• Qaz
  • Rus
  • Eng

2011 жылғы атаулы күндер тізбегі

Құрастырушылар: Т.Е.Алимбекерова -ғылыми кітапхана директорының орынбасары,
Н.А.Ермекқалиева - ақпараттық - библиография бөлімінің меңгерушісі.
Жауапты редакторы Г.З. Таушева - М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының директоры

Құрастырушыдан

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Әдебиеттерді насихаттауда және өлкеміздегі көрнекті окиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Көрсеткіште негізінен Батыс Қазақстан өңірінен шыққан, осы өңірде еңбек етіп, өмір сүрген атақты адамдардың мерейтойлары енгізілген. Сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың, қала, аудан, ауылдарға байланысты айтулы даталар берілген.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдар тізімдері мен Қазақстан Республикасының аумағында аталып өтілетін ресми, кәсіби мейрамдармен қатар дүниежүзілік көлемде аталып өтілетін айтулы күндер, әр түрлі мамандыққа байланысты мейрамдар тізімі берілген. Көрсеткіштің екінші бөлімінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 2011 жылы аталып өтілетін еске алынатын даталар тізімі, үшінші бөлімде айы мен күні белгісіз 2011 жылы еске алынатын күндер тізбегі көрсетіледі. Ал соңғы бөлімде облысымыздың тарихы мен мәдениетіндегі, экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі көрнекі даталарға, қайраткерлердің мерейтойлық даталарының кейбіреулеріне қысқаша мәлімет жазылып, әдебиеттер тізімі берілген. Қысқаша мәлімет берілген даталар алғашқы бөлімде ерекше белгімен (*) көрсетілген.
Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМДАРЫ

1-2 қаңтар        Жаңа жыл
8 наурыз           Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз         Наурыз мейрамы
1 мамыр            Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр            Жеңіс күні
30 тамыз            ҚР Конституциясы күні
16 желтоқсан    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР

НАУРЫЗ

1   наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
23 наурыз - Дүниежүзілік метеорология күні
24 наурыз - Туберкулез ауруына дүниежүзілік күрес күні
27 наурыз - Халықаралық театр күні
30 наурыз - Жерді қорғау күні

СӘУІР

1  сәуір - Күлкі күні
1  сәуір - Құстар күні
2  сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні
7  сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
11 сәуір- Фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат етудің халықаралық күні
12 сәуір - Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні
18 сәуір - Тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күні
23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
24 сәуір - Халықаралық жастар ынтымағы күні
26 сәуір - Халықаралық санаткерлік меншік күні
29 сәуір – Халықаралық би күні
30 сәуір - Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні

МАМЫР

3  мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні
5  мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
7  мамыр - Радио күні
7  мамыр - Отан қорғаушылар күні
7   мамыр -  Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні
12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні
21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні
31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні

МАУСЫМ

1  маусым -  Халықаралық балаларды қорғау күні
4  маусым -  ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
5  маусым -  Дүниежүзілік тіршілік өрісін сақтау күні
17 маусым - Дүниежүзілік қуаңшылық және шөлейттенуге қарсы күрес күні
20 маусым - Дүниежүзілік босқындар күні
23 маусым - Халықаралық Олимпия күні
26 маусым - Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні
26 маусым - Баспасөз күні
27 маусым - Дүниежүзілік балықшылық күні
28 маусым - Баспасөз күні

ШІЛДЕ

1 шілде -   Дүниежүзілік сәулет күні
6 шілде -   Астана күні

ТАМЫЗ

6 тамыз -   Ядролық каруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні
12 тамыз - Халықаралық жастар күні
13 тамыз - Спорт күні
14 тамыз - Құрылысшылар күні

ҚЫРКҮЙЕК

1  қыркүйек - Білім күні
8  қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні
8  қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні
16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні
30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні

ҚАЗАН

1  қазан - Халықаралық қарттар күні
3  қазан - Халықаралық музыка күні
5  қазан - Халықаралық дәрігерлер күні
5  қазан - Мұғалімдер күні
9  қазан - Дүниежүзілік пошта күні
14 қазан - Халықаралық стандарттау күні
18 қазан - Рухани келісім күні
22 қазан - Бүкіл дүниежүзілік ақпараттар тарату күні
24 қазан - Халықаралық БҰҰ күні

ҚАРАША

9  қараша - Дүниежүзілік сапа күні
10 қараша- Дүниежүзілік жастар күні
13 қараша - Халықаралық зағиптар күні
14 қараша - Дүниежүзілік диабетке (сусамыр) қарсы күрес күні
15 қараша - Ұлттық валюта- теңге күні
17 қараша - Халықаралық студенттер күні
19 қараша - Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күні
26 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні

ЖЕЛТОҚСАН

1  желтоқсан - СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
3  желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні
10 желтоқсан - Адам құқықтары күні
17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні


2011 жылы атап өтілетін және еске алынатын айтулы күндер тізбегі

ҚАҢТАР

1 қаңтар-Халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл (1861-1955) Жаңақала ауданы.

1 қаңтар-Қазақ композиторы Қапан Мусиннің туғанына 90 жыл (1921-1970)* Жәнібек ауданы.

5 қаңтар – жазушы, Қазақстанның Мемлекеттің сыйлығының лауреаты, Қайым Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл (1916).

7 қаңтар - ІІІ мәрте Жоғарғы Кеңестің депутаты, қоғам қайраткері Уалиев Бақтығалидың туғанына 100 жыл (1911-1989)

7 қаңтар - Кеңес-ауған соғысына қатысқан Майданов Қайырболат Сайынұлының туғанына 55 жыл (1956-2000) Сырым ауданы.

11  қаңтар - Орыс химигі, 1847 жылы Бөкей хандығын зерттеген профессор Клаус Карл Карловичтің туғанына 215 жыл (1796-1864)

14 қаңтар - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрғалиева Ағила Мұстахимқызының туғанына 60 жыл (1951)

15 қаңтар - Татар композиторы Назиб Жигановтың туғанына 100 жыл (1911-1988) Орал қаласы

15 қаңтар - Қоғам қайраткері Артығалиев Шолақтың туғанына 100 жыл (1911-1990) Сырым ауданы.

25 қаңтар - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан филормониясының құрылғанына 45 жыл (1966)

Қаңтар- Бөкей ордасының картасын түсірген зерттеуші, Г.С. Карелиннің туғанына 210 жыл

АҚПАН

1 ақпан - физика-математика ғылымдарының кандидаты Тлеуғалиев Серік Хамзаұлының туғанына 65 жыл (1946)

9 ақпан - Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты қазақтың аса көрнекті, ақын М. Мақатаевтың туғанына 80 жыл (1931-1976).

15 ақпан – экономика ғылымдарының кандидаты Сүлейменова Гүлнар  Науханқызының туғанына 50 жыл (1961)

18 ақпан - Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 65 жыл (1946-2004)

19  ақпан – Кіші Жүздің Ресейге қосылғанына 280 жыл (1731)

19 ақпан - Ғалым, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың туғанына 90 жыл (1921)

22 ақпан - Жаңақалада Д. Нұрпейісова атындағы өнертану музейінің ашылғанына 20 жыл (1991)

24 ақпан - Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхиннің туғанына 90 жыл (1921-1989)

25 ақпан – Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меруерт Қаратайқызы Өтекешованың туғанына 60 жыл (1951) Орал қаласы.

27 ақпан - Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 10 жыл (2001)

28 ақпан – Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 165 жыл (1846-1945)

28 ақпан - Әскери қайраткер, генерал-майор, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаевтің туғанына 110 жыл (1901 -1988) Бөкей орда ауданы.

НАУРЫЗ

1 наурыз - Әуесқой композитор, күйші Ығылманов Рахымның туғанына 90 жыл (1921 -1995) Шыңғырлау ауданы.

1 наурыз - Мәдениет қайраткері, шаруашылық  басшысы  Айташ Жұбанғалиевтің туғанына 105 жыл (1906-1990) Жәнібек ауданы.

5 наурыз - Әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Бөкеұлы Садықовтың туғанына 85 жыл (1926-1994) Казталов ауданы.

14 наурыз - Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Константин Арутюнович Акопянның туғанына 110 жыл (1901-1974)

16 наурыз - Батыс Қазақстанда «Қазақстан» газетінің алғашқы номерінің шыққанына 100 жыл (1911-1913)

17 наурыз - Кеңес Одағының Батыры Алексей Аврамовнч Стрижаченконың туғанына 100 жыл (1911) Теректі ауданы.

