл (1929)                        

10 желтоқсан   

•    Ғалым-ұстаз, соғыс және еңбек ардагері, филология ғылымдарының кандидаты Сәрсен Ақмурзиннің туғанына 100 жыл (1909). Орал қаласының Құрметті азаматы

•    Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ССР-ы білімінің еңбегі сіңген қызметкер Амангелді Ғалымовтың туғанына 65 жыл (1944 )

13 желтоқсан   БҚМУ профессоры Александр Егорқызы Кузьмичеваның мерейтойы (1939)

24 желтоқсан     педагогика ғылымдарының кандидаты, доцента Наталья  Алексейқызы  Выдринаның мерейтойы (1954)

АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ ЖЫЛДЫҢ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ

•    Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, педагог Аспандияров Санжар Жафарұлының туғанына 120 жыл (1889).
•     Атақты ғалым-астроном Ұлықбектің (Мұхамед Тараған) туғанына 615 жыл (1394).
•    Бөкей хандығының басқарушысы, мемлекет қайраткері, қазақтың соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 205 жыл (1804).
•    Қазақтың дарынды ақыны, әнші, композитор Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл (1834).
•    Оралда «әскери қоғамдық бақтың» іргесі қаланғанына (қазіргі С.М.Киров атындағы парк) 170 жыл (1839).
•    Верный (қазіргі Алматы) қаласының іргесі қаланғанына 155 жыл (1854).
•    Қазақтанда тар өсірудің тамаша шебері Шығанақ Берсиевтің туғанына 125 жыл (1884).
•    Оралда С.Сейфуллиннің ынтасымен  мектеп ашылғанына (қазіргі №11 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат) 85 жыл (1919 ).
•    Оралда музыкалық училище ашылғанына (қазіргі Құрманғазы атындағы музыкалық колледж) 65 жыл (1944).
•    Оралдағы М.Өтемісов атындағы санаториялық мектебінің ашылғанына 35 жыл (1974).
•    Қарашығанақ мұнайгазконденсанты кен орнының ашылғанына 30 жыл (1979).
•    «Пульс» апталық қалалық газетінің алғашқы нөмірі шыққанына 20 жыл (1989).
•    СПИД-пен күрес және алдын алу жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық орталығының ашылғанына 20 жыл (1989).
•    Оралда «Омега» құрал жасау зауытының құрылысының басталғанына 40 жыл (1969).

ЕСІМДЕРДІҢ АЛФАВИТТІК КӨРСЕТКІШІ

Айманов Ш.
Аймауытов Ж.
Айтхожин М.Ә.
Ақмурзин С.
Ақышев К.
Амангалиев С.З.
Аманшин Б.
Ахматова А.
Ахметов Д.К.
Әділбаева Н.А
Әзірбаев К.
Әубәкіров О.
Бақтыгереева А.
Бегалиева М.
Бельгер Г.
Вознякевич А.К.
Выдрина Н.А
Гайдар А.П.
Гагарин Ю.
Гоголь Н.В.
Ғалымов А.
Джубатырова С.С
Егізбаев Р.С.
Елебеков Ж.
Елеукенов Ш.
Ерубаев С.
Жақыпов Қ.Қ.
Жансүгіров І.
Жиенбаев С.
Жубанов Қ.
Жунисов С.Н.
Жусупов М.
Игильманов С.
Исмаилова Г.
Исаев О.Ж.
Кәрменов Ж.
Костарев А.С.
Көптілеуов Ә.
Крылов И.А.
Кузьмичева А.Е
Қалиев И.Ә.
Қастеев Ә.
Қажыкенова Қ.
Қошқарбаев Р.
Құрманғалиев Ғ.
Қыдырнизова Ш.
Қылышев Л.
Лермонтов М.Ю.
Ли Т.В
Майқанова С.
Майлин Б.
Марғұлан Ә.
Менделеев Д.И.
Москалев Г.Е.
Мұсабаев Т.
Мұхамеджанов С.
Мұштанова Д.
Мымрина Н.В.
Низамов Г.Г.
Нұрмағамбетов С.
Нұрпейісов Ә.
Окуджава Б.
Оңғарсынова Ф.
Өмірзақова Ә.
Пересветов Н.Н
Пушкин А.С.
Рахимова Ж.
Сағатов М.
Салғараұлы Қ.
Сәтбаев Қ.
Сейфуллин С.
Смаханұлы Ш.
Соқпақбаев Б.
Сыздықова Р.
Тәжібаев Ә.
Терещенко Т.В
Төлебаева Б.
Төлегенова Б.
Тұрысов Қ.
Тынышбаев М.
Урунова Р.Д.
Фартушина М.М.
Шарафеддинов Ш.
Шахин А.
Шевченко Т.
Шекспир У.
Шүйіншәлиев Ә.Т.
Шукшин В.М.
Шынтемирова Б.Г.
Эйнштейн А.