Құрастырғандар: В.К. Мулдашева, А.А.Нурадинова, Г.К.Шарипова,
Жауапты редакторы: Т. Е.Алимбекерова-ғылыми кітапхана директоры
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы атаулы күндер тізбегі
(Батыс Қазақстан облысы).- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2013.-72 б.
Алғы сөз
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Қазақстан Републикасының мерекелік күндер тізбегінен кейін, атаулы күндер тізбегі бес бөліммен беріледі: бірінші бөлімде ай сайын аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізімі; екінші бөлімде атаулы күндердің қысқаша анықтамасы мен әдебиеттер тізімі көрсетілген, қысқаша мәлімет берілген күндер алғашқы бөлімде ерекше (*) белгіленген; үшінші бөлімде Ресей Федерациясында аталып өтетін күндер, төртінші бөлімде М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушыларының мерейтойлық күндер тізбегі берілген, бесінші бөлімде айы мен күні белгісіз жылдың атаулы мерзімдері көрсетілген.
Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК
КҮНДЕР ТІЗБЕГІ
1-2 қаңтар Жаңа жыл
7 қаңтар Православ христиандарының Рождество мерекесі
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр Отан қорғаушылар күні
9 мамыр Жеңіс күні
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
НАУРЫЗ
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
23 наурыз - Дүниежүзілік метеорология күні
24 наурыз - Туберкулез ауруына дүниежүзілік күресі
27 наурыз - Халықаралық театр күні
30 наурыз - Жерді қорғау күні
СӘУІР
1 сәуір - Күлкі күні
1 сәуір - Құстар күні
2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
11 сәуір- Фашистік концлагерлер тұтқындарын азат етудің халықаралық күні
12 сәуір - Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні
18 сәуір - Тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күні
23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
24 сәуір - Халықаралық жастар ынтымағы күні
26 сәуір - Халықаралық санаткерлік меншік күні
29 сәуір – Халықаралық би күні
30 сәуір - Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні
МАМЫР
3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз күні
4 мамыр – Халықаралық СПИД құрбандарын еске алу күні
5 мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
7 мамыр - Радио күні
7 мамыр - Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні
12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні
21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні
31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні
МАУСЫМ
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
5 маусым - Дүниежүзілік тіршілік өрісін сақтау күні
17 маусым - Дүниежүзілік қуаңшылық және шөлейттенуге қарсы күрес күні
20 маусым - Дүниежүзілік босқындар күні
23 маусым - Халықаралық Олимпия күні
26 маусым - Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні
26 маусым - Баспасөз күні
27 маусым - Дүниежүзілік балықшылық күні
28 маусым - Баспасөз күні
ШІЛДЕ
1 шілде - Дүниежүзілік сәулет күні
ТАМЫЗ
6 тамыз - Ядролық қаруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні
12 тамыз - Халықаралық жастар күні
13 тамыз - Спорт күні
14 тамыз - Құрылысшылар күні
ҚЫРКҮЙЕК
1 қыркүйек - Білім күні
8 қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні
8 қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні
16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні
30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні
ҚАЗАН
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
3 қазан - Халықаралық музыка күні
5 қазан - Халықаралық дәрігерлер күні
5 қазан - Мұғалімдер күні
9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні
14 қазан - Халықаралық стандарттау күні
18қазанРуханикелісімкүні
22 қазан - Бүкіл дүниежүзілік ақпараттар тарату күні
24 қазан - Халықаралық БҰҰ күні
ҚАРАША
9 қараша - Дүниежүзілік сапа күні
10 қараша- Дүниежүзілік жастар күні
13 қараша - Халықаралық зағиптар күні
14 қараша - Дүниежүзілік диабетке (сусамыр) қарсы күрес күні
15 қараша - Ұлттық валюта- теңге күні
17 қараша - Халықаралық студенттер күні
19 қараша - Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күні
25 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні
ЖЕЛТОҚСАН
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан - СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні
10 желтоқсан - Адам құқықтары күні
17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні
17 желтоқсан – Егемен Қазақстан газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 95 жыл
2014 жылғы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АТАУЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕГІ
ҚАҢТАР
1 -2 қаңтар Жаңа жыл
1 қаңтар
• Қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл (1904)
• Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 105 жыл (1909)
(Қаратөбе ауданында дүниеге келген).
• Қазақтың айтулы сахна шебері, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл (1914).
• Ұлы Отан соғысына қатысушы, ІІМ полковнигі Сүйеу Игильмановтың туғанына 90 жыл (1924).( Шыңғырлау ауданында дүниеге келген).
2 қаңтар Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, композитор Мансур Сағатовтың туғанына 75 жыл (1939). (Жәнібек ауданында дүниеге келген).
6 қаңтар Батыс Қазақстан облысына Ленин ордені берілгеніне 55 жыл (1959).
7 қаңтар Православ христиандарының Рождество мерекесі
11 қаңтар Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Ибрагим Әдиетұлы Қалиевтің туғанына 55 жыл (1959). Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданында дүниеге келген.
13 қаңтар Қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының ашылғанына 80 жыл (1934). (Қазір Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры).
15 қаңтар Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің ашылғанына 80 жыл (1934).
20 қаңтар Пугачевшылардың Жайық қалашығындағы қамалға шабуыл жасағандарына 240 жыл (1774).
29 қаңтар «Түркістан» газетінің шыға бастағанына 20 жыл (1994).
АҚПАН
2 ақпан Мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 80 жыл (1934).
4 ақпан * Қазақтың танымал ақыны, драматург, әдебиеттанушы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 105 жыл (1909).
11 ақпан Қазақ жазушысы, драматург Сәкен Нұмақұлы Жүнісовтің туғанына 80 жыл (1934).
15 ақпан Қазақтың атақты театр және кино актері, режиссер КСРО халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 100 жыл (1914).
НАУРЫЗ
8 наурыз Әйгілі кино актриса Әмина Өмірзақованың туғанына 95 жыл (1919).
13 наурыз Белгілі ақын Дариға Мұштанованың туғанына 60 жыл (1954).
14 наурыз Атақты физика теоретигі Альберт Эйнштейнның туғанына 135 жыл (1879).
• Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Лұқпан Қылышевтың туғанына 105 жыл (1909).( Шыңғырлау ауданында дүниеге келген.)
15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні
21 наурыз Дүниежүзілік Жер күні
22 наурыз Әнші Жәнібек Кәрменовтың туғанына 65 жыл (1949).