21 наурыз - Мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиевтің туғанына 125 жыл (1886-1936) Теректі ауданы.

25 наурыз - Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұханбетжанова Әлия Мендешқызының туғанына 60 жыл (1951)

26 наурыз - Өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Евгений Иванович Коротиннің туғанына 85 жыл (1926) Орал қаласы.

30 наурыз - Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ЬІқсанов Мұстахым Біләлұлының туғанына 85 жыл (1926—1991)* Жәнібек ауданы.

31 наурыз - Азамат соғысының батыры Е.П.Почиталиннің туғанына 130 жыл (1921-1943)

Наурыз - баспа қызметкерлерінің бейресми кәсіподағының жұмыс жасай бастағанынына 105 жыл (1906)                                                                                                                                                                                                                                                                                  

СӘУІР

1 сәуір – Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 50 жыл (1961)

6 сәуір - Кеңес Одағының Батыры Г.Г. Рамаевтың туғанына 90 жыл (1921-1943) Орал қаласы.

10 сәуір - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Хұбайдолла Хамзаұлы Хасановтың туғанына 65 жыл (1946) Зеленов ауданы.

12 сәуір - Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағалиев Задан Тасқалиұлының туғанына 75 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

12 сәуір - Орал қаласындағы бастауыш кәсіптік білім беретін №4 кәсіптік-техникалық мектебінің ашылғанына 55 жыл (1956)

16 сәуір - Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Ахмет Ниязовтың туғанына 120 жыл (1891-1943) Казталов ауданы.

18 сәуір - Ғалым-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Кәрімов Мұрат Әбілқайұлының туғанына 80 жыл (1931) Сырым ауданы.

23 сәуір - Орал қаласында жерленген Белорус ақыны Змитрок Бедуляның туғанына 125 жыл (1886-1941)

24 сәуір - «Хаймат» неміс диаспорасының» мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл (1991)*

26 сәуір – татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 125 жыл (1886-1913)

29 сәуір – Педагог, фольклорист, музыка танушы, қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 105 жыл (1906-1968)

31 сәуір - Орал қаласында солдаттар аналарының комитеті құрылғанына 20 жыл (1991)

Сәуір - Исатай Тайманов бастаған қазақ шаруалар көтерілісіне 175 жыл

МАМЫР

1 мамыр - Қазақтың алғашқы фото-кино журналистерінің бірі, КСРО Журналистер, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсенғалиев Рысқалидың туғанына 95 жыл (1916) Ақжайық ауданы

5 мамыр - Мемлекеттік қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген–экономисі Жаданов Сә6ит Қайырұлының туғанына 80 жыл (1931) Жаңақала ауданы

6 мамыр - Қазақ халқының қол өнерінің шебері Бекмұхамедова Хадиша Жарасқызының туғанына 115 жыл (1891-1978) Бөкей орда ауданы.

6 мамыр - әуесқой композитор, Шалабаев Болат Ыбырайұлының туғанына 75 жыл (1936) Шыңғырлау ауданы.

13 мамыр - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сейтімов Айбар Ғалымұлының туғанына 50 жыл (1961).

15 мамыр - ақын және драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туғанына 85 жыл (1926-1994)

15 мамыр - Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді дәрігерлерінің бірі Есенғұлов Ғұмар Қожақметұлының туғанына 125 жыл (1886-1930) БҚО

18 мамыр – Қазақ ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменовтың туғанына 75 жыл (1936)

20 мамыр - Қобызшы, еңбек ардагері, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері Роза Құспанованың туғанына 75 жыл (1936) Казталов ауданы.

24 мамыр- Композитор, педагог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, алғашқы кәсіпқой қазақ пианисі Нағим Меңдіғалиевтің туғанына 90 жыл (1921) Жаңақала ауданы.

25 мамыр - Күйші, қазақ халқының композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 150 жыл (1861-1930)* Бөкей орда ауданы.

25 мамыр - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жоғарғы мектеп қызметкері Ермұханов Бейімбет Бәбектіұлының туғанына 75 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

МАУСЫМ

14 маусым - Ғалым, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шомбалов Тайыр Көкешұлының туғанына 105 жыл (1906) Казталов ауданы.

14 маусым - Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сырым Жәлел Сырымұлының туғанына 65 жыл (1946)

16 маусым - Биология ғылымдарының кандидаты, биоэколог, доцент Байдулова Людмила Александрқызының туғанына 65 жыл (1946)

20 маусым - Суретші-қолөнерші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қожанбаев Табиғат Төлемісұлының туғанына 45 жыл (1966) Казталов ауданы.

22 маусым - Ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтың туғанына 75 жыл (1936-1996)*

25 маусым – Биология ғылымдарының кандидаты, профессор Петренко Анатолий Захарұлының туғанына 75 жыл (1936 -2010)

26 маусым - Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Әлжанова Бағдагүл Сақтанқызының туғанына 50 жыл (1961)

27 маусым – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қожабергенова Қамида Иқсанқызының туғанына 65 жыл (1946)

Маусым - Ет комбинатының ашылғанына 95 жыл (1916)

ШІЛДЕ

16 шілде - композитор, педагог, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Л. А. Хамидидің туғанына 105 жыл (1906-1983)

22 шілде-Мүсінші Баймұқашев Юрий Дүйсенғалиұлының туғанына 70 жыл (1941) Зеленов ауданы.

25 шілде - Әскери қайраткер, генерал-майор Жоламанов  Нұрлан Айтманұлының туғанына 55 жыл (1956)

27 шілде – Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмашев Бақыт Құттыжылұлының туғанына 75 жыл (1936)

30 шілде - Орал қаласында ауыл шаруашылығы мектебінің ашылғанына 20 жыл (1991)

Шілде – Батыс Қазақстан облыстық филармонияға Ғ.Құрманғалиев есімі берілгеніне 15 жыл

ТАМЫЗ

2 тамыз - Халық композиторы Мұхит Мерәліұлының туғанына 170 жыл (1841-1918)* Қаратөбе ауданы.

7 тамыз - Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Шарабасов Серікқали Ғабдешұлының туғанына 65 жыл (1946)

8 тамыз – Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Искакова Балым Ғаббасқызының туғанына 55 жыл (1956)

12 тамыз - Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің басталғанына 175 жыл (1836-1838)

22 тамыз - Ғалым, медицина ғылымының докторы Ахметқалиев Саламат Ғұмарұлының туғанына 75 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

25 тамыз - Ақын Марфуға Айтхожинаның туғанына 75 жыл (1936).

ҚЫРКҮЙЕК

5 қыркүйек - Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының туғанына 60 жыл (1951)

5 қыркүйек - Мемлекет және қоғам қайраткері, дииломат Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлының туғанына 70 жыл (1941)

6 қыркүйек - Күйші, композитор Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 60 жыл (1951)* Бөкей орда ауданы.

7 қыркүйек- Еңбек ардагері, КСРО-на еңбек сіңірген халықтық бақылау қызметкері Кәкен Көбейсіновтің туғанына 80 жыл (1931) Бөкей орда ауданы.

12 қыркүйек - Белгілі журналист Сергей Павлович Кульпиннің туғанына 60 жыл (1951)

15 қыркүйек - алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашорда қайраткері Қашқынбаев Иса Таумышұлының туғанына 120 жыл (1891-ө.ж.б.) Ақжайық ауданы. 

15 қыркүйек - Ғалым, ВАСХНИЛ- дің  және Қазақстан ҒА- ның академигі, биология ғылымының докторы, профессор Фазыл Мұқамбетқалиевтің туғанына 100 жыл (1911 -1989).

20 қыркүйек - Журналист, қоғам қайраткері Максим Темірболатұлы Сәрсеновтың туғанына 75 жыл (1936).

22 қыркүйек - Зерттеуші П.С. Палластың туғанына 270 жыл (1741 -1811).

28 қыркүйек – Педагогика ғылымдарының кандидаты Даришева Түймеш Малбағарқызының туғанына 50 жыл (1961)

29 қыркүйек- Ғалым, философия ғылымдарының докторы Марат Шамұратұлы Хасановтың туғанына 70 жыл (1941).

