Кітапхана тарихы

М.Өтемісов атындағы БҚУ Ғылыми кітапханасы ақпараттық орталық ретінде университеттің құрамды бір бөлігін құрайтын, өзіндік келбеті бар бөлім. Кітапханасы ақпараттық орталық ретінде университеттің оқу процесіне қажетті ақпаратпен, оқулықтар және оқу құралдарымен студенттерді қамтуда маңызды рөл атқарады. Ғылыми кітапхананың негізгі мақсаты оқу процесі мен оқырман сұраныстарына сай кітап қорын жасақтау, университеттің, аймақтың, жалпы елдің ақпараттық ресурстарына жол ашып, кітап қоры негізінде жұмыстана отырып пайдаланушыларға нәтижелі қызмет көрсету.

М.Өтемісов атындағы БҚУ Ғылыми кітапханасы Орал педагогикалық институтының құрылуымен тығыз байланысты. 1932 жылы Орынбор реалдық училищесі негізінде 7500 том кітап қорымен құрылып, Қазақстандағы байырғы жоғары оқу орнындағы кітапхана қатарына кіреді.

18-19 ғасырларда жазылған теңдесі жоқ бағалы кітаптар, сирек кездесетін әдебиеттер кітапхананың алтын қоры. «Остромирово Евангелия» кітабы славяндық қолжазба ескерткіші болып табылады. 1056-1057 жж. Грек тіліндегі түпнұсқадан жазылған. Бұл кітап Новогородта, Софи соборында, кейін Мәскеуде сақталған. Сондай-ақ алтын қорда «Арифметика Магницкого», «Энциклопедический словарь братьев Гранат», «Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона», 300 ден аса «ЖЗЛ»  т.б. қолжазба кітаптары бар.

Батыс Қазақстан университеті  ғылыми кітапханасы 1 млн. 059.430 дана кітап қоры бар. Кітап беруі 1 млн., оқырмандардың кітапханаға қатынауы 600 мың. Жылына 200 атаулы шетелдік және қазақстандық мерзімді басылымдарға жазылып алады. Қазақстан ЖОО Ассоциациясымен, Қазақстандық және Ресейлік ірі басылымдармен байланыс орнатқан.

Ғылыми кітапхана құрылымы 3 бөлімнен тұрады: әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі, оқырмандар сұранысын қамту бөлімі, ақпараттық технология және библиография бөлімі. 7 оқу залы, 3 абонемент жылына 6 мыңға жуық пайдаланушыларға қызмет көрсетеді, оның ішінде ғалымдар залы мен электронды оқу залы бар.

Ғылыми кітапхана жаңа толқындағы компьютер, көшірме техникасымен, видеопроектор т.б. құралдармен жабдықталған. Электронды оқу залы пайдаланушыларға университет ғалымдарының электронды оқулықтарын, видео-дәрістер, әдістемелік құралдар, энциклопедия мен сөздіктер, оқу видеофильмдерін, оқытушылардың дәрістерін ұсынады.

2000 жылдан электронды каталог құру үшін «Библиотека 5.2» бағдарламасымен жұмыс жасау басталды. 2012 жылдан электронды каталог базасын жалғастыру мақсатында «ИРБИС 64» автоматтандырылған бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда мәліметтер базасында 170000 мыңнан аса жазбалар жазылған. Оқу әдебиеттер мен оқытушылардың ғылыми мақалаларының толық мәтілді базасын қалыптастыру жұмысы жүргізуде.

Кітапхананы пайдаланушылар жаһандық ақпараттар желісі Internet қолдана алады. Университеттің Bеб-сайт беттерінен ғылыми кітапхана туралы ақпарат топтастырылған өз электронды поштасы бар www.library.wku.edu.kz. БҚУ ғылыми кітапханасы заман ағымымен жандану үстінде. Жаңа компьютерлік технологияларды енгізу мен қолдану, оқу және ғылымды ақпаратпен қамтуда заман ағымына сай теңдесі жоқ құрал болып табылады.

Қазіргі уақытта кітапхананың ақпараттық орталық ретінде дамуы, кітапхана жұмысынын автоматтандырылу және компьютерлік технологиялардың енгізілуімен тығыз байланысты. 2014 ж. желтоқсан айынан №1  оқу корпусының  оқу залдарында кітапхананың кітап қорымен жұмыс жасаудың нәтижесін арттыратын арнайы құрылғы қойылды. Бұл автоматтандырылған сымсыз аймақ: радио жиелік белгі, магнитті карточка, өзіндік жұмыс жасау терминалы және қақпадан тұратын RFID құрылғысы болып табылады. Жаңа технологияның мәнісі оқырман сөреден кітапты таңдап, электронды оқырман билетінің көмегімен өзіндік жұмыс жасау терминалына тіркеліп, оқу залында дайындалуға мүмкіндік алады.

Университеттің бірден–бір маңызды бағыттарының бірі – толық мәтінді ақпараттық ресурстарға онлайн түрде қолжетімділігі болып табылады. БҚУ кітапханасының пайдаланушыларына отандық және шетелдік мәліметтер базалары (Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана, Web of Science, Springerlink, Polpred, Oxford university press, Willey  online Library, Taylor&Francis Journal Platform,  Elsever онлайн түрде қолжетімді. Бұл жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық ғылым және өнер саласы бойынша толғандырған сұрақтарға неғұрылым толық мәліметтер алуға мүмкіндік беретін журналдар, кітаптар мен конференция материалдарын іздеу болып табылады.