• Дүниежүзілік су күні
23 наурыз Дүниежүзілік метеорология күні
27 наурыз Халықаралық театр күні
СӘУІР
1 сәуір Күлкі күні
• Халықаралық құстар күні
• Танымал жазушы Қойшығара Салғараұлының туғанына 75 жыл (1939).
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні
7 сәуір Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні
11 сәуір Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, геобатаник Әділгерей Төлегенұлы Шүйіншәлиевтің туғанына 70 жыл (1939)
12 сәуір Бүкіл дүниежүзілік авиация және космонавтика күні
• Көрнекті ғалым, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл (1899).
18 сәуір Бүкіл дүниежүзілік ескерткіштер мен тарихи орындар күні
23 сәуір — Халықаралық кітап күні
27 сәуір Қазақ ғалымы, археолог-этнограф, әдебиет, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 105 жыл (1904).
29 сәуір Халықаралық би күні
МАМЫР
1 мамыр Көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл(1894).
3 мамыр Халықаралық баспасөз күні
4 мамыр Қазақтың тамаша сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 80 жыл (1934).
6 мамыр Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, айтыс ақыны Шолпан Батырқызы Қыдырниязованың туғанына 65 жыл (1949).
7 мамыр Отан қорғаушылар күні
12 мамыр Қоғам қайраткері, Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 135 жыл (1879).
13 мамыр Медициналық бикелердің ынтымақ күні
14 мамыр Ақтөбе қаласының іргетасы қаланғанына 145 жыл (1869)
15 мамыр Халықаралық отбасы күні
• Қазақтың танымал ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 80 жыл (1934).
18 мамыр Халықаралық мұражайлар күні
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
23 мамыр Белгілі ғалым, профессор Кемел Ақышевтың туғанына 90 жыл (1924).
24 мамыр Славян жазуы мен мәдениетінің күні
25 мамыр Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық Қаһарманы» генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 90 жыл (1924).
31 мамыр Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні
МАУСЫМ
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күні
5 маусым Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні
22 маусым Кенен Әзірбаев әнші,композитор, халық ақыны дүниеге келгеніне 130ж. (1884)
25 маусым Орда өңірінде Жәңгірдің хандық дәрежесіне көтерілгеніне 190 жыл (1824).( Рәсім хан тоғайында өткізілген).
26 маусым
• Халықаралық нашақорлықпен күресу күні
• Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық оркестрінің құрылғанына 80 жыл (1934).
27 маусым Баспасөз күні
ШІЛДЕ
1 шілде
• Бүкіләлемдік сәулетшілер күні
• Қазақстан Республикасының ғарышкері Талғат Мұсабаев басқарған «Союз ТМ-19» ғарыш кораблінің «Мир» орбиталық кешеніне ұшырылғанына 20 жыл (1994).
5 шілде Халықаралық кооперация күні
6 шілде Астана күні
19 шілде
• Халықаралық шахмат күні
• Көрнекті ғалым, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұрат Әбенұлы Айтхожинның туғанына 75 жыл (1939).
ТАМЫЗ
2 тамыз Тарих ғылымдарының докторы, профессор Баян Ғаббасқызы Шынтемірованың туғанына 65 жыл (1949)
6 тамыз Бүкіл дүниежүзілік ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күні.
12 тамыз Қазақстанның халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына 110 жыл (1904).
13 тамыз Спорт күні
15 тамыз Археологтар күні
16 тамыз Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галий Гарафутдинұлы Низамовтың туғанына 80 жыл (1934)
17 тамыз Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тілтанушы Рабиға Ғалиқызы Сыздықованың туғанына 90 жыл (1924).
20 тамыз Қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қанша Қажыкенованың туғанына 90 жыл (1924). Қаратөбе ауданының тумасы.
28 тамыз * Танымал ақын, жазушылар одағы Батыс Қазақстан бөлімшесінің директоры Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл (1944). Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданының тумасы.
29 тамыз КСРО-да Семей полигонында бірінші ядролық қарудың сынақтан өткізілгеніне 65 жыл (1949).
ҚЫРКҮЙЕК
1 қыркүйек Білім күні
3 қыркүйек Қазақ жазушысы, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты Шерияздан Рустемұлы Елеукеновтың туғанына 85 жыл (1929).
4 қыркүйек Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зайнекеш Аманғалиұлының туғанына 95 жыл (1919)
5 қыркүйек Қазақстан халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл (1924).
7 қыркүйек Қоғам қайраткері, ақын, журналист Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтың туғанына 90 жыл (1924).
8 қыркүйек Журналистер ынтымағының Халықаралық күні
9 қыркүйек Бүкіләлемдік сұлулық күні
16 қыркүйек Мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты Қабиболла Қабенұлы Жақыповтың туғанына 65 жыл (1949).
21қыркүйеқ Орал қаласы күні 340 ж (1584)
22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
26 қыркүйек Бүкіләлемдік туризм күні
• Еңбек күні
ҚАЗАН
1 қазан
• Халықаралық қариялар күні
• Халықаралық музыка күні
4 қазан
• Халықаралық дәрігерлер күні
• Халықаралық мұғалімдер күні
9 қазан Бүкіләлемдік пошта күні
9 қазан Педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Николайұлы Пересветовтің туғанына 80 жыл (1934)
10 қазан Семей ядролық полигонында соңғы жерасты сынағы өткізілгеніне 25 жыл (1989).
13 қазан - Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бүркітов Отарәлінің туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1954-2005).
14 қазан Халықаралық стандарттау күні
15 қазан
• Қазақтың танымал ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл (1894).
• Қазақтың тамаша жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл (1924).
18 қазан Рухани келісім күні
19 қазан «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл (1924).
22 қазан Қазақтың көрнекті жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Әбдіжамал Керімұлы Нұрпейісовтың туғанына 90 жыл (1924).
24 қазан Халықаралық БҰҰ күні
28 қазан *Танымал әдебиет зерттеуші, сыншы, аудармашы, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 80 жыл (1934).
30 қазан Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцента Татьяна Владимировқызы Лидің туғанына туғанына 70 жыл (1944)
ҚАРАША
9 қараша Бүкіләлемдік сапа күні
10 қараша Бүкіләлемдік жастар күні
11 қараша - Ақын, жазушы, драматург, аудармашы Аманшин Берқайыр Сәлімұлының туғанына 90 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1924-1985)
11 қараша Физика-математика ғылымдарының кандидаты, БҚМУ доценті Альфред Кондратұлы Вознякевичтің туғанына 85 жыл (1929)
15 қараша
• Ұлттық валюта теңге күні
• Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл (1894).