Қыркүйек - Орал қаласында алғашқы орыс-қазақ бастауыш мектептерінің ашыла бастағанына 150 жыл (1961).

ҚАЗАН

2  қазан- Айтыскер ақын Баймұқанова Ботагөздің туғанына 55 жыл (1956)

10 қазан - Ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы Бияшев Ғақаш Зәкиұлының туғанына 105 жыл (1906-1987) Жәнібек ауданы.

12 қазан - Мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері X. Чуриннің туғанына 110 жыл (1901-1979) Бөкейорда ауданы.

10 қазан – Қазақ ақыны Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына 100 жыл (1911-1955).

13 қазан - Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлының туғанына 45 жыл (1966-2000)* Сырым ауданы.

13 қазан - Еңбек ардагері, жергілікті басшылық қызметтерде болған Ғазез Усағалиұлы Хаймолдиннің туғанына 75 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

14 қазан - Ақын Хамит Ерғалиевтің туғанына 95 жыл (1916-1997)

15 қазан - Социалистік Еңбек Ері Дауымов Ерғалидың туғанына 100 жыл (1911-1997) Сырым ауданы.

15 қазан - Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтың туғанына 75 жыл (1936).

18 қазан - Алғашқы кәсіподақ конференциясының өткеніне 90 жыл (1921).

19 қазан - Суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ерғалиев Ахметтің туғанына 60 жыл (1951).

ҚАРАША

1 қараша - Композитор Базарбай Жұманиязовтың туғанына 75 жыл (1936) Бөкейорда ауданы.

1 қараша - Агроном, Социалистік Еңбек Ері, тыңгер Вардан Шноркович Чамчиянның туғанына 95 жыл (1916-2005)

1 қараша – Орал медициналық колледжінің ашылғанына 95 жыл (1916).

2 қараша - Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Құрашев Амангелді Ғалымжанұлының туғанына 65 жыл (1946-1997) Қаратөбе ауданы.

2 қараша – Қазақ халқының аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушы, жаңашыл педагог, этнограф, публицист, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл (1841-1889).

5 қараша – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Мереке Ғұсманұлының туғанына 75 жыл (1936).

5 қараша - Өлкетанушы ғалым, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Тоқтағанов Айтжан Есенұлының туғанына 65 жыл (1946) Жәнібек ауданы.

5 қараша - Актер, театр қызметкері Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Владимир Яковлевич Поповтың туғанына 75 жыл (1936) Ақжайық ауданы.

6 қараша - Облыстық Ж. Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ашылғанына 140 жыл (1871)

7 қараша - Орыс жазушысы, 25-ші Чапаев дивизиясының комиссары Дмитрий Андреевич Фурмановтың туғанына 120 жыл (1891-1926)

10 қараша - Орыс жазушысы, этнограф В.И.Дальдің туғанына 210 жыл (1801)

14 қараша - Педагог-музыкант, ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» Жәкеев Сапиолла Молдағалиұлының туғанына 80 жыл (1931) Теректі ауданы.

16 қараша – Тарих ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 80 жыл (1931-2002)

16 қараша - Қостанай ауданы, Қобыланды селосында туған қазақ поэтессасы Мариям Хакімжанованың туғанына 105 жыл (1906-1995).

22 қараша - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Вячеслав Вячеславович Рушковскийдің туғанына 70 жыл (1941) БҚО

23 қараша - Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жигалин Николай Сергейұлының туғанына 70 жыл (1941)

23 қараша- Жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Жәрдем Тілековтің туғанына 100 жыл (1911-1980) Сырым ауданы.

26 қараша - Өлкетанушы, ғалым, филология ғылымның кандидаты, доцент Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының туғанына 55 жыл (1956)*

Қараша - Орал қаласында табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 45 жыл (1966)

ЖЕЛТОҚСАН

7 желтоқсан - Ғалым, қазақ тілінің тұңғыш профессоры Басымов Қажым Аманғалиұлының туғанына 115 жыл (1896-1939) Казталов ауданы.

12 желтоқсан - Қазақтың халық композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 205 жыл (1806-1879) Бөкей орда ауданы.

13 желтоқсан - Ақын Жанғали Набиуллиннің туғанына 75 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

15 желтоқсан - Ғалым-математик, профессор Хасен Ибрашевтің туғанына 95 жыл (1916-1978) Казталов ауданы.

22 желтоқсан – Техника ғылымдардарының кандидаты Өтегенов Исатай  Өтегенұлының туғанына 60 жас (1951)

25 желтоқсан - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың туғанына 70 жыл (1941)

27 желтоқсан - Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Фатиха Жұмағалиеваның туғанына 95 жыл (1916-1993) Жәнібек ауданы.

30 желтоқсан - Журналист, Қазақ КСР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер Сағат Жұмағазиевтің туғанына 100 жыл (1911) Жаңақала ауданы.

30 желтоқсан - «Қарашығанақ» еңбек ұжымының апталық газеті «Панорама Карачаганака» газетінің шыға бастағанына 20 жыл (1991)

Желтоқсан - «Қазақлакрица» заводының ашылғанына 115 жыл (1896)

Желтоқсан - «Азат» азаматтық-саяси қозғалысының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі құрылғанына 20 жыл (1991)

Желтоқсан - Чапаев дивизиясының кавалерия полкінің командирі П.А.Суровтың туғанына 120 жыл (1891-1931)



Айы мен күні белгісіз 2011 жылы еске алынатын күндер

Казақ батыры, қолбасшысы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының туғанына 435 жыл (1576-1656)

Үмбетей жыраудың туғанына 305 жыл (1706-1778)

Михайло - Архангел соборы салынғанына 270 жыл (1741)

Зерттеуші Н.П. Рычковтың туғанына 265 жыл (1746)

Кіші жүзден шыққан би, шешен Сары би Шоңғараұлының туғанына 250 жыл (1761-1838)

Ұлттық батыр, 1836-1838 жылдардағы Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 220 жыл (1791-1838) Бөкей орда ауданы.

Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 210 жыл (1801-1845) Бөкей орда ауданы.

Бөкей хандығының құрылғанына 210 жыл (1801).

Ақын, Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс  жаршысы Шынияз Жұбатұлының туғанына 195 жыл (1816-1889).

Генерал-майор. Кіші жүздің Орта бөлімінің билеуші сұлтаны Баймағамбетов Мұхаметжанның туғанына 195 жыл (1816-1896).

Жайық пен Еділ өзендерінің аралығындағы кеңістікте Бөкей хандығының еркін көшіп қонуына рұқсат еткен Александр I бұйрық хатына қол қойғанына 190 жыл (1821)

Бөкей орда ауданы, Орда ауылының іргегасы қаланғанына 185 жыл (1926).

Бөкей ордасы, Жәңгір хан салдырған хан ставкасының құрылғанына 185 жыл (1926).

Композитор Әлікей Бесәліұлының туғанына 180 жыл (1831-1915).

Орыс жазушысы, публицист, этнограф Сергей Васильевич Максимовтың туғанына 180 жыл (1831-1901)

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістегі ірі әрі соңғы шешуші шайқас Ақбұлақ соғысына 175 жыл (1836-1838)

Жыршы ақын Марабай Құлжабайұлының туғанына 170 жыл (1841-1898) Теректі ауданы.

Орда екі сыныптық училищенің ашылғанына 170 жыл (1841).

Жәңгір ханның ұйымдастыруымен Бөкей жоғары - бастауыш училищесінің құрылғанына 170 жыл (1841)

Саяси қайраткер, өлкетанушы, ихтиолог - профессор Бородин Николай Андреевичтің туғанына 150 жыл (1861 -1934) Орал қаласы.

Тарихшы, өлкетанушы, публицист, ақын Ахилл Бонифантьевич Карповтың туғанына 145 жыл (1866-1911).

Қазақ халқының ғалымы және қоғам қайраткері, публицист, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 145 жыл (1866-1937).

Орал қаласында мемлекеттік банктің бөлімшесінің ашылғанына 135 жыл (1876).

Социалистік Еңбек Ері Мырзағали Қалисановтың туғанына 135 жыл (1876-ө.ж.б.) Бөкей орда ауданы.

Ақын, публицист, ұстаз, діни қайраткер Ғұмар (Омар) Қарашевтің туғанына 135 жыл (1876-1921).

Батыс Қазақстан өңірін, тарихын, мәдениеті мен этнографиясын зерттеген этнограф, фольклортанушы А. Е. Алекторовтың туғанына 130 жыл (1881-1918).

