2012 жылғы атаулы күндер тізбегі

Құрастырушылар: Алимбекерова Т.Е. -Ғылыми кітапхана директоры
Ермекқалиева Н.А. – директордың орынбасары,

Құрастырушыдан

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Әдебиеттерді насихаттауда және өлкеміздегі көрнекті окиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Көрсеткіште негізінен Батыс Қазақстан өңірінен шыққан, осы өңірде еңбек етіп, өмір сүрген атақты адамдардың мерейтойлары енгізілген.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдар тізімдері мен Қазақстан Республикасының аумағында аталып өтілетін ресми, кәсіби мейрамдармен қатар дүниежүзілік көлемде аталып өтілетін айтулы күндер, әр түрлі мамандыққа байланысты мейрамдар тізімі берілген. Көрсеткіштің екінші бөлімінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 2012 жылы аталып өтілетін еске алынатын даталар тізімі, үшінші бөлімде айы мен күні белгісіз 2012 жылы еске алынатын күндер тізбегі көрсетіледі. Ал соңғы бөлімде облысымыздың тарихы мен мәдениетіндегі, экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі көрнекі даталарға, қайраткерлердің мерейтойлық даталарының кейбіреулеріне қысқаша мәлімет жазылып, әдебиеттер тізімі берілген. Қысқаша мәлімет берілген даталар екінші бөлімде ерекше белгімен (*) көрсетілген.
Есімдердің алфавиттік тізімінен соң, күнтізбенің орыс тіліндегі нұсқасымен жалғасады
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналған.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМДАРЫ

1-2 қаңтар         Жаңа жыл
8 наурыз            Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз          Наурыз мейрамы
1 мамыр             Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр             Жеңіс күні
30 тамыз            ҚР Конституциясы күні
16 желтоқсан    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР

НАУРЫЗ

1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
23 наурыз - Дүниежүзілік метеорология күні
24 наурыз - Туберкулез ауруына дүниежүзілік күрес күні
27 наурыз - Халықаралық театр күні
30 наурыз - Жерді қорғау күні

СӘУІР

1 сәуір -  Күлкі күні
1 сәуір -  Құстар күні
2 сәуір -  Халықаралық балалар кітабы күні
7 сәуір -  Дүниежүзілік денсаулық күні
11 сәуір -  Фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат етудің халықаралық күні
12 сәуір -  Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні
18 сәуір -  Тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күні
23 сәуір -  Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
24 сәуір -  Халықаралық жастар ынтымағы күні
26 сәуір -  Халықаралық санаткерлік меншік күні
29 сәуір -  Халықаралық би күні
30 сәуір -  Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні

МАМЫР

3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз күні. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
4 мамыр - Халықаралық СПИД құрбандарын еске алу күні
5 мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
7 мамыр - Радио күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
7 мамыр - Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні
12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні
21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні
31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні

МАУСЫМ

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
5 маусым - Дүниежүзілік тіршілік өрісін сақтау күні
17 маусым - Дүниежүзілік қуаңшылық және шөлейттенуге қарсы күрес күні
20 маусым - Дүниежүзілік босқындар күні
23 маусым - Халықаралық Олимпия күні
26 маусым - Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні
26 маусым - Баспасөз күні
27 маусым - Дүниежүзілік балықшылық күні
28 маусым - Баспасөз күні

ШІЛДЕ

1 шілде - Дүниежүзілік сәулет күні
6 шілде - Астана күні

ТАМЫЗ

6 тамыз - Ядролық каруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні
12 тамыз - Халықаралық жастар күні
13 тамыз - Спорт күні
14 тамыз - Құрылысшылар күні

ҚЫРКҮЙЕК

1 қыркүйек - Білім күні
8 қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні
8 қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні
16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні
30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні

ҚАЗАН

1 қазан - Халықаралық қарттар күні
3 қазан - Халықаралық музыка күні
5 қазан - Халықаралық дәрігерлер күні
5 қазан - Мұғалімдер күні
9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні
14 қазан - Халықаралық стандарттау күні
18 қазан - Рухани келісім күні
22 қазан - Бүкіл дүниежүзілік ақпараттар тарату күні
24 қазан - Халықаралық БҰҰ күні