17 қараша Халықаралық студентер күні
20 қараша Дүниежүзілік теледидар күні
ЖЕЛТОҚСАН
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні
5 желтоқсан Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жыл (1939).
6 желтоқсан ҚР мемлекет қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 75 жыл (1939)
9 желтоқсан Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың туғанына 115 жыл (1899).
10 желтоқсан Адам құқығы күні
Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ССР-ы біліміне еңбегі сіңген қызметкер Амангелді Ғалымовтың туғанына 70 жыл (1944 )
15 желтоқсан Қазақтың тамаша суретшісі Гүлфайруз Исмаилованың туғанына 85 жыл (1929)
16 желтоқсан Ақын, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Амангелді Шахиннің туғанына 60 жыл (1954).
17 желтоқсан Қазақтың тамаша әншісі Бибігүл Төлегенованың туғанына 85 жыл (1929).
17 желтоқсан Егемен Қазақстан газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 95 жыл
19 желтоқсан Қазақтың дарынды тіл танушы ғалымы Құдайберген Жұбановтың туғанына 115 жыл (1899).
25 желтоқсан Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргізілгеніне 35 жыл (1979).
30 желтоқсан Қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеушісі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл (1889).
АТАУЛЫ КҮНДЕРДІҢ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАСЫ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 қаңтар (1909 -1993 жж.)
Қазақстан Республикасы мәдениетіне
еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор),
Қазақ КСР халық әртісі
Ғарифолла Құрманғалиевтің
туғанына 105 жыл.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды. Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран құстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатырды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар.
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер жөне цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды.
Әнші туралы:
1.Байділдин, Ш. Ғарифолладай әнші туарма [Текст] / Ш. Байділдин // Қазақ. - 2013. - №7-8.-15-22 ақпан. - Б. 4.
2.Базарғалиева, С. А. Ғарифолла Құрманғалиевтің ұлттық опера өнеріне қосқан үлесі [Электронный ресурс] / С. А. Базарғалиева // Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалықмұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары . - 2009. - С. 86-89.
3. Жубанов А. Соловьи столетий: Очерки о народных композиторах и певцах .-А. :Дайк-Пресс, 2002.-455с.
4. Құрманбай Ш. Шетелдіктер Ғарекеңнің өлеңіне неге қызықты?//Айқын апта.-2007.-№13-б.29.
5. Құрманғалиев Ғарифолла:Өмірдерек//Қазақ мәдениеті:
энциклопедия.-А.:Аруана, 2005.-414 б.
6. Құрманғалиев Ғарифолла:Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-А.,Арыс, 2002.-373б.
7. Құрманғалиев Ғарифолла: Өмір дерек//Тарихи тұлғалар.-Алматы кітап, 2006.-271 б.
***
4 ақпан (1909-1998 жж.)
Қазақтың танымал ақыны, драматург,
әдебиет танушы Әбділда Тәжібаевтың
туғанына 105 жыл.
Қызылорда каласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курста оқыған. "Лениншіл жас" газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының төрағасы, хатшысы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметтерінде болған.
Өлеңдері алғаш рет "Сыйлық" атты ұжымдық жинақта 1927 жылы шыққан. Алғашқы жеке жинағы 1932 жылы "Жаңа ырғақтар" деген атпен шықты. Поэзия, драматургия, сын, проза жанрлары саласында еңбек етті. "Аралдар", "Кешеден — бүгінге", "Жартас", "Көне қоңырау" секілді жыр кітаптары, "Өмір мен поэзия", "Ойлар, толғаныстар", "Жаданның хаттары" тәрізді сын, эссе, проза кітаптары бар.
1952 жылы Погодинмен бірігіп "Жамбыл" көркем фильмінің сценарийін, 1953 жылы "Гүлденген дала" пьесасын жазған. 1963 жылы пьесалары "Жүректілер" деген атпен жеке кітап болып шықты. Бірнеше дүркін тандамалы туындылары, шығармаларының екі томдығы, бес томдығы жарық көрген.
Пушкиннің, Гейненің, Шевченконың бірқатар шығармаларын, біраз орыс кеңес ақындарының өлең-жырларын қазақшаға аударған. "Өмір және поэзия" еңбегімен кандидаттық, "Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, "Құрмет Белгісі" орденімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1974 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағын алған.
Ақын туралы:
1. Доброжан А. Легенда А.Тажибаева "Толагай". //Воспитательная работа в школе и внешкольных учрежден .-2004 .-№11-12.-С.15.
2. Құнантаева, К. Ә.Тәжібаев шығармаларының тәрбиелік тағылымы. //Қазақстан мектебі .-2007 .-№10.-б.60.
3. Құнантаева, К. Ә.Тәжібаев шығармаларының тәрбиелік мәні.
//Қазақстан мектебі.-2007 .-№11-12.-б.53.
4. Омаров, Н. Өмірлік деректің көркемдік шешімі:Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары М.Мағауин, Ә.Тәжібаев, Қ. Жұмаділовтер туралы.//Қазақ тілі мен әдебиеті .-2008.-№3.-б.61.
5. Сәуітұлы Д. Әбділда Тәжібаев шығармаларындағы ежелгі әдебиет дәстүрлері.//Жұлдыз.-2007.-№ 9.-б.182.
6. Тәжібаев, А. Қырғыз достарыма:өлеңдер. //Әлем әдебиеті.-2008.-№2.-б.9.
***
12 сәуір (1899 -1964)
Көрнекті ғалым, Қазақстанның
Ұлттық ғылым академиясының бірінші
президенті Қаныш Имантайұлы
Сәтбаевтың туғанына 115 жыл.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ ҚСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері — бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын жөне рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы — кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық метоллогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ғалым туралы:
1. Бакенов, М. Қаныш Сәтбаев сот та болған:ал осы қызметінен қалай кетті?//Түркістан.-2008.-17 сәуір.-б.7.
2. Брусиловская Е.Герой своего времени.//Казахст.правда.-2006.-13апр.-с4
3. Дәукеев С. Сәтбаев үмiтiн ақтау-парыз.//Егемен Қазақстан.-2002.-12 сәуiр
4. Жақсыбаев А. Жаны жайсаң жақсылар:Естеліктер, сапарлар,ой-толғамдар.-Алматы.:Білім,2006.-272б.-(әдеби мемуарлар).