Социалистік Еңбек Ері Баламұратов Қайыпқалидың туғанына 130 жыл (1881-ө.ж.б.) Бөкей орда ауданы.

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Алипов Сұңғаттың туғанына 125 жыл (1886-1953) Казталов ауданы.

Мемлекет кайраткері Берғалиев Ыдырыстың туғанына 125 жыл (1886-1927) Бөкей орда ауданы.

Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген мал шаруашылығының қызметкері Әбіл Мендібаевтің туғанына 125 жыл (1886-1973) Жаңақала ауданы.

Белгілі орыс әншісі, артист Ф.И. Шаляпиннің Орал қаласында болып, өнер көрсеткеніне 120 жыл (1891)

Социалистік Еңбек Ері X. Әбдірахмановтың туғанына 115 жыл (1896-1980) Жалпақтал ауылы, Казталов ауданы.

Азамат соғысының батыры И.М. Плясунковтың туғанына 115 жыл (1896-1921)

«Бөкей ордасының мектеп альбомы» кітапшасының шыққанына 115 жыл (1896)

Мемлекет қайраткері, күйші Бөкейханов Ғайдол-Хакімнің туғанына 115 жыл (1896-1938) Бөкей орда ауданы.

Оралдағы коммерциялық банк ғимаратының іргесі қаланғанына 115 жыл (1896)

Социалистік Еңбек Ері Ермішев Орынғалидың туғанына 115 жыл (1896-1962) Бөкей орда ауданы.

Педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген  мұғалімі,  шежіреші Иманбай Жұмағазиевтің туғанына 115 жыл (1896-1969) Казталов ауданы.

Мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ізмұқан Құрамысовтың туғанына 115 жыл (1896-1938)

Карев үйінің салынғанына 110 жыл (1901)

Азамат соғысының батыры Х.Ищановтың туғанына 110 жыл

Кеңес Одағының Батыры Ф.Г. Волковтың туғанына 110 жыл (1901-1946) Бөрлі ауданы.

Социалистік Еңбек Ері Ақсыйықов Есекеннің туғанына 110 жыл (1901) Жаңақала ауданы.

Социалистік Еңбек Ері Мерғалиев Шақайдың туғанына 110 жыл (1901 -ө.ж.б.) Жаңақала ауданы.

Шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері Мирманов Мұхтардың туғанына 110 жыл (1901 -1976) Жаңақала ауданы.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану мұражайының құрылғанына 105 жыл (1906)*

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Анатолий Маркович Скоробогатовтың туғанына 105 жыл (1906-1944) Тасқала ауданы.

Ғалым, филология ғылымының кандидаты Бейісов Темірдің туғанына 100 жыл (1911 -1955) Жаңақала ауданы

Жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Леонид Владимирович Макеевтің туғанына 100 жыл (1911-1993)

«Қазақстан» газетінің шыққанына 100 жыл (1911-1913)

Қоғам қайраткері Қазақстанның алғашқы мәдениет министрі Байғалиев Қайырғалидің туғанына 95 жыл (1916-1962) Шыңғырлау ауданы.

Ұлы Отан соғысының ардагері, әскери қызметкер, генерал-майор   Ғазизов Сафаның туғанына 95 жыл (1916) Сырым ауданы.

Маман-экономист Ұлы Отан соғысының ардагері Бірімжанов Әзекен Кәрімұлының туғанына 90 жыл (1921)

Спортшы, шахматтан  үш дүркін республика чемпионы  Шәмшиден Мырзағалиевтің туғанына 90 жыл (1921 -1943) Бөкей орда ауданы.

Социалистік Еңбек Ері Ғилманов Қалештің туғанына 90 жыл (1921) Бөкей орда ауданы.

Қоғам қайраткері, еңбек ардагері Қайырғали Молдашевтің туғанына 90 жыл (1921-1997) Бөкей орда ауданы.

«Еңбекші қазақ» газетінің шыққанына 90 жыл (1921)

Орал қаласында автокөлік өндірістік бірлестігінің құрылғанына 90 жыл (1921)

Орал қаласында почтамп мекемесінің жұмыс жасай бастағанына 90 жыл (1921)

Казталов ауданының әкімшілік округ орталығы болып құрылғанына 80 жыл (1926)

Күйші, композитор Лұқпанов Сұлтанғали Қадырғалиұлының - туғанына 80 жыл (1926) Жаңақала ауданы.

Әуесқой композитор, актер Қанатқали Рахметовтің туғанына 80 жыл (1926) Сырым ауданы.

Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Тайман Мұсағалиұлы Телеуғалиевтің 80 жыл (1931) Тасқала ауданы.

Социалистік Еңбек Ері Иван Сергеевич Крутковтың туғанына 80 жыл (1931) Зеленов ауданы.

«Береке» ААҚ-ның «Союз-молоко» тресі болып құрылғанына 80 жыл (1931)

Қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ахметов Сатыпалды Ыбырайұлының туғанына 75 жыл (1936) Казталов ауданы.

Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Браун Эдуард Эдуардовичтің туғанына 75 жыл (1936)

Жазушы Блинский Анатолий Даниловичтің туғанына 75 жыл (1936) Орал қаласы

Ғалым-маман, геология-минерология ғылымдарының докторы Құрманғалиев Роберт Мұсановичтің туғанына 75 жыл (1936) Орал қаласы

Ақсай қаласының іргетасы қаланғанына 75 жыл (1936)

Орал авиаспорт клубының құрылғанына 75 жыл (1936)

«Ивушка»-туберкулез кеселіне шалдыққан балаларды емдеуге арналған санаторийдің ашылғанына 75 жыл (1936)

Жәнібек ауданының кітапханасының ашылғанына 75 жыл (1936)

Азамат соғысының батыры В.И. Чапаевтың құрметіне Чапаев ауылында Чапаев Мемориалдық мұражайының ашылғанына 70 жыл (1941)

Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профсссор Дамир Дәулетқалиұлы Мұхамбетовтың туғанына 70 жыл (1941) Жәнібек ауданы.

Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Жасқайрат Сүндетовтың туғанына 70 жыл (1941) Жаңақала ауданы.

Айтыскер ақын, әнші Кенжеғали Балабасовтың туғанына 70 жыл (1941) Бөкей орда ауданы.

Орал «Зенит» зауыты ААҚ-ның құрылғанына 70 жыл (1941)

Тарихшы В.Ф. Шахматовтың «Бөкей ордасы және Исатай Тайманұлының көтерілісі» атты монографиясының жарық көргеніне 65 жыл (1946)

Композитор Сейітқали Қайырғалиевтің туғанына 65 жыл (1946-1992) Ақжайық ауданы

Ғалым, медицина ғылымының докторы Досаханов Алихан Хамзаұлының туғанына 65 жыл (1946) Казталов ауданы.

Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, актриса Есенғұлова Шаһарбану Әшімханқызының туғанына 65 жыл (1946)

Әуесқой композитор, әнші Әлесов Хабиболла Мақсотұлының туғанына 60 жыл (1951) Бөкей орда ауданы.