ҚАРАША

9 қараша - Дүниежүзілік сапа күні
10 қараша - Дүниежүзілік жастар күні
13 қараша - Халықаралық зағиптар күні
14 қараша - Дүниежүзілік диабетке (сусамыр) қарсы күрес күні
15 қараша - Ұлттық валюта- теңге күні
17 қараша - Халықаралық студенттер күні
19 қараша - Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күні
26 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні

ЖЕЛТОҚСАН

1 желтоқсан - СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні
10 желтоқсан - Адам құқықтары күні
17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні

2011 ЖЫЛЫ АТАП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН АТАУЛЫ КҮНДЕР ТІЗБЕГІ

ҚАҢТАР

1 қаңтар «Уральские войсковые ведомости» газетінің Орал баспасында  шыққанына 145 жыл (1867)

1 қаңтар Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, БҚМУ оқытушысы Оразғалиев Қайырдың туғанына 50 жыл (1962)

1 қаңтар «Жайық үні»- Орал қалалық апталық газетінің қазақ тілінде шыққанына 20 жыл (1992)

1 қаңтар Қоғам қайраткері, ғалым, КСРО Педагогика ҒА-ның корреспондент мүшесі Айман Кенжәлінің туғанына 95 жыл (1917-1974) Бөрлі ауданы.

1 қаңтар Әнші, Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 90 жыл (1922)

3 қаңтар Өлкетанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Щербанов Николай Михайловичтің туғанына 70 жыл (1942)

8 қаңтар Қазақстан Республикасының халық әртісі, домбырашы Қали Жантілеуовтың туғанына 110 жыл (1902-1993) Жаңақала ауданы (*)

9 қаңтар Актриса, Қазақстанның Халық артисі, КСРО халық артисі, профессор Хадиша Бөкееваның туғанына 95 жыл (1917) Казталов ауданы

10 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің туғанына 105 жыл (1907-1947) Бөкей Орда ауданы

12 қаңтар Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993)

17 қаңтар Жергілікті жазушы, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Энгельс Ғаббасов 75 жаста. (1937)  Казталов ауданы (*)

21 қаңтар Орал Ғылыми Орталығының құрылғанына 20 жыл

26 қаңтар Қазақ ақыны Жұмағали Саинның туғанына 100 жыл (1912-1961)

31 қаңтар Орал қаласындағы Қаржы – экономика  колледжінің құрылғанына 55 жыл (1957)

АҚПАН

2 ақпан          Орыс жазушысы Валериан Павлович Правдухиннің туғанына 120 жыл (1892-1939) Орынбор губерниясы             

3 ақпан          Суретші Сәкен Ғұмаровтың туғанына 75 жыл (1937-1995) Жаңақала ауданы

5 ақпан          Ғалым, тарих ғылымының докторы Хамит Мадановтың туғанына 85 жыл (1927-1997) Жаңақала ауданы

9 ақпан          Азамат соғысының батыры Василий Иванович Чапаевтың туғанына 125 жыл (1887-1919)

12 ақпан        Жазушы Константин Александрович Фединнің туғанына 120 жыл (1892)

15 ақпан      Түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 105 жыл (1907-1995)

22 ақпан        «Надежда» Орал қалалық қоғамдық – саяси апталық газетінің шыға бастағанына 20 жыл (1992)

24 ақпан        Педагог, әдіскер, филология ғылымдарының кандидаты Айша Шәмиқызы Шәмиеваның туғанына 100 жыл (1912-1978)

25 ақпан      Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері Әбуханов Ғабдірахимнің туғанына 100 жыл (1912-1995)  Жәнібек ауданы

29 ақпан        Айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қатимолла Бердіғалиев 60 жаста (1952) Казталов ауданы (*)

НАУРЫЗ
3 наурыз        Ақын, педагог Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл (1937-1967)

5 наурыз        Жазушы педагог Қайыр Құрақұлы Бектұрғановтың туғанына 75 жыл (1937) Ақжайық ауданы

8 наурыз        Кеңес Үкіметінің және КСРО Ғылым Академиясы Президиумының Қазақстандық базасы құрылғанына 80 жыл (1932) 

10 наурыз      Батыс Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл (1932)

15 наурыз      Скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі Марат Бисенғалиев 50 жаста (1962) (*)

22 наурыз       Қазақ әдебиетінің негізін салушы Қазақстанның Халық жазушысы, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 110 жыл (1902-1985)

23 наурыз       Әдебиет зерттеуші ғалым, жазушы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың туғанына 85 жыл (1927)

СӘУІР

11 сәуір         «Еділ – Жайық қазақтары» қауымдастығы - қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл (1997)

12 сәуір         Еңбек және соғыс ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі, Тайпақ ауданының  Қаракөл кеңшарында директор болған Исатаев Жақияның туғанына 90 жыл (1922) Оңтүстік Қазақстан обл.