5. Қаймақбаева, К. Жеңіс күнін жақындатуға химия өнеркәсібінің қосқан үлесі. //Қазақстан мұғалімі .-2008 .-2 тамыз.-б.8.
6. Қаныш ага:Академик К.Сәтпаев туралы естеліктер .-Алматы:Жазушы, 1989.-400с:ил.
7. Құрманбай Ш. Кен қазу ісіндегі Қаныш Сәтбаевтың мақсаты не еді?.//Айқын.-2007.-№46-б.7.
8. Мәмет, С. Қанекең, Мұхаң және өзім жайлы.//Нұр Астана.-2008.-30 қаңтар.-б. 7.
9. Салыков К.Новое собрание трудов Каныша Имантаевича Сатпаева.//Наука и высшая школа Казахстана.-2002.-№11 (июнь).
10. Тодорова Н.Благодарная память.//Казахстанская правда.-2004.-10 апреля.12 апреля 105 лет со дня рождения К. И. Сатпаева
11. Тодорова Н. Дочь Сатпаева.//Казахст.правда .-2005 .-23апреля .-с9.
12. Уразбаев Х. Академик К.И.Сатпаев. //Высшая школа Казахстана .-2002 .-N3.-С.103-109.
13. Уразбаев Х. Гений научного предвидения. //Мысль.-2003.-№7.-С.66-67./О К.И.Сатпаеве/
14. Храм казахстанской науки-творение академика Каныша Сатпаева:из воспоминаний московского архитектора Николая//Наука и высшая школа Казахстана.-2004.-1 апреля.
15. Шимырбаева Г. Отчизне-научный дар. //Казахстанская правда.-2003 .-№105-106.
***
27 сәуір (1904-1985)
Қазақ ғалымы, археолог- этнограф, әдебиет,
өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның
туғанына 110 жыл.
Әлкей Марғұлан Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-1931 жылдар арасында осындағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды. Осында оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә.Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.
Жинаған материалдарының негізінде "Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына" деген монографиялық еңбек жазады. "Хандар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне кыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.
Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
Ғалым туралы:
Ақордаұлы, Н. Ғұламаға тағзым:Марғұлан-100. //Ақиқат.-2004.-№11.-25б.
2. Әлiмбай, М. Алыптың әмбебабы:Ә.Марғұлан.//Қазақ әдебиеті .-2004 .-10-15кыркүйек.
3. Әсембаева, Б. Әлкей Марғұланның алғашқы мақалалары.//Ақиқат.-2005.-№3.-91б.
4.Бақбергенова, К.Ою-өрнек - өрелі өнер [Текст] / К. Бақбергенова // Мектептегі технология =Технология в школе. - 2012. - №1. - Б. 10-12.
5. Горбунов, С. Улица, ведущая в бессмертие.//Казахстанская правда.-2004.-29 мая.Празднование 100-летия Алькея Маргулана
6. Евсеева, Т. В память об археологе//Казахстанская правда.-2004.-22 мая.(100-летие Алькея Маргулана)
7. Ихсангали, С. Первопроходец:к 100-летию Алькея Маргулана
//Приуралье.-2004.-8 мая.
8. Көмеков, Б. Ерен тұлға. //Парасат.-2004.-№11.-5-6б.
9. Қалиұлы, С. Ғұлама: Ә.Марғұлан-100.//Қазақ тарихы.-2004.-№4.-35б.
10. Қойгелдиев, М. Тылсым әлем. //Парасат.-2004.-№ 11.-5б.
11. Қызласов, Л.Марғұлан феноменi:Әлкей Марғұлан.//Егемен Қазақстан.-2004.-30 маусым.
12. Марғұлан, Д. Арманы көп еді.//Парасат.-2004.-№10.-2-4б.
13. Марғұлан, Ә. Аңызбен жеткен ақиқат:Этнос тудырған мәдениетке қосқан үлесi.//Жалын.-2004.-№8.-3-19б.
14. Өтениязов, С. Ғұндар мұрасы.//Жалын.-2004.-№8.-1921б.
15. Сейдалиева, С. Қазақ археология ғылымының атасы //Қазақстан мұғалімі .-2005 .-№10.-б.20-25.
16.Серікқызы, М. Еңбекпен өткен өмірім [Текст] / М. Серікқызы // Аңыз адам. - 2013. - №1. - Б. 5-9.
17. Сұраханов, С. Академик Әлкей Марғұлан-Этномәдени білім мазмұнын жасаушы //Қазақстан мектебі .-2004 .-№ 11.-38б.
18. Тебегенов, Т. Әлкей Марғұлан-қазақ әдебиетi тарихын зерттеушi. //Қазақстан мұғалімі .-2004 .-17 қыркүйек.
19. Тодорова, Н. Маргулан-особое явление в науке //Казахстанская правда.-2004 .-8 мая.
20. Хамитова, М. Қолөнер шеберлері Әлкей жазбаларында. //Қазақ тарихы.-2005.-№6.-б.68.
21. Хамитова, М. Мұражайлардағы мәдени мұра::герменевтикалық зерттеу шеvбері мен көкжиектері //Қазақ тарихы.-2007.-№ 3. - б.60.
***
28 тамыз (1944 ж.)
Қазақтың ақын қызы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 70 жыл
Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін бітірген (1966). 1966-1971 жж. Орал облысы "Орал өңірі", Талдықорған облысы "Октябрь туы", республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жж. "Қазақфильм" киностудиясында редактор, 1972-1975 жж. "Жұлдыз" журналында әдеби кызметкер, 1975-1981 жж. "Жазушы" баспасының аударма редакциясында редактор болған. 1981 жылдан шығармашылық жұмыста.Тұңғыш өлеңдер жинағы — "Өрімтал" 1967 жылы жарық көрді. "Наз" (1969), "Қанышым — іңкәрім" (1971), "Сені ойлаймын" (1973), "Ақ қанат" (1975), "Бақыт әні" (1978), "Жайық қызы" (1980), "Белокрылая" (1981), "Ақжелең" (1985), "Сүмбіле" (1990) атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы "Ақ шағала" атты тандамалы жыр жинағы жарық көрді. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
"Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы", «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, Жазушылар одағы Батыс Қазақстан бөлімшесінің директоры.