Әнші, термеші, жырау Көшерғали Макаровтың туғанына 60 жыл (1951)

Орал қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылғанына 55 жыл (1956)

Суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Валерий Иванович Шапошниковтың туғанына 50 жыл (1961)

А. Иманов атындағы №12 кәсіптік лицейінің ашылғанына 40 жыл (1971)

Орал қаласындағы №3 кәсіптік-техникалық мектебінің ашылғанына 35 жыл (1976)

Орал қаласындағы облыстық ғылыми-техникалық кітапханасының ашылғанына 35 жыл (1976)

ІІІығыс Гремякин мұнай-газ конденсат кен орнының  ашылғанына 35 жыл (1976)

Орал қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің АХАЖ (ЗАГС) құрылғанына 90 жыл (1921)

Орал қаласыңдағы қалалық туристер клубының ашылғанына 30 жыл (1981)

Шыңғыс мұнай кен орнының (Қаратөбе ауданы) табылғанына 25 жыл (1986)

Тасқала газконденсат кенішінің ашылғанына 25 жыл (1986)

Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнының ашылғанына 20 жыл (1991)

«Вайнах» - шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл (1991)

«Ақ әжелер әуені» (Жаңақала ауданы) әжелер ансамблінің құрылғанына 20 жыл (1991)

Орал қаласында коммерциялық-кәсіптік мектептің ашылғанына 20 жыл (1991)

Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп негізінде мектеп-лицейінің ашылғанына 20 жыл (1991)

Орал қаласында балалар мен жасөспірімдердің велосипед спорты мектебінің ашылғанына 10 жыл (2001)

«Уральская неделя» апталық қоғамдық газетінің шыға бастағанына 10 жыл (2001)

 

1 қаңтар
Қазақ композиторы Қапан Мусиннің туғанына
90 жыл (1921-1970)

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусин 1921 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Алғаш рет домбыра тартуды халық ақыны болған Халимадан (Халима Өтеғалиева) үйренген. Қапан Мусин 1934 жылы Алматы музыкалық техникумына түсіп, кейін 1939 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1942 жылдан КСРО Композиторлар одағының мүшесі. 1941-43 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1954 жылы Қазақ консерваториясының Е.Г. Брусиловский класы бойынша бітірген. 1943-53 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде және Қазақ драма театрында дирижерлік етті.
Дарынды композитор Қапан Мусин көптеген симфониялық поэма, кантата, ән, хорға арналған шығармалар, кинофильмдер мен спектакльдерге арнап музыка жазды. «Гүлденген Қазақстан» атты бірінші және үш бөлімді екінші симфониялар, «Жайлауда», «Халықтар бақыты үшін», «Колхоз тойы» секілді адуынды симфониялық поэмалар қалдырды. Оның 1967 жылы жазған «Таң Шолпан» операсы соңғы аяқталмаған ірі шығармасы болып қалды.

Әдебиеттер:
1. Мусин Қапан: Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы; Энциклопедия.-Алматы, 2002.-397 6.
2. Мусин Қапан: Өмірдерек //Алматы ақшамы.-2003.-31 шілде
3. Байділдаев О. Симфония сазы: композитор Қапан Мусин туралы//Қанатты өнер.-Алматы, 1973.-35-36 6.
4. Тайшабаев К. Сиқырлы симфония сазгері: Қапан Мусин//Қазақстан заман.-2002.-12 сәуір



30 наурыз
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері
Ықсанов Мұстахым Біләлұлының туғанына
85 жыл (1926-1991)

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсанов 1926 жылы 30 наурызда Жәнібек ауданы, Борсы ауылында дүниеге келген. Алматы темір жол техникумын, Қазақ ауыл шаруашылық институтының гидротехникалық факулътетін бітірген. Алматы қаласы, Фрунзе ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Жетісай құрылыс басқармасының прорабы, өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, бас инженері, басқарма бастығы кызметтерін атқарған.
1958-1961 жылдары Қазақтың Бетпақдала иррегация құрылысы тресінің бастығы болды. 1961-62 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильичев ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, кейіннен осы облыстың өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1963-1971 жылдары Қызылорда, Жамбыл облыстарында Партия комитетінің бірініші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, 1971-75 жылдары Қазақстан КПОК-нің хатшысы болды.
1975-86 жылдары Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Осы жылдарда ол облыс экономикасы мен мәдениетін арттыруда, әсіресе күрделі құрылысты дамытуда, сан алуан шаруашылық, оқу-ағарту, денсаулық, мәдениет салаларын дамытуға үлес қосты. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
Көрнекті мемлекет қайраткері М.Ықсанов атында Орал қаласында ұжымдық шаруашылық бар. Қаладағы Дмитрисв көшесіндегі ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. 2001 жылы облыс орталығындағы №36 мектеп ауласында оған ескерткіш қойылып, сол мектепке аты берілді.

Әдебиеттер:
1. Айдаров Д. Абзал азамат: Партия жәна мемлекет қайраткері М. Б. Ықсанов туралы //Ақиқат.-1996.-№3.-56-59 6.
2. Ақбаев Ж. Елге сіңірген еңбегі көп: М. Ықсанов туралы //Орал
өңірі.-1996.-27 қаңтар
3. Ақышева С. Тағзым мен тағлым: М. Ықсановтың туғанына 75 жыл //Орал өңірі.-2001.-29 наурыз
4. Мұстахым Ықсанов/Құраст.Ж.Ақ6аев.-Орал, 2003.-70 б.
5. Құсайынов Т. Бітімі бөлек тұлға: Орал облысының бұрынғы
басшысы М.Б. Ықсановтың есімі жерлестерінің жадында //Егемен Қазақстан.-1996.-15 ақпан
6. Мұхамбетәлиев X. Туған ел перзенті: М.Б. Ықсанов туралы//Жайық үні.-2001.-23 қараша
7. Ықсанов Мұстахым Біләлұлы; Өмірдерек //Батыс Қазақстан
облысы: эпциклопедия.-Алматы, 2002.-535 6.


24 сәуір
«Хаймат» неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл (1991)

«Хаймат» - облыстағы неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы 1991 жылы 24 сәуірде Орал қаласында ұйымдастырылған. Неміс тілінен аударғанда «Хаймат»- Отан деген мағынаны білдіреді. Қоғамның мақсаты: облыс аумағында тұратын неміс халқы өз тілін, дінін, салт-дәстүрін, тарихи отанын ұмытпасын деген тілекпен неміс ұлты өкілдерінің мәдени-рухани өміріге жан-жақты қолдау көрсету, неміс тілінде газет пен журнал шығару. 1996 жылдан бері осы «Хаймат» мәдени-ағарту қоғамы арқылы Германия Үкіметінің қаржыландырумен тұрмысы төмен отбасыларына тегін медициналық қызмет алуға (санаторийлерге бару, операция жасау, тіс салдыру) жағдай туғызылған. Қазір облыс көлемінде 2434 неміс ұлты өкілдері (1999) тұрады.

Әдебиеттер:
1. Дорнгоф В. Ұлы мұрат жолында: неміс ұлттық мәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі В. Дорнгофпен сұхбат //Орал өңірі.-2003.-16 желтоқсан
2. Дорнгоф В. Бір шаңырақтың астында: «Хаймат» неміс ұлттық мәдени-ағарту қоғамы //Орал өңірі.-2005.-З наурыз
3. Ерегескен ел болмас, етектен кескен жең болмас: «Хаймат» мәдени-ағарту қоғамының төрағасы В.Ортпен сұхбат //Орал өңірі.-1991.-11 қыркүйек
4. «Хаймат» неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы //Батыс Қазақстан облысы Энциклопедиясы.-Алматы, 2002,-506 6.

 

13 мамыр
Философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Сейтімов Айбар Ғалымұлының туғанына 50 жыл (1961)

Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сейтімов Айбар Ғалымұлы 1961 жылы Жаңақала ауданы, Қисыққамыс аулында дүниеге келген.
1978 жылы орта мектепті, 1983 жылы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Осы кезден бері педагогикалық шығармашылық жұмыспен айналысып келеді. Бірнеше рет халықаралық, республикалық көрмелерге қатысқан. Оның «Жаңақала», «Мешіт», «Капустин Яр» т.б. сыршырай жұмыстары көрермен қауымның жоғары бағасын алды.

Әдебиеттер:
1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы. – Астана, 2003
2. Бейнелеу өнеріндегі көркем–шығармашылығының композиция шексіздігі //«Көркем–педагогикалық білім: жағдайы, тенденциялары мен келешегі» атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференция. – Алматы, 2004.
3. Гегель формуласы және өнерге философиялық пайымдау //Ізденіс, 2001.-№6
4. Қазақ этносының дәстүрлі өнері //«Ұлттық мәдени мұра және оның қазіргі заманғы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-2006.-б.155
5. Қазақ этносының тарихи шығармашылық үлгілерінің алғашқы көздері //Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны» атты халықаралық ғылыми практикалық еңбектері». - Т. 1. – Шымкент, 2001.
6. Рухани болмыстың тарихи тағдыры //Современность: Мир мнений. Философский альманах. – Вып. 5. – А., 2000.