14 сәуір          Орал қаласында алғаш типография ашылғанына 150 жыл (1862)

МАМЫР

2 мамыр         Қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Күләш Байсеитованың туғанына 100 жыл (1912-1957)

9 мамыр         Өлкетанушы Ақбаев Жайсаң 85 жаста (1927) Сырым ауданы

15 мамыр       Әскери ұшқыш, «Халық қаһарманы» Доспанова Хиуаз Қайырлықызының туғанына 90 жыл (1922) Орал қаласы

15 мамыр       Әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбаевтың туғанына 85 жыл (1927-1995)

27 мамыр      Әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Білім министрі (1987-1988), Мырзатай Жолдасбековтың туғанына 75 жыл (1937)


МАУСЫМ

1 маусым       Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бірімжаров Бақтығұл Қабдырұлының туғанына 65 жыл (1947)  Бөкей Ордасы ауданы

4 маусым       Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына 20 жыл (1992)

6 маусым      Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Оқу ағарту халық комиссары Сейітқали Меңдешевтің туғанына 130 жыл (1882-1937)

10 маусым     Ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры Кенжалиев Исатай Нәсекенұлының туғанына 85 жыл (1927-2011) Казталов ауданы

15 маусым     Дирижер, Қазақстанның КСРО-ның халық артисі, пофессор Қажығалиев Шамғон Сағаддинұлының туғанына 85 жыл (1927)

16 маусым    Қоғам және мемлекет қайраткері, саяси қуғын - сүргін құрбаны Мендешев Сейтқалидің туғанына130 жыл (1882-1937) Жаңақала ауданы

18 маусым     Жазушы, аудармашы Ипмағанбетов Әнуар Нұрғалиұлының туғанына 100 жыл (1912) Теректі ауданы

19 маусым     «Мектеп» баспасының құрылғанына 65 жыл (1947)

19 маусым     Республикалық Кітап Палатасының құрылғанына 75 жыл (1937)

19 маусым   Журналист, Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Құсайынов Темірдің туғанына 55 жыл (1957) Казталов ауданы

20 маусым     Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков 70 жаста (1942) (*)

29 маусым     Орыс жазушысы А.Н.Толстой Орал қаласында осыдан 150 жыл бұрын болып кетті (1962)

ШІЛДЕ

1 шілде           Ақын, аудармашы, педагог Бекет Өтетілеуовтің туғанына 125 жыл (1.07.1887-9.07.1941)

7 шілде           Мәметованың мемориалдық музей-үйінің ашылғанына 30 жыл (1982) Орал қаласы

9 шілде           Ақын, аудармашы, педагог Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 130 жыл (9.07.1882-15.05.1939)

15 шілде        Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл (1922-1943)

15 шілде       Филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың туғанына 85жыл (15.07.1927)

23 шілде       Ақын, журналист Закария Сисенғалиев 55 жаста (1957) (*)

25 шілде     Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті ректоры Рысбеков Тұяқбай Зейітұлының туғанына 65 жыл (Жамбыл облысы) (*)

ТАМЫЗ

2 тамызда     Валериан Павлович Правдухиннің Оралға келгеніне 85 жыл (1927)

5 тамыз         Әскери ұшкыш, авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың туғанына 90 жыл (5.08.1992)

15 тамыз       Филология ғылымынын докторы, профессор, қазақ әдебиетін зерттеуші, жазушы Тұрсынбек Кәкішевтың туғанына 85 жыл (15.08.1927)

15 тамыз       Жазушы Ғали Ормановтың туғанына 105 жыл (15.08.1907-5.09.1978)

19 тамыз       Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Батырболат Айболатұлының туғанына 40 жыл (1972) Казталов ауданы, Бостандық ауылы.