Шығармалары: Ақ желең. Жыр жинағы.-А., Жазушы, 1985; Ақ шағала. Өлеңдер жинағы.-А., Өлке, 2001; Бақыт әлі. ӨлеңдерА., Жазушы, 1978; Жайық қызы. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1980; Наз. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1969; Сені ойлаймын. Өлеңдер.—А., Жазушы, 1973; Сүмбіле. Өлеңдер.-А., Жазушы, 1990
Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1. Айтөлен, Ә. Ақын деген - дауыс бермей-ақ сайланған халық депутаты: А.Бақтыгереевамен сұхбат.//Айқын.-2007.-30 қараша.-б.3.
2. Әшірбаев, Б. "Кептер кептермен, карга қарғамен ұшады":
А.Бақтыгереевамен сұхбат. //Қазақ әдебиеті.-2008 .-18 шілде.- б.4.
3. Бақтыгереева А. Ақ шағала:өлеңдер. //Қазақ.-2007.-22 маусым -б. 6-7.
4. Бақтыгереева А. Ана тілін білмейтін қазақ мен үшін мүгедек қазақ//Тіл.-2008.-№1.-б.52.
5. Бактыгереева А. Из писем к матери:стихи. //Приуралье.-2004.-18 сентября.
6.Бақтыгереева, А. Рұқсат беруіңізді өтінем [Текст] / А. Бақтыгереева // Қазақ әдебиеті. - 2012. - №1.-6-12 қантар. - Б. 1,3.
7.Бияшева, Г. Ақынға туған жердің төрі дайын [Текст] / Г. Бияшева // Орал өңірі. - 2011. - №144-145.-15 желтоқсан. - Б. 10.
7. Жазықсай Т. Ақынға туған жердiң төрi дайын: Ақұштап Бақтыгереева туралы бiр үзiк сыр. //Орал өңiрi.-2003.-16 казан.
8. Нариков А. Белокрылая:Поэтессе Акуштап Бактыгереевой-60 лет. //Приуралье.-2004.-18 сентября.
9. Нықмұқанова, А. «Елге пайдам тисе деймін».:А.Бақтыгереевамен сұхбат.//Орал өңірі.-2008.-24 сәуір.-б.5.
***
28 қазан (1934)
Танымал әдебиет зерттеуші, сыншы, аудармашы,
Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 80 жыл (1934).
Герольд Карлович Бельгер - әдебиет зерттеуші, сыншы, аудармашы. 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Энгельс қаласында туған. Неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1958). 1958—1960 жылдары Жамбыл облысының Байқадам совхозындағы орта мектепте мұғалім, 1960—1963 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирант, 1963—1964 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста, 1992 жылдан неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары болған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған (1994 — 1995). Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері (1988). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987). Президент-тің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері (1992). ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі. «Парасат» орденінің иегері (1994). Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының (1996). «Алтын самрүқ» сыйлығының (2007) иегері.
Шығармалары: «Сосновый дом на краю аула.» А-А., 1973, «Даладағы шағала.» А., 1976, «Алтын асу.» А., 1977, «Живые предметы родства.» А-А., 1981 (неміс тілінде), «Лицом к лицу со временем.» А-А., 1985 (неміс тілінде), «Мотивы трех струн.» А-А., 1986, «Тас өткел.» М., 1987, Гете и Абай.» А-А., 1989, «Завтра будет солнце.» А., 1992, «Земные избранники.» А., 1995, «Тихие беседы на шумных перекрестках.» А., 2001, «Этюды о переводах Ильяса Жансугурова.» А., 2001, «Казахское слово.» Астана, 2001, «Дом скитальца.» Астана, 2003, «В темный час перед рассветом.» А., 2003, «Карл Бельгер - мой отец.» А., 2003 итд
Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
2.Бельгер, Г.К. Абай мұраларын тану, оны зерттеу мәселелері: Үндестік. - А., 1982 (орыс тілінде)
3.Бельгер, Г.К. Гете және Абай. - А., 1989 (орыс тілінде)
4.Бельгер, Г.К. Шың, Туыстықтың жанды өрнектері. - А., 1981 (неміс тілінде)
5.Бельгер, Г.К. Асылға абай болайық // Қазақ әдебиеті. - 1985. - 9 мамыр
6.Бельгер, Г.К. Ақындар сыры // Простор. – 1992. - № 2
7.Бельгер, Г.К. Мұнартау // Жалын. – 1974. - № 1
8.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
9.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
10.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
5 желтоқсан (1939 ж.)
Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жыл (1939).
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың
5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, "Октябрьдің 40 жылдығы" қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 1968—1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970—1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" (қазіргі "Ақ желкен") журналының бас редакторы болып істеді.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, сондай-ақ Чили ақыны П.Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақшалаған.
1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстанның Халық жазушысы.
Шығармалары: Сандуғаш. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1966; Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1969; Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1972; Асау толқын. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1973; Көгершіндерім. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1974; Биіктік. Очерктер. А., "Жазушы", 1975; Біздің Кәмшат. Повесть. А., "Жазушы", 1976; Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., "Жалын", 1977; Шілде. Таңдамалы. А., "Жазушы", 1978; Нежность. Стихи. А., "Жалын", 1978; Тревоги. Стихи. М., "Молодая гвардия ", 1979; Озарение. Стихи. М., "Советский писатель", 1980; Полдневный жар. Стихи. А., "Жазушы", 1980; Сұхбат. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1983; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., "Жалын ", 1984; Лауа. Өлеңдер. "Жалын", 1985; Алмазный клинок. Стихи. М., "Художественная литература", 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., "Молодая гвардия ", 1985; Таңдамағы шығармалары. Екі томдық. А., "Жазушы", 1987.
Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1. Ақсұңқарұлы , С. Құбылыс [Текст] / С. Ақсұңқарұлы // Жас алаш. - 2013. - №43.-4 маусым. - Б. 5.
2.Гарифуллинова, Д. Ф.Оңғарсынова. "Қазақтың дәстүрлері" [Текст] / Д. Гарифуллинова // Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі. - 2013. - №2. - Б. 17-19.
3.Еңсепова, Г. Фариза Оңғарсынова аудармалары //Қазақ тілі мен әдебиеті .-2007.-№ 8.- б.110.
4.Муфтиллаева, А. А. Ф.Оңғарсынова поэмаларының тілдік құрылысы [Текст] / А. А. Муфтиллаева // Қазақстанның ғылыми әлемі. - 2012. - №3-4. - Б. 60-62.
