Новости

📔Кітап дейтін құндылықтың мекені-
Белгілі ғой - Кітапхана екені.
24-ші қазанда Ұлы Елімде,
Кітапханашы Күні аталып өтеді.

📕Кітапханашы Күні - бүгін мерейлі,
Кітапханашы - ізгі жан ғой кең ойлы.
Кітапханада кітап оқу арқылы,
Талай жанның ой-өрісі кеңейді.

📗Оқырманға айқара ашып есігін,
Кітапхана тербер ғылым бесігін.
Кітапхана - баспанасы ежелден,
Адамзаттың кітап дейтін досының.

📘Оқырманын білім беріп баптайтын,
Кітаптың да мың қыры бар мақтайтын.
Кітаптарды сан ғұлама қалдырған,
Кітапхана сөресі ғой сақтайтын.

📙Оқырманға берер бәрін деректің,
Кітапхана аурасы да ерек тым.
Бүгін барлық кітапханашы жандарға,
Құтты болсын Мерекеңіз демекпін.

📚Кітапқа ден қойып елдің көбісі-
Оқырманға толсын мынау Ел іші.
Жетелейтін бізді білім шыңына-
Жасай берсін Кітапхана желісі!

@Абдрахман Белғожаев