ҚЫРКҮЙЕК

5 қыркүйек  Оралда музыка-этнографы, композитор А.В.Затаевичтің қоюымен І қазақ музыкасы кешінің болғанына 85 жыл (1927)

8 қыркүйек  Бөкейорда ауданы, Орда ауылында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Жәңгір хан кесенесінің ашылғанына 20 жыл (1992)

12 қыркүйек   Журналист, БҚО теледидар жүйесін құрушылардың бірі А.Г. Иночкиннің туғанына 80 жыл (1932)

14 қыркүйек   Орал өңірінде алғашқы  Әйелдер кеңесінің құрылғанына 80 жыл (1932)

16 қыркүйек   Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмағалиев Қайраттың туғанына 75 жыл (1937) Бөкей Ордасы ауданы (*)  

21 қыркүйек   Кеңес Одағының Батыры  Жүнісов Мәжиттің туғанына 95 жыл (1917-1945) 

25 қыркүйек   Жымпиты ауданының Сырым ауданы болып аталғанына 20 жыл  (1992)

28 қыркүйек   Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 115 жыл (28.09.1897-27.06.1961)

ҚАЗАН

1 қазан           А.С. Пушкин атындағы  Батыс Қазақстан Педагогикалық институтының ашылғанына 80 жыл (Қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ)

7 қазан           Филология ғылымының  докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаевтың туғанына 105 жыл (7.10.1907-18.10.1905)

7 қазан           Педагог, жазушы, аудармашы, сыншы Әлібек Қоңыратбаевтың туғанына 105 жыл (7.10.1907-2.12.1937) (*)

9 қазан           Қазақстан композиторлар одағының мүшесі әуесқой сазгер Донеділ Қажымов 60 жаста

10 қазан       Педагог, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі (2002-2003), Шәмша Көпбайқызы Беркімбаеваның туғанына 70 жыл (10.10.1942)

15 қазан           Қызылорда педагогикалық институтының құрылғанына 75 жыл (15.10.1937) қазіргі Қорқыт ата атындағы педагогикалық университет.

25 қазан           Ғалым, физика ғылымдарының докторы Асан Таймановтың туғанына 95 жыл (1977)

ҚАРАША

5 қараша       Спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жәрдемов Жұбанышқали Садырұлының туғанына 60 жыл (1952)

10 қараша       Ақын Шұғаев Исламғали Шұғайыпұлының туғанына 80 жыл (1932-2001)

20 қараша       Ақын Сағынғали Сейітовтың туғанына 95 жыл (1917) Ақжайық ауданы (*)

21 қараша       Жазушы, драматург Әнес Сарайдың туғанына 75 жыл (1937) Ресей, Астрахань облысы

24 қараша     Әуесқой композитор Хибашев Ғұбайдолланның туғанына 70 жыл (1942)

26  қараша    Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері  Ғабиден Мұстафиннің туғанына 110 жыл (26.11.1902-20.01.1985)

ЖЕЛТОҚСАН

2 желтоқсан  Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, композитор, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың туғанына 85 жыл (2.12.1927-13.12.1993)

3 желтоқсан    Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, күйші-домбырашы Ермек  Қазиевтің туғанына 65 жыл (1947) Бөкей Ордасы ауданы

12 желтоқсан  Актриса, Қазақстанның халық артисі Жақыпова Гүлнәр Хабиқызының туғанына 55 жыл (1957) Орал қаласы

12 желтоқсан   Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымынын докторы, профессор, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 85 жыл (12.12.1927-2006)  (*)

12 желтоқсан   Кеңес Одағының  Батыры Андрей Яковлевич Тихоненконың туғанына 100 жыл (1912-1944)     

15 желтоқсан   Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Орал педагогика институтының филология факультетінің деканы болған, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Тілеужанов Мәтжан Мақсымұлының туғанына 85 жыл (1927-1995) Ақтөбе облысы

22 желтоқсан   Белгілі журналист, еңбек және соғыс ардагері Жұмағалиев Бисеннің туғанына 90 жыл (1922) Тайпақ ауданы

28 желтоқсан  Қазақ жазушы, академик Қажым Жұмалиевтің туғанына 105 жыл (1907-1968)  (*)


АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2012 ЖЫЛЫ АТАЛАТЫН КҮНДЕР

•    Батыр, XVII-XVIII ғасырлар ұласуында Батыс Қазақстан аймағын сырт жаулардан азат етуге қатысқан қолбасшылардың бірі Есет Көкіұлының туғанына 345 жыл (1667)

•    Тәуке ханның кеңесшісі, Кіші жүздің биі  Әйтеке бидің туғанына 330 жыл (1682-1766)

•    Батыр, қолбасшы Құттыбай Сатыпалдыұлының туғанына 310 жыл (1702-1773) Шыңғырлау ауданы

•    Ғалым, географ, тарихшы Петр Иванович Рычковтың туғанына 300 жыл, Жайық өзенін және өзен бойындағы елді мекендерді тұңғыш зерттеген.

•    19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы әрі көсемі Сырым Датұлының туғанына 300 жыл (1712-1802)

•    Ресейдегі 1773-75 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы Пугачев Емельян Ивановичтің туғанына 270 жыл (1742-1775) Дондағы Зиновейск станциясы

• Батыр, әрі шешен, әнші, домбырашы, сыбызғышы, Сырым бастаған халық көтерілістеріне, И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысушы Асанбек Нұрғожаұлының туғанына 260 жыл (1752-1845)

•    Ғылым академиясы экспедициясының ұйымдастырылғанына 245 жыл.

•    Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы, Кіші жүздің Батыс бөлігінің алғашқы сұлтан-әкімі, 12 ата Байұлы тайпа бірлестігінің билеушісі Қаратай Нұралыұлының туғанына 240 жыл (1772) Сырым ауданы

•    Орыс жазушысы Иван Крыловтың Орал қаласында болып кеткеніне 240 жыл (1972)

•    Батыр, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске қатысушы Есенаман Боранбайұлының туғанына 230 жыл  (1782-ө.ж.б) Бөкей Ордасы ауданы

•    Ақын Дулат Бабатайұлының туғанына 210 жыл (1802-1874)

•    Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 210 жыл (1802-1847)

•    Суырып салма ақын Жұмырбай Мәмбетұлының туғанына 205 жыл (1807-1897)

•    Ақын Исатай Тайманұлы бастаған Кіші жүз қазақтарына көтерілісіне қатысушы Шернияз Жарылғасынұлының туғанына 205 жыл (1807-1867) Ақтөбе облысы

•    Наурызбай батырдың туғанына 190 жыл (1822-1847)

•    «Хан кеңесі» - билер алқасының құрылғанына 185 жыл(1827)

•    Бөкей Ордасында Жәңгір ханның бастамасымен арнайы жасақталған музей – қару-жарақ бөлімшесінің құрылғанына 185 жыл (1827)

•    Орыс зерттеушілері Э. А. Эверсман мен Г.С. Карелиннің Бөкей Ордасында болғанына 185 жыл (1827)

•    Әскери аурухана ретінде Облыстық аурухана ашылғанына 180 жыл (1832) Орал қаласы

•    Этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы Бабажанов Мұхамед-Салықтың туғанына 180 жыл (1832-1871) Бөкей Ордасы

•    Ғалым-этнограф Салық Бабажановтың туғанына 180жыл (1832-1871)

•    Қазақ композиторы Түркеш Қалқаұлының туғанына 180жыл (1832)

•    Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске 175 жыл (1836-1837)

•    Айтыскер, әнші-ақын Бала Ораз Өтебайұлының туғанына 175 жыл (1837-1882)

•    Қайып хан әулетінен шыққан сұлтан, зерттеуші, Ресейгеография қоғамының мүшесі Жантөрин Сейітхан Ахметұлының туғанына 175 жыл (1837)

•    Оқымысты, зерттеуші Базинердің Орал өңіріне келгеніне170 жыл (1842)

•    Қазақтың атақты ақыны Базар жырау Оңдасанұлының туғанына 170 жыл (1842-1911)

•    Ақын Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлының туғанына 165 жыл (1847-1920) Орда  қаласы маңы.