5. Мұқанова, Р. Өлең-тағдыр:Ф.Оңғарсынова туралы //Егемен Қазақстан.-2008.-7 наурыз.-б.5.
6. Оңғарсынова, Ф. Әйел аты ұлылы•:өлең //Дала мен қала .-2008 .-7 наурыз.-б.18.
7. Оңғарсынова, Ф. Туар деп алдан арман күн:өлеңдер //Ана тілі.-2008.-13 наурыз.-б.10.
8. Оңғарсынова, Ф. Үлкен жүректі ақын еді //Алтын Орда.-2007.-13-19 желтоқсан.-б.10-11.
9. Рахымбаева, Н. Айқайлағанның бәрі батыр емес, сөз құрағанның бәрі ақын емес!:Ф. Оңғарсыновамен сұхба //Нұр-Астана.-2007.-16 -23 мамыр -б. 3.
10. Тоқсанбай, Ә. Жыр тамған жүрек: Ф.Оңғарсынованың поэзия кеші //Егемен Қазақстан.-2008.-1 сәуір.-б.16.
***
10 желтоқсан (1909-1999)
Ғалым-ұстаз, соғыс және еңбек ардагері, филология
ғылымдарының кандидаты, Орал қаласының Құрметті азаматы Ақмурзин Сәрсен Ақмурзаұлы туғанына 105 жыл
Ақмурзин Сәрсен Ақмырзаұлы -
филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1909 жылы 10 желтоқсанында Орал облысынын Жаңакала ауданының № 2-ші ауылында туган.
Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 1926 және 1933 жылдардың аралығында "Қосшы" село одағында ауыл кеңесінде, аудандық атқару комитетінде жұмыс істейді.
1933 жылы Сламихин педагогика техникумын бітіріп, ал 1936 жылы Орал пединститутын тамамдайды. Институтты бітіргеннен кейін Орал Қазақ орта мекгебінің директоры болып тағайындалады.
1938 жылдан 1942 жылга дейін Казақ тілі мен әдебиет кафедрасының окытушысы, әдебиет кафедрасының меңгерушісі, Мұғалімдер институты директорының орынбасары болып жұмыс істейді. 1942 жылдың наурызынан 1943 жылдың шілдесіне дейін Облсовхозтрестің саяси секторында бастықтың орынбасары болды. 1943 жылы армияга шақырылды да, 1944 жылдың тамызынан бастап 1945 жылдың мамырына дейін қан майданда болды. "Қызыл Жұлдыз", "Бірінші дәрежелі Отан соғысы" ордендермен марапатталған.
1945 жылдың 21 қарашасынан 1952 жылдың маусымына дейін институттың директоры қызметін атқарды. 1956 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғап шыққаннан кейін, тағы да институтымыздың оқу ғылым жұмысына қызу кірісті.
1958 жылдан 1963 жылга дейін институтымыздың оқу және ғылым проректоры, ұзақ жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. 1974 жылдан бері кафедра доценті. Бейбіт күнде ұзақ жылдардағы үздік еңбек үшін С.Акмурзин "Кұрмет Белгісі" орденімен наградталды, "Орал қаласы құрметті азаматы', "КазССР жоғары мектептеріне еңбек сіңірген қызметкер" марапаттарын алды.
Ол туралы, ақын жариялаған мақалалар:
1.Ақмурзин, С. Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі қазақ совет прозасы [Текст] / С. Ақмурзин. - Орал : [s. n.], 2009. - 146б.
2.Ақмурзин, С. Уральский педагогический [Текст] / С. Ақмурзин // За педагогические кадры.-1961.-14 мамыр
3.Ақмурзин, С. 31 –й учебный год [Текст] / С. Ақмурзин // За педагогические кадры.- 1962.-7 қырқүйеқ
4.Ақмурзин, С. Заслуженная награда [Текст] / С. Ақмурзин // За педагогические кадры.- 1967.-27 қантар
5.Ақмурзин, С. Писатель – академик...[Текст] / С. Ақмурзин // За педагогические кадры 1961.-14мамыр
6.Ақмурзин, С. Писатель,ученый и педагог...[Текст] / С. Ақмурзин // За педагогические кадры, 1977.-26 қырқүйеқ
7.Ақмурзин, С. В.И.Ленин көркем әдебиеттің коммунистік тәрбиедегі ролі туралы [Текст] / С. Ақмурзин // Материалы XXXIV научной конференции Уральского педагогического института.-Уральск,1970.-Б.92-94
8.Ақмурзин, С. Патриотическая идея Казахско советской литературы в эпоху Великой Отечественной войны [Текст] / С. Ақмурзин // Тезисы XXXІІ научной конференции.-Уральск,1968.-Б.123-129
9.Ақмурзин, С. Сөз зергері [Текст] / С. Ақмурзин // Жазушы жолы.-Алматы.-1962.-Б.123-129
10.Ақмурзин, С. Оқытушы маман кадрлар даярлап шығаратын мәдениет ордасы [Текст] / С. Ақмурзин // Екпінді құрлыс,1947.-25 мамыр
11.Ақмурзин, С. Советтік жас педагогтері [Текст] / С. Ақмурзин // Екпінді құрлыс,1949.-25 маусым
12.Ақмурзин, С. Жаңа оқу жылына студенттер қабылдауға әзірленудеміз [Текст] / С. Ақмурзин // Екпінді құрлыс,1948.-2 маусым
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА АТАЛЫП ӨТЕТІН КҮНДЕР
22 қаңтар Орыстың балалар жазушысы Аркадий Петрович Гайдардың туғанына 110 жыл (1904).
8 ақпан Элементтердің периодтық заңын ашқан ірі химик Дмитрий Иванович Менделеевтің туғанына 180 жыл (1834).
13 ақпан Белгілі орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың туғанына 245 жыл (1769).
9 наурыз
• Украинаның көрнекті ақыны, халықтық нышанға арналған Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл (1814).
• Әлемнің бірінші космонавт Юрий Алекссевич Гагариннің туғанына 80 жыл (1934).
1 сәуір Орыстың ұлы жазушысы, драматург Николай Васильевич Гогольдің туғанына 205 жыл (1809).
23 сәуір Ұлы ағылшын жазушысы, драматург Уильям Шекспирдің туғанына 450 жыл (1564).
9 мамыр Орыс кеңес жазушысы, ақын Булат Шалвович Окуджаваның туғанына 90 жыл (1924)
6 маусым Ұлы орыс ақыны, әлем әдебиетінің жұлдызы Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 215 жыл (1799).