25 мамыр
Күйші, қазақ халқының композиторы
Сейтек Оразалыұлының туғанына 150 жыл (1861-1933)

Күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Бөкейорда ауданында дүниеге келген. Алғаш домбыра тартуды ағасы Шошақтан үйренген. Кейіннен Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздармен кездесіп, репертуарын молайтқан. Оның «Арпалыс», «Ақ Еділ», «Бұлбұл Айша», «Орытпа», «Шарипа», «Жантаза», «Қарашаш», «Қалқаймақ» т.б. күйлері бар. Сейтек замана әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне қамалды. 1997 жылы Сібірге жер аударылды. Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім», «Доман» атты күйлерін шығарды.
1905 жылы каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнеледі. «Жігер», «16 жыл», терең психологиялық мазмұнға құрылған «Заман-ай» күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады.
1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып, өнер көрсетті. Ол түріктің күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланды. Бұл перне қазір дс «Сейтек перне» деп аталады. Сейтек ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А. Затаевич «1000 ән» жинағына енгізген. Сейтек күйлері Қазақстан композиторларының шығармаларынан кең орын алды. 1940 жылы Л.Хамиди мен С.Шабельский «Сейтек» атты бір актілі музыкалық пьеса жазды. Ғ.Жұбанова Сейтектің «Заман-ай» күйін өзінің «Батырлық» атты симфониялық поэмасында пайдаланды. 1966 жылы жазушы Т.Әлімқұлов композитор туралы «Сейтек сарыны» повесін жазды. Сейтектің көптеген күйлері халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді.

Әдебиеттер:

1. Әділәлиева Р. Ордадан  шыққан  күйшілер:Сейтек Оразалыұлы 130 жыл. //Орал өңірі.-2006.-1 тамыз.-б.3.
2. Қисметова Ұ. Күйші Сейтек //Жайық үні.- 2004.-29 сәуір.
3. Сейдімбек А. Оразалыұлы Сейтек: Күйші //Қазақтың күй  өнері.-Алматы, 2002.- 627-636 6.
4. Сейдімбек А. Сейтек //Орал өңірі.-2001.-16 қазан.
5.Сейтақов Ғ. Домбыраның бір пернесі:[Сейтек Оразалыұлының туғанына 130 жыл толуына] //Орал өңірі.-1991.-17 қазан.
6.Сейтек Оразалыұлы (1861-19ЗЗ)//Қазақтар: тоғыз томдық аңықтамалық.-Алматы: Қазақстан даму институты: ІІ том. Тарихи тұлғалар.-1998.-135-136 6.
7. Ілиясова К. Даңқты күйші: [Сейтек Оразалыұлының туғанына 140 жыл толуы қарсаңында] //Орал өңірі.-2001.-17 наурыз.
8. Шүйіншәлиева М. Ұрпағы жалғастырып күй өнерін: Сейтек атындағы облыстық домбырашылар байқауы //Орал өңірі.-2002.-16 ақпан


22 маусым
Ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтың туғанына 75 жыл
(1936-1996)

Ағелеуов Есенбай (22.6.1936 Атырау облысы, Махамбет ауданы - 09.11.1996 Алматы) — ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985). Орал педагогика институтының жаратылыстану-география факультетін 1959 жылы, ал аспирантурасын (1965) бітірген. 1959-62 жылы Орал облысы комсомол комитетінің қызметкері, хатшысы болды. 1965-79 ж. Орал педагогика институтының жаратылыстану-геофия факультетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, ал 1979-85 ж. осы институттың ректоры болып қызмет атқарды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің ботаника кафедрасының меңгерушісі болды. Есенбай Ағелеуовтың - шалғынтану мен өсімдіктану, жалпы геоботаника саласында танымал маман ретіңде Қазақстан ботаника ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Негізгі ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның флорасы мен шабындықтарын зерттеуге арналған. Ол — жалпы саны 120 ғылыми еңбектің авторы, 4 монография және 2 оқулық жазған.

Әдебиеттер:
1. Ботаника. Өсiмдiктер  анатомиясы  мен морфологиясы: Оқулық/Ред.басқ. Е. Агелеуов.-А.:Санат, 1998.-368 б.
2. Географический обзор пойменных лугов Урала//Ботаническая география Северного Прикаспия.-Л., 1974.-Вып.7
3. Пойменные луга реки Урал.-Алматы:Наука, 1982.-244 с.
4.  Флора поймы реки Урал.- Алматы, 1987.



2 тамыз
Халық композиторы
Мұхит Мерәліұлының туғанына 170 жыл (1841-1918)

Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит /шын аты Мұхамбеткерей/ Мерәліұлы 1841 жылы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын совхозының Ақбақай деген жерінде дүниеге келген. Ол бала жасынан музыкаға, ою-орнек салуға икемді болды, бір естіген әнін даусымен үйреніп те, домбыраға салып та үйренді.
Мұхит «Айнамкөз», «Ақ айша», «Паңкөйлек», «Кербез қыз», «Зәуреш», «Алуаш», «Қилым», «Ақ иіс», «Дүние-ай», «Жаманқоңыр», «Кіші айдай», «Үлкен Айдай» деген тамаша лирикалық әндердің иесі, әрі сері Мұхит тек қана орындаушы әнші болмаған. Оның бойында үш ерекшелік тән бірінші-әннің сөзін өзі шығарушылық-ақындығы, екіншісі-сазын келтірушілік-композиторлық, үшіншісі - орындаушылығы. Оның үстіне ол жақсы домбырашы да болған.  Боғданың, Тазбаланың, адай Абылдың, Саулебайдың күйлерін орындап жүрген. Мұхит мұнымен шектелмей, өз жанынан күй де шығарған.
Мұхит жинаған байлық- ән, күй халық мұрасына айналып, таусылмас қазына болды. Жайық бойын түгел Бөксй, Гурьсв өңірін басып өтіп Орынбор, Арқа, Аралдан Қазалыға дейін ән айтып, ел кезді.
Мұхиттың әндерін таратушылар елде көп. Мұхитша ән салуды үйрететін мектеп қалыптасты. Оның негізін қалаушы дауыс дүниесінің халыққа танылған құдіреті-атақты Ғарифолла Құрманғалиев болды. Профессор Ахмет Жұбанов Мұхит туралы мақаласында: «Мұхиттың әншілік, күйшілік өнерін алып қалғанның  бірі-оның немере інісі Шайхы. Шайхыдан Мұхиттың немересі Лұқпан Мұхитов үйренген. Мұхит әндерінің көбін сол Лұқпан Мұхитов айтып берді. 1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық слетке келіп, Мұхит әндерінің шұрайлыларының бірқатарып орындап берген сол кездегі республиканың халық артисі Ғарифолла Құрманғалиев» делінген. Л.Затаевич Мұхитқа әдейі ден қойды. Оның Мұхитты «Қазақтың баяны» деп атауында қанша баға тұр, ал Брусиловский Мұхиттың «Бала Оразын») Пуччинидің стиліндегі ән деп ойламай айтқан жоқ.
Мұхиттың баға жетпес ән-күй мұрасын бізге жеткізгендердің қатарында балалары Шоң, Нәу, немерелері Шайхат, Ғұбайдолла және Тәмти Ибрагимова, Жаулыбай Қосыбаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Нағима Әбілова, Операға, оркестрге әзірлеген композиторлар-Б.Ерзакович, Л.Шаргородский, С.Шебельский т.б. болды.
Мұхит 1918 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды.

Әдебиеттер:
1. Ақбаев Ж. Оралдан ән оздырған: Мұхит Мерәліұлының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында //Орал өңірі.-1990.-24 тамыз.
2. Кәртен Б. «Зәуреш - дала Реквиемі» Мұхиттың «Зәурешіне» қатысты жазбалар:Мұхит Мерәліұлы //Алтынорда.-2003.-24 қазан.
3. Құрманғалиева М. Мұхит.-Астана:Фолиант, 2003.-1486.
4. Құттымұратұлы Қ. Мұхит әні микрофонға сыймайды:[Оралда Мұхит әндерін орындаудан II Республикалық байқау өтті. //Жас Алаш.-2001.-26 маусым.
5.Қыдырниязова Ш. Жүкті жұмыла көтерсек...[Мұхит баба мұрасына байланысты мәселе] //Орал өңірі.-2003.-20 мамыр.
6. Мұхитова Ғ. Ардақты атам жайын мен айтайын...[Мұхит Мералиевтің ұрпағы] //Орал өңірі.-1991.-5 маусым.
7.Сағынов Т. Әншіге құрмет жалғаса береді:[Мұхит Мерәліұлының туғанына 160 жыл //Орал өңірі.-2001 -26 наурыз.
8. Хасанов Қ. Әнші Мұхит.-Орал: Полиграфсервис, 2004.-116.