•    Генерал-майор Айшуақ Баймағанбетовтың Кіші Жүздің Батыс бөлігіне сұлтан болғанына 165 жыл (1847)

•    Бөкей хандығында – Ордада алғашқы аурухананың ашылғанына 160 жыл (1852)

•    Алғашқы шығыстанушы І, ІІ мемлекеттік Дума мүшесі, Алашорда үкіметінің мүшесі Құлманов Бақтыгерей Ахметұлының туғанына 155 жыл (1857-1919)

•    Жырау, ақын Мұқан Қожанұлының туғанына 150 жыл (1862-1937)

•    Белгілі жазушы-очеркші, этнограф, саяхатшы Сергей Васильевич Максимовтың  Оралда болғанына 150 жыл (1862)

•    Оралдағы ауа райына бақылау жүргізетін Орал училищесіне 145 жыл (1867-1869)

•    Суретші Бөкеева Зәуреш Мұхамедкерейқызының туғанына 145 жыл (1867-1956) Бөкей Ордасы ауданы

•    Орал облысы құрылғанына 145 жыл (1867)

•    Мемлекет қайраткері Әлібаев Ғұбайдолланың туғанына 140 жыл (1872-1923) Жымпиты уезі

•    Орыс жазушысы, лексикограф, этнограф Владимир Иванович Дальдің Оралда болғанына 140 жыл (1872)

•    Социалистік еңбек ері Лұқпанов Саламаттың туғанына 140 жыл (1872-1958) Жалпақтал ауданы

•    Алғашқы қазақ драматургі, мемлекет және қоғам қайраткері Меңдіханов Ишанғалидің туғанына 140 жыл (1872-1919) Бөкей Ордасы ауданы

•    «Расправа» - Кіші жүзде құрылған әкімшілік-сот билігі органының құрылғанына 135 жыл (1877)

•    Дарынды әнші, композитор Арыстанов Өтеғалидің туғанына 130 жыл (1882-1964)

•    Ағартушы – педагог, өлкетанушы, Бөкей Ордасы музейін ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Тажетдинов Ахметфайыз Жүсіпұлының туғанына 130 жыл (1882-1984) Бөкей Ордасы ауданы

•    Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер Танашев Уәлитхан Шарфуддинұлының туғанына 125 жыл (1887- 1968) Бөкей Ордасы ауданы

•    Аға шопан, Социалистік Еңбек Ері Есболаев Әубәкірдің туғанына 125 жыл (1887) Жаңақала ауданы

•    Орал өңірінде Совет өкіметін орнату жолындағы күрескер  Мұхаммедхафи Мұрзағалиевтың туғанына 125 жыл

•    Алаш партиясының, Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, алғашқы арнаулы білімді қазақ аграномдарының бірі Қаратілеуов Сәлімгерейдің туғанына 125 жыл (1887 1938) Орал облысы

•    Ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі, журналист Бегалиев Ғалидің туғанына 125 жыл (1887-1966) Казталов ауданы

•    Алаш қозғалысына қатысушы, оқу-ағарту ісінің қайраткері, педагог-әдістемеші, қаламгер-журналист, аудармашы Жолдыбаев Молдағалидің туғанына 125 жыл (1887-1938) Орал облысы, Лбішін уезі

•    Еңбек ұжымының жетекшісі, социалистік Еңбек Ері Сауанов Ыбырайдың туғанына 125 жыл (1887-1951) Казталов ауданы

•    Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Протасов Леонид Николаевичтің туғанына 125 жыл (1887-1977)

•    Саяси қайраткер, ақын Неусыпов Филипп Марковичтің туғанына 120 жыл (1887) Тайпақ ауданы

•    Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді экономистерінің бірі Асанов Қалдыбайдың туғанына 120 жыл (1892-1937)

•    Саяси қайраткер, ағартушы, журналист Есенбаев Халел Мұхаметханұлының туғанына 120 жыл (1892-1938) Казталов ауданы

•    Жайық өңірінде баспасөз ісін ұйымдастырушылардың бірі, Азамат соғысына қатысушы Әлжанов Батырбектің туғанына 120 жыл (1892) Орал облысы, Орал уезі

•    Белгілі қоғам қайраткері Жақыпов Серікқалидің туғанына 120 жыл (1892-1939) Ресей, Саратов облысы

•    С.Н. Никитиннің жетекшілігімен геология комитеті экспедициясының Орал жағалауларында жұмыс істегеніне 120 жыл (1892)