23 маусым Орыстың тамаша ақыны Анна Ахматованың туғанына 125 жыл (1889).
25 шілде Орыс жазушысы, актер, драматург Василий Макарович Шукшиннің туғанына 85 жыл (1929).
15 қазан Көрнекті орыс ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 200 жыл ( 1814).
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРІ
2 қаңтар доцент, аға оқытушы Шамакова Нафиза Ғұмарқызының мерейтойы 50ж. (1964)
15 қаңтар оқытушы Пальгова Валентина Васильевнаның мерейтойы 60ж. (1954)
15 қаңтар оқытушы Бисакаева Найля Жайсанқызының мерейтойы 50ж. (1964)
31 қаңтар концертмейстер Яковлева Елена Анатольевнаның мерейтойы 50ж. (1964)
1 ақпан концертмейстер Логашкина Татьяна Георгиевнаның мерейтойы 55ж. (1959)
6 ақпан ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Сания Сапиқызы Джубатырованың мерейтойы 60ж. (1954)
7 ақпан оқытушы, подполковник Бобер Василий Васильевичтің мерейтойы 65ж. (1949)
20 ақпан география ғылымдарының кандидаты Терещенко Татьяна Александровнаның мерейтойы 60ж. (1954)
3 наурыз тарих ғылымдарының докторы Әділбаева Нүрия Әділжанқызының мерейтойы 55ж. (1959)
5 наурыз филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Умарова Гүлнар Сидеғаліқызының мерейтойы 55ж. (1959)
7 наурыз тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлының мерейтойы 50ж. (1964)
19 наурыз ҚР еңбек сіңірген әртісі, К.Байсейітова ат. Республикалық әншілер байқауының лауреаты Жұмағаным Рахимованың мерейтойы 60 ж. (1954)
26 наурыз география ғылымдарының докторы Чибилев Александр Александровичтің мерейтойы 65ж. (1949)
4 сәуір филология ғылымдарының кандидаты Чечетко Маргарита Владимировна мерейтойы 75 ж. (1939)
14 сәуір доцент, экономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Сагинова Балым Кұмарғалиқызының мерейтойы 50ж. (1964)
6 мамыр доцент Қыдырниязова Шолпан Батырқызының мерейтойы 65ж. (1949)
9 мамыр педагогика ғылымдарының кандидаты Жүсіпқалиева Ғалия Қайдарқызының мерейтойы 50ж. (1964)
11 мамыр оқытушы Төлегенова Сауле Өтешқызының мерейтойы 50ж (1964)
13мамыр оқытушы, деканның орынбасары Туреғалиева Светлана Ғаббасқызының мерейтойы 50ж. (1964)
17 шілде концертмейстер Кузнецова Наталья Васильевнаның мерейтойы 50ж. (1964)
22 шілде оқытушы Шунайбекова Кльжиян Миндагалиқызының мерейтойы 50 ж. (1964)
25 шілде оқытушы Жарманов Салық Шахвеевичтің мерейтойы 50ж. (1964)
28 шілде аға оқытушы Камкиева Жаннат Сырымқызының мерейтойы 65ж. (1949)
29 шілде доцент, биология ғылымдарының кандидаты Отаубаева Алма Уахитқызының мерейтойы 50 ж. (1964)
9 тамыз доцент, биология ғылымдарының кандидаты Костарев Александр Сергеевичтің мерейтойы 65 ж. (1949)
9 тамыз оқытушы Барадосова Майра Бариевнаның мерейтойы 60 ж. (1954)
11 тамыз биология ғылымдарының докторы, профессор Фартушина Мария Максимқызының мерейтойы 85 ж. (1929)
5 қыркүйек педагогика ғылымдарының кандидаты Альмуханов Болат Оқасұлының мерейтойы 65ж. (1949)
5 қыркүйек аға оқытушы Жұмағалиев Асхат Хамитұлының мерейтойы 50ж. (1964)
14 қыркүйек аға оқытушы Есеева Гульжапан Бексұлтанқызының мерейтойы 60ж. (1954)
5 қазан педагогика ғылымдарының кандидаты Даупаев Марат Оразалыұлының мерейтойы 50ж (1964)
3 қараша оқытушы Капленко Валентина Петровнаның мерейтойы 60ж. (1954)
19 қараша доцент, экономика ғылымдарының кандидаты Комаров Станислав Дмитриевичтің мерейтойы 75ж. (1939)
12 желтоқсан оқытушы Жұмағалиева Алма Сұлташқызының мерейтойы 50ж. (1964)
13 желтоқсан профессор Кузьмичева Александра Егоровнаның мерейтойы 75 ж.(1939)
24 желтоқсан доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Выдрина Наталья Алексеевнаның мерейтойы 60ж. (1954)
АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ ЖЫЛДЫҢ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ
• Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, педагог Аспандияров Санжар Жафарұлының туғанына 125 жыл (1889).
• Атақты ғалым-астроном Ұлықбектің (Мұхамед Тараған) туғанына 620 жыл (1394).
• Бөкей хандығының басқарушысы, мемлекет қайраткері, қазақтың соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 210 жыл (1804).
• Қазақтың дарынды ақыны, әнші, композитор Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 180 жыл (1834).
• Оралда «әскери қоғамдық бақтың» іргесі қаланғанына (қазіргі С.М.Киров атындағы парк) 175 жыл (1839).
• Верный (қазіргі Алматы) қаласының іргесі қаланғанына 160жыл (1854).
• Қазақстанда тар өсірудің тамаша шебері Шығанақ Берсиевтің туғанына 130 жыл (1884).
• Доцент, география ғылымдарының кандидаты Москалев Георгий Ефремовичтің туғанына 110 ж
• Оралда С.Сейфуллиннің ынтасымен мектеп ашылғанына (қазіргі №11 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат) 90 жыл (1919 ).
• Оралда музыкалық училище ашылғанына (қазіргі Құрманғазы атындағы музыкалық колледж) 70 жыл (1944).
• Оралдағы М.Өтемісов атындағы санаториялық мектебінің ашылғанына 40 жыл (1974) .
• Қарашығанақ мұнай-газ конденсанты кен орнының ашылғанына 35 жыл (1979).
• «Пульс» апталық қалалық газетінің алғашқы нөмірі шыққанына 25 жыл (1989).
• СПИД-пен күрес және алдын алу жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық орталығының ашылғанына 25 жыл (1989).