6 қыркүйек
Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі
Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына
60 жыл (1951)

Күйші-композитор Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов 1951 жылы Бөкейорда ауданы, Саралжын ауылында дүниегс келді. 1978 жылы Алматы музыкалық училищесін, 1983 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.     
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы оркестрінің домбырашысы. Жеке орындаушы ретінде шететелдерде (Францияда, Қытайда, Ауғанстанда т.б.) өнер көрсетті. Бірнеше күйі күйтабаққа жазылған. Қадыр Мырза Әлидің («Домбыра»), А.Асылбековтің («Ауылымды сағындым») сөзіне шығарған әндері республикалық конкурстарда жүлделі орын алды. Күйшілер Аманғали Макароұлы, Қ.Жантілеуовті, Рүстем Омаровты, Тілеш Бадиловты ұстаз тұтады.

Әдебиеттер:
1. Дарабоз талант иесі: Островский атындағы драма театрда Т.Шәмеловтың шығармашылық кеші өтті //Жайық үні.-2001.-25 қазан.
2. Қыстаубаев Е. "Батыс өңірі күйдің туын тіккен жер":Күйші, композитор Тұяқ Шәмеловпен сұхбат //Орал өңірі.-2000.-25 қараша.
3. Тайшабаев К. Күйші: Тұяқберді Шәмелов //Қазақ батырлары.- 2002.-№5.-16 6.
4. Тайшабаев К. Мың тұяқтың дүбірі-бір Тұяқтың саусағы...:[Тұяқ Шәмелов-50 жаста] //Алматы ақшамы.-2002.-18 мамыр.
5. Танымал тұлғаның пікірі; Тұяқ Шәмелов- ауылы туралы (Саралжын) //Орал өңірі.-2003.-30 қазан.
6. Тұяқберді Шәмелов: "Домбыра арқылы жылу сұраудан аулақпын"//Орал өңірі.-2004.-27 шілде.
7. Шамелов Тұяқ (1952): күйші //Алматы ақшамы.-2004.-16 қыркүйек.


13 қазан
Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлының туғанына
45 жыл (1966-2000)

Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылы 13 казанда Жымпиты ауданы, Жосалы аулында дүниеге келген. 1985-1988 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің көркемсурет-безендіру бөлімінде оқыған. 1990 жылы Алматы көркемсурет училищесінің живопись бөлімін үздік бітірген. 1991 жылы Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен.
Республикалық конкурста «Сырым батыр» атты портреті жүлделі орын алды.
1991-1996 жылдары Алматы театр, кино және көркемсурет институтында оқып бітірген. «Хан көтеру» атты дипломдық жұмысы ең үздік картина ретінде бағаланып, сол институттың қорында, ал өзі сонда қызметке қалдырылған. М.Жоламанов институт жанына Қазақстан жас суретшілер ұйымға құруға жетекшілік етті. Көптеген сурет көрмелеріне қатысқан. Денсаулығына байланысты 1997 жылы елге оралды. Тұңғыш жеке көрмесі 1999 жылы Орал қаласында өтті. Жоламановтың артында «Құлагер». «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге туралы жыр», «Сарын», «Қазанат», «Тұмар», «Қорқыттың теңізге келуі», «Керей-Жәнібек», «Жаман ырым немесе қағанақтың құлауы», «Қызғыш құс», «Жекпе-жек», «Аттиланың елесі» т.б. картиналары қалды.

Әдебиеттер:
1. Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы: Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-285-286 6.
2. Жасқалиева Б. «Мен суреті өлмеу үшін саламын»: Суретші Мұратбек Жоламанов туралы.//Егемен Қазақстан.-2004.-7 тамыз
3. Құттымұратұлы Қ. Құлагер тағдырлы суретші: талантты суретші Мұратбек Жоламанов туралы//Жас Алаш.-2000.-23 мамыр
4. Өмір дерек: Суретші Жоламанов Мұратбек туралы //Орал өңірі.-1999.-26 маусым
5. Смағұлова Т. Иең қайда, Ақбоз ат?: М. Жоламанов туралы //Алтын орда.-2003.-16-22 мамыр
6. Шамұратова Ж. Жасын-ғұмыр: Суретші М.Жоламанов хақында сыр. //Орал өңірі.-2004.-14 желтоқсан.
7. Шүйіншәлиева М. ...Бір жұлдыз ағып түсті Ақ Жайықта: суретші Мұратбек Жоламан туралы бір үзік сыр. //Орал өңірі.-10 маусым


26 қараша
Филология ғылымдарынын кандидаты, доцент
Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының туғанына 55 жыл (1956)

1956 жылдың 26 қарашасында Ресей Федерациясының, Саратов облысы, Ершов ауданы Новорепино аулында дүниеге келді. 1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1980 жылдан қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарып келеді.
1997 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Батыс Қазақстан топонимиясының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1998 жылы - филология ғылымдарының кандидаты.
1999 жылы ЖАК шешімімен доцент атағы берілді. Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері. Бірнеше оқулықтар мен мақалалардың авторы.
2000 жылы доцент атағы берілді.
2005 жылы “Қазіргі  қазақ  тілі  синтаксисі” курсы бойынша  электронды  оқулығы жарық көрді.

Әдебиеттер:
1. «Ақжайық өңірінің топонимиясы»: тарихи этнолингвистикалық  зерттеу.-Алматы: Арыс баспасы, 2001.-171.
2. «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі».- Орал: «Полиграф сервис», 2001.-176 бет.
3. «Батыс Қазақстан облысының топонимиясы» атты жоғарғы курс студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған арнаулы курс бағдарламасы.-Орал, 1999.
4. Батыс Қазақстан облысындағы жер-су, елді мекен атауларының қалыптасу тарихы. //«Тіл саясатындағы ономастиканың орны» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2006 ж.
5. Жер-су атауларының терминдік сипаты. //«Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі». Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция.-Атырау, 2007.
6. «Қазіргі қазақ тілі» курсының фонетика саласы бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.-Орал: Ағартушы, 2000.  
7. «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты электрондық оқулық.- Орал: БҚМУ, 2005.
8. Құрмалас  сөйлем   синтаксисі   бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.-Орал: БҚМУ баспа орталығы, 2009.
9. Синтаксис ғылымындағы кейбір өзекті проблемалар. //Ұстаз. Ғылыми-әдістемелік журнал.-2004.-№1.- 5-11 б.
10.Тілдің әлеуметтік табиғаты және тіл заңдары.//«Ғасырлар тоғысындағы  түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет. Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция.-2006.- 58-61 б.


Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану мұражайының құрылғанына 105 жыл (1906)

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - ең көне және тарихи маңыздылығы зор мұражайлардың бірі. Ол 1906 жылы Орал қаласындағы реалдық әскери училищесінің казак-орыс әскерилерінің музейлерінің негізінде ұйымдастырылды. Мұражайдың ұйымдастырылуына кезінде М.К.Курилин, атақты орыс ғалымдары Г.С.Карелин, Н.С.Северцев, Л.С. Берг т.б. атсалысқан. 1929 жылға дейін музейдің жаратылыстану- географиялық және тарихи-этнографиялық бөлімдері болды. Қазір оның қорында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. осы өлкені мекендеген ежелгі тайпалардың өмірінен дерек беретін құнды коллекциялар (алтыннан, күмістен және асыл тастардан жасалған бұйымдар, қыш ыдыстар, қанжар мен семсерлер, т.б.) көрініске қойылған. Сондай-ақ ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы зеңбіректер мен басқа да қару-жарақтар, ұлттық тұрмыстық бұйымдар, Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне байланысты маңызды құжаттар бар. Музейдің өңірге байланысты арнаулы көрмесі бар. Әдебиет бөлімі облыстан шыққан ақын-жазушылардың елеулі еңбектерімен таныстырады.
Орал қаласында, алыс аудандарда тұрақты және көшпелі көрмелер ұйымдастырып, белгілі адамдармен кездесулер өткізіп тұрады.
Бүгінгі таңда мұражайдың бірнеше филиалдары бар. Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың музей-үйі, С.Датұлы атындағы Сырым аудандық өлкетану музейі, М.Шолохов музей-кешені, С.Ғұмаров музейі, Табиғат және экология музейі, Е.Пугачевтің музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтарына өлкеміздің бай тарихынан сыр шертіп, қызмет көрсетуде.