•  Ақын, саяси қуғын-сүргін құрбаны Әмір Арабтың туғанына 115 жыл (1897)

•  «Уралец» газетінің  Оралда жарық көргеніне 115 жыл (1897)

•  Қазақ сыбызғышысы, ұлттық халық аспаптары оркестрін құрушылардың бірі Ысқақ Уәлиевтің туғанына 110 жыл (1902-1944)

•  Әнші, күйші Мұқатов Сабырдың туғанына 105 жыл (1907-1978) Казталов ауданы

• Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан КСР ҒА-пың корреспондент мүшесі Шоланов Ғабдолланың туғанына 105 жыл (1907-1966) Фурманов ауданы

•  Күйші, өлкеге белгілі домбырашы Битенов Мұхиттың туғанына 100 жыл (1912-1983)

•  Орал арматура зауытының іргетасы қаланғанына 100 жыл (1912)

•  Алашорда Ұлт Кеңесі – Алаш автономиясының үкіметі құрылғанына 95 жыл (1917)

•  Оралда БККП(б) ұйымының құрылғанына 95 жыл (1917)

•  Отан соғысының батыры Григорий Чумаевтың  туғанына 95 жыл (1917)

•  Отан соғысының батыры Алексей Чурилиннің  туғанына 95 жыл (1917)

•   Күйші Шәуалиев Кәрімнің туғанына 85 жыл (1927) Қаратөбе ауданы

•   Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Берқалиев Базылбек Түменұлының туғанына 85 жыл (1927) Қаратөбе ауданы

•    Ақын, журналист Қыдыров Хамидолланың туғанына 85 жыл (1927-1989)

•    Күйші, белгілі композитор Айбатов Қайыржанның туғанына 80 жыл (1932)

•    Кеңес Одағының Батыры Ахмиров Қасым Шабанұлының туғанына 80 жыл (1932-1951)

•   Батыс Қазақстан архивының «Орал облысының мемлекттік архивы» деп атала бастағанына 80 жыл (1932) 

•   Ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Ғұмаров Біләштің туғанына 80 жыл (1932) Атырау облысы

• Ғалым, геология-минералдар ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерғалиев Ғаппар Хасенұлының туғанына 80 жыл (1932) Жәнібек ауданы

•  Батыс Қазақстан облысындағы Телекоммуникациялар дирекциясының құрылғанына 80 жыл (1932) Орал қаласы

•  «Қайрат» - спорт қоғамының құрылғанына 75 жыл (1937)

•  Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ковель Павел Васильевичтің туғанына 75 жыл (1937) Беларусь

•  Әуесқой композитор Әбілхатин Темірбектің туғанына 70

•  Өлкетанушы, ақын, журналист Хасанов Қайыржанның туғанына 70 жыл (1942) Қаратөбе ауданы

•  Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірғалиев Нұрланның туғанына 65 жыл (1947) Ақжайық ауданы

•  Ақын, айтыс ақыны, термеші Бисенғалив Сәрсенғалидің туғанына 60 жыл (1952)                                                                                                     

•  Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумының ашылғанына 60 жыл (1952)         

•   Айтыс ақыны, ақын Бисенғалиев Сағынтайдың туғанына 55 жыл (1957) Орал қаласы

•    Облыстық санитарлық - эпидемиологиялық стансасының құрылғанына 50 жыл (1962)

•    Облыста табиғатты қорғау қоғамының құрылғанына 50 жыл (1962)

•    Кирсанов мемлекеттік қорықшасының құрылғанына 45 жыл (1967)

•    Орал қаласында «Авангард» спорт клубының құрылғанына 45 жыл (1967)

•    Орал қаласындағы «Зенит» зауыты Мәдениет сарайының ашылғанына 40 жыл (1972)

•    «Қазақстан» кинотеатрының пайдалануға берілгеніне 30 жыл (1982)

•    Белгілі заңгер, академик Салық Зимановтың «Ресей және Бөкей хандығы» атты монографиясының Алматыдағы «Ғылым» баспасынан орыс тілінде шыққанына 30 жыл (1982)

•    «Жайық сазы» - Ақжайық ауданындағы халықтық фольклорлық ансамблінің құрылғанына 25 жыл (1987)

•    «Садовое озеро» облыстық туристік базасының құрылғанына 20 жыл (1992)