• Оралда «Омега» құрал жасау зауытының құрылысының басталғанына 45 жыл (1969).
ЕСІМДЕРДІҢ АЛФАВИТТІК КӨРСЕТКІШІ
Абуова А.Г. 32,68
Адильбаева Н.А. 65
Азербаев К. 46
Айманов Ш. 8, 43
Аймауытов Ж. 16,50
Айтхожин М.А 46
Айтхожин М.Ә. 12
Акмурзин С. 50,62
Акышев К. 47
Альмуханов Б.У. 32
Ақмурзин С. 27,63
Ақышев К . 10,46
Амангалиев С.З 47
Аманғалиев С.З. 13
Аманшин Б. 15,49
Асфандияров Ж.С. 33,68
Ахматова А. 29,64
Аубакиров О. 45
Әділбаева Н.А 30
Әзірбаев К. 11
Әубәкіров О. 10
Бактыгереева А. 47,59
Бақтыгереева А. 12,23
Барадосова М.Б. 31,66
Бегалиева М. 9,43
Бельгер Г. 14,23,24
Берсиев Ш. 33,68
Бисакаева Н.Ж. 30,66
Бобер В.В. 30,66
Вознякевич А.К. 15, 68
Выдрина Н.А 32,67
Гагарин Ю. 29,64
Галымов А. 52
Гайдар А.П. 29,64
Галимов А. 50
Ғалымов Ә. 15
Гоголь Н.В. 29,65
Даупаев М.О 31,68
Джубатырова С.С 30,65
Егизбаев Р.С. 47
Егізбаев Р.С. 13
Елебеков Ж. 12,46
Елеукенов Ш. 13, 47
Ерубаев С. 8,42
Есеева Г.Б. 67
Жакупов К.К. 48
Жақыпов Қ.Қ. 13
Жансугуров И. 45
Жансүгіров І. 10
Жиенбаев С. 10,45
Жубанов К. 33,50
Жарманова С.Ш. 66
Жумагалиев А.Х. 32,66
Жунусов С.Н. 42
Жусупов М. 42
Жусыпкалиева Г.К. 66
Жүсіпқалиева Ғ.Қ 31
Жүнісов С.Н. 8
Жүсіпов М. 7
Жұбанов Қ. 16
Игельманов С. 41
Игильманов С. 7
Исмаилова Г. 15,50
Исаев О.Ж. 15,50
Кажикенова К. 47
Калиев И.А. 42
Камкеева Ж.С. 66
Кастеев А 41
Карменов Ж. 45
Кәрменов Ж. 9
Кекілбаев Ә 15
Кожагулов Б. 68
Комаров С.Д. 68
Капленко В.П. 32,68
Коптлеуов А. 48
Костарев А.С. 31,68
Кошкарбаев Р. 50
Көптілеуов Ә. 13
Крылов И.А. 29,64
Кузьмичева А.Е 32,68
Курмангалиев Г. 41,51
Кылышев Л. 43
Қалиев И.Ә. 7,42
Қастеев Ә. 7
Қажыкенова Қ. 12
Қожағұлұлы Б. 33
Қошқарбаев Р. 14
Құрманғалиев Ғ. 7,17
Қыдырнизова Ш. 10,31, 45
Қылышев Л. 9
Лермонтов М.Ю. 29,65
Ли Т.В. 14,52
Логашкина Т.Г. 30,65
Майканова С. 44
Майқанова С. 7
Майлин Б. 15,49
Мамеджанов С. 49
Маргулан А. 47,56
Марғұлан Ә. 10,21
Менделеев Д.И. 29,64
Москалев Г.Е. 33,68
Мусабаев Т. 46
Мухамеджанов С. 47
Муштанова Д. 46
Мұқтар Ә. Қ 29
Мұсабаев Т. 11
Мұхамеджанов С. 13
Мұштанова Д. 8
Низамов Г.Г. 12,47
Нурмагамбетов С. 45
Нурпеисов А. 49
Нұрмағамбетов С. 11
Нұрпейісов Ә. 14
Окуджава Б. 29,65
Онгарсынова Ф. 29,60
Оңғарсынова Ф 15,25
Өмірзақова Ә. 8
Пальгова В.В. 30,65
Пересветов Н.Н 14,48
Пушкин А.С. 29,65
Рахимова Ж. 30,65
Сагатов М. 41
Сагинова Б.К 31,66
Сағатов М. 7
Салгараулы К. 44
Салғараұлы Қ. 9
Сатбаев К. 46,53
Сәтбаев Қ. 9,19
Сейфуллин С. 14,33,48,70
Смаханұлы Ш. 14,50
Сокпакбаев Б. 49
Соқпақбаев Б. 14
Сыздыкова Г. 47
Сыздықова Г. 12
Тажибаев А. 42,52
Тәжібаев Ә. 8,18
Терещенко Т.В 30,65
Толегенова С. 66
Төлегенова Б. 16
Төлегенова С. 31
Тулегенова Б. 50
Турегалиева С.Г. 66
Турысов К 42
Тұрысов Қ. 8
Тынышбаев М. 10,45
Умарова Г.С. 30,65
Умирзакова А. 43
Урунова Р.Д. 8,42
Утабаева А.У. 66
Фартушина М.М. 31,68
Чечетко М.В. 30,66
Чибилев А.А. 30,65
Шамакова Н.Ғ. 30,65
Шахин А. 16,50
Шаяхметова Ж.Б. 32,68
Шевченко Т. 29,65
Шекспир У. 29,65
Шуйиншалиев А.Т. 44
Шунайбекова К.М. 66
Шүйіншәлиев Ә.Т. 9
Шукшин В.М. 29,65
Шығанак Б. 33
Шынтемирова Б.Г. 12,46
Эйнштейн А. 9,44
Яковлева Е.А. 30,65
Мазмұны
Алғы сөз _________________________________2
Қазақстан Республикасының мерекелік күндері мен атаулы даталар күнтізбегі ______________3
2014 жылғы Қазақстанда (БҚО бойынша) аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі ____________4-13
Атаулы күндердің қысқаша анықтамасы мен әдебиеттер тізімі ________________14-23
Ресей Федерациясында аталып өтетін күндер___________24
М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушыларының мерейтойлық күндері__________________________________________25-26
Айы мен күні белгісіз жылдың атаулы күндері ________________________27
Есімдердің алфавиттік көрсеткіші __________________28
Мазмұны ________________________________________31