Әдебиеттер:
1.    Байсарин Т. Халқының тербеп бесігін: Батыс Қазақстан облысының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 150 жыл // Орал өңірі.-1994.-23 маусым.
2.    Облыстық тарихи-өлкетану музейі //Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы.-Алматы: Арыс, 2002.-418 б.
3.    Танабаева С. Ел мұрағатын келешекке сақтаймыз: Облыстық мұражай туралы //Орал өңірі.-2002.-5 ақпан
4.    Танабаева С. Мәдени мұраны қастерлейік //Жайық арулары. 2005.-10 наурыз
5.    Хамзақызы М. Өлкеміздің тарихын зерделеп: Өлкетану мұражайы//Орал өңірі.-2000.-24 мамыр
6.    Шүйіншәлиева М. Тарихтан тың жол іздесек: Орал өлкетану мұражайы //Жайық үні.-1996.-6 маусым.



Есімдердің алфавиттік көрсеткіші

«А»
Ағелеуов Е.               12, 34
Айдаров Д.                30
Айтхожина М.          14, 62
Акопиян                     9
Ақбаев Ж.                  29, 36
Ақсыйықов Е.           23
Ақышева С.               29
Алекторов А.Е.         22, 69
Алипов С.                  22, 70
Алтынсарин Ы.         16
Аманжолов Қ.Р.         15
Артығалиев Ш.          43
Ахметқалиев С.Ғ.      14
Ахметов С.Ы.             25
Ахметов М.Ғ.             16, 65

«Ә»
Әбдірахманов X.         22
Әйтиев Ә.                     9
Әлесов Х.М.                25
Әлжанова Б.С.             13, 62

«Б»
Байғалиев Қ.                24
Байдулова Л.А.            12
Баймағамбетов М.       19
Баймұқанова Б.            15
Баймұқашев Ю.Д.       13
Байсарин Т.                  43
Балабасов К.                 25,70
Баламұратов Қ.            21
Басымов Қ.Л.               18, 66
Бейісов Т.                      23
Бекмұхамедова Х.Ж.   11
Берғалиев Ы.                22
Бесәліұлы Ғ.                 21
Бияшев Ғ.З.                  15
Блинский А.Д.              25
Боранғалиұлы Т.          14
Бородин Н.А.               21, 69
Бөкейханов Ә.              21
Бөкейханов Ғ.Х.           22
Браун Э.Э.                     25
Бірімжанов Ә.К.           24

«В»
Волков Ф.Г.                  23, 70

«Ғ»
Ғазизов С.                      24
Ғилманов Қ.                  24

«Д»
Даль В.И.                       17, 81
Даришева Т.М.              15, 64
Дауымов Е.                    16, 64
Досаханов А.Х.             26, 72
Дүйсенғалиев Р.            11

«Е»
Ерғалиев А.                   16
Ерғалиев X.                   16
Ержанова Ұ.Р.              18, 40
Ермұханов Б.Б.             12
Ермішев О.                    22
Есенғұлов Ғ.Қ.              11
Есенғұлова Ш.Ғ.           26
Есенжанов Х.                10, 59
Есқалиев Н.Ы.               14

Есламғалиұлы М.          8

«Ж»
Жабаев Ж.                      8, 57
Жаданов С.Қ.                11, 60
Жасқалиева Б.               39

Жәкеев С.М.                 17, 65
Жәңгір хан              20, 21
Жиганов Н.                   7, 56
Жигалин Н.С.               17, 66
Жоламанов М.Т.          15, 39
Жоламанов Н.А.          13, 62
Жұбанғалиев А.           9
Жұбатұлы Ш.               20
Жұмағазиев И.             23
Жұмағазиев С.             18
Жұмағалиев З.Т.          10
Жұмағалиева Ф.           18
Жұманиязов Б.             16, 65
Жұмашев Б.К.              13, 62

«З»
Зиманов С.              8, 57

«И»
Ибрашев X.                 18, 67
Искакова Б.Ғ.              14, 63
Ищанов X.                   23, 70

«К»
Карелин Г.С.               7, 42, 56, 81
Карпов А.Б.                 21, 69
Кәртен Б.                     37
Кәрімов М.Ә.              10
Коняхин И.И.              8, 57
Коротин Е.И.              9, 58
Көбейсінов К.             14
Клаус К.К.                   7, 56
Крутков И.С.              25
Кульпин С.П.              14

«Қ»
Қалисанов М.               21
Қарашев Ғ.                   21
Қасымбаев Ж.              18
Қашқынбаев И.Т.         14
Қожабергенова Х.Ы.    13, 62
Қожанбаев Т.Т.      12
Құлжабайұлы М.           21
Құрамысов I.                 23
Кұрашев А.Ғ.                 16
Құрманғалиев Ғ.           7, 13, 25, 36, 37
Кұрманғалиев Р.М.       25
Құрманғалиева М.        37
Құсайынов Т.                30
Құспанова Р.                 12
Құттымұратұлы Қ.        37, 39
Қыдырниязова Ш.         37
Қыстаубаев Е.                38

«Л»
Лұқпанов С.Қ.                 24

«М»
Майданов Қ.С.                7, 56
Макаров К.                      26, 73
Макеев Л.В.                     23, 71
Максимов С.В.                21, 69
Мақатаев М.                   8, 57
Меңдібаев Ғ.                    22
Мерәліұлы М.                  13, 36, 37
Мерғалиев Ш.                  23
Мирманов М.                   23, 71
Молдашев Қ.                    24
Мусин Қ.                           7, 28
Мұратбеков С.                 16, 64
Мұқамбетқалиев Ф.         15
Мұхамеджанов Қ.             7
Мұхамбетов Д.Д.              25
Мұханбетжанова Ә.М.     9
Мұхитова Ғ.                      37
Мырзағалиев Ш.              24, 71

«Н»
Набиуллин Ж.                18, 66
Ниязов А.                       10, 59
Нұрпейісова Д.              7, 8
Нұрғалиева А.М.           7, 56

«О»
Оразалыұлы С.              12, 33, 34

«Ө»
Өтегенов И.Ө.                18, 67
Өтекешова М.Қ.             8, 57

«П»
Паллас П.С.                      15
Петренко А.З.                  13, 61
Плясунков И.М.               22, 70
Попов В.Я.                       17, 65
Почиталин Е.П.                9, 59

«Р»
Рамаев Г.Г.                      10, 59
Рахметов Қ.                     24
Рушковский В.В.            17, 66
Рычков Н.П.                    20, 68

«С»
Сағынов Т.                      37
Сағырбаев Қ.                  18
Садықов С.Б.                   9
Сәрсенов М.Т.                 15
Сейдімбек А.                   34
Сейтақов Ғ.                     34
Сейітқұлұлы Б.                20
Сейтімов А.Ғ.                  11, 32, 60
Скоробогатов А.М.         23, 71
Смағұлова Т.                    39
Стрижаченко А.А.           9
Сүндетов Ж.                    26
Сүлейменова Г.Н.           8, 57
Сырым Ж.С.                    12, 61

«Т»
Тайманов И.                     11, 60, 62, 68, 72
Тайшабаев К.                    38
Танабаева С.Е.                  43
Тәжібаев Б.Т.                    11, 59
Телеуғалиев Т.М.              24
Тоқай Ғ.                             10
Тоқтағанов А.Е.                17
Тілеков Ж.                         18

«Ф»
Фурманов Д.А.                 16, 65

«X»
Хаймолдин Ғ.У.                16
Хамзақызы М.                  43
Хамиди Л.А.                     13, 33, 62
Хасанов Қ.                        37
Хасанов М.Ш.                  15
Хасанов Х.Х.                     10
Хәкімжанова М.              17, 66

«Ч»
Чамчиян В.Ш.                  16,65
Чурин X.                           15

«Ш»
Шалабаев Б.Ы.                11, 60
Шамұратова Ж.              39
Шаляпин                         22
Шарабасов С.Ғ.              14, 63
Шахматов В.Ф.                26, 72
Шәмелов Т.Қ.                 14,
Шомбалов Т.Қ.              12, 61
Шоңғараұлы С.              20
Шүйіншәлиева М.         34, 39, 43

«Ы»
Ығылманов Р.                9
Ықсанов М.Б.                 9

«I»
Ілиясова К.                     34