•    Қазақстан Жазушылар одағының бөлімшесі, «Аққұс» БҚО Қазақ қаламгерлер қауымдастығының құрылғанына 20  жыл (1992)

•    «Альтаир» құрылыс фирмасының құрылғанына 20 жыл (1992)

•    «Қарашығанақ» мемлекеттік газ кәсіпорыны жанынан Ақсай қаласында «Мирас» мәдени орталығының ашылғанына 20 жыл (1992)

•    «№2 автобус паркі» АҚҚ құрылғанына 15 жыл (1997)


8 қаңтар
Қали Жантілеуов туғанына 110 жыл (1902-1993)

Әнші, күйші, домбырашы Жантілеуов Қали 1902 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келді.
Ол халық композиторы Мәмен Ерғалиұлының шәкірті. 1934 жылы Бүкіл Қазақстандық тұңғыш слетке қатысып, 1 орынды жеңіп алды. Сол жылдан қазіргі қазақстандық халық аспаптар оркестірінің домбырашы-солисі болды. 1945-1955 жылдары Алматы мемлекеттік кафедрасында, 1955-1968 жылдары Қазақ филармониясында қызмет етті.
Қали Жантілеуов халық композиторларының күй мұрасын орындаушылық дәстүрін жете меңгерген күйші. Гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында болды.
1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогиқалық қызметпен шұғылданды. Шәкірттері: Ш.С. Қажығалиев, Н.А.Тілендиев, Р.Б. Омаров, Ф.Ш. Мансүров, Х.Тастанов т.б.
«Құрмет белгісі » орденімен, медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер:
Ахмедьяров Қ. Музыкант, күйші, ұстаз//Орал өңірі.-2002.-№88.-б.4
Әліпқалиев Т. Ардақтады асылын алқалы жұрты жиылып//Орал өңірі.-1992.-11 қараша
Бақтыгерейұлы Т. Күйшілік дәстүрді дамытқан //Қазақстан Заман.-2002.-10 мамыр.
Жантілеуов Қали //Қазақ өнері. Энциклопедия.-Алматы: Қазақстан даму институты, 2002.-б.215
Жантілеуов Қали //Алаштың ардагер азаматтары.- Почтенные люди казахской земли. К.3 ч.2 Батыс Қазақстан облысы бойынша /Құрастырған Ғ.У.Хаймулдин.-Орал: Полиграфсервис, 2000.-б.88-90


17 қаңтар           
Энгельс Ғаббасов 75 жаста (1937)

Жазушы, филологиялық ғылым кандидаты, доцент Энгельс Ғаббасұлы 1937 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген.
Ол Орал педагогикалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, СОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген сон 1957 жылы еңбек жолы басталды. Мұғалім болып, одан  соң комсомол жұмысында, 1966 жылдан бастап Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болады. 1966 жылы ҚР парламентінің депутаты болып сайланады.
Энгельс Ғаббасұлының «Қарт шопан» атты алғашқы әнгімесі 1965 жылы «Простор журналында» жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігін, өмірдегі қарама-қайшылық, туған табиғатты аялау, ескі мен жаңаның тартысы, адамгершілік, достық, ата-баба дәстүрі туралы жазылған «Азаматтық асау аты» (1969), «Жапандағы жалғыз ағаш» (1976), «Өткен жазбен осы қыста» (1979), «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982), «Кішкентай бала мен еркек» (1983), «Махаббат хикаясы» (1986),  «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық корді.
Э. Ғаббасов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:
Ғаббасов Э. Ана жүрегі. Повестер.-Алматы:Жазушы, 1974.-216б.
Ғаббасов Э. Мейірім: Повестер ман әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1989.-168б.
Ғаббасов Э.  Өскен ұя: Әңгімелер мен очерктер.-Алматы: Жалын, 1976.-168б.
Ол туралы:
Ғаббасов Энгельс //Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.-Алматы: Білім баспа үйі, 1999.-б.185
Ғаббасов Энгельс //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.-Алматы: Ана тілі баспасы ЖШС, 2004.-б.94
Ғаббасов Энгельс //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: Арыс баспасы, 2002.-б.219
Жазушы Энгельс Ғаббасов 60 жаста //Қазақ әдебиеті.-1997.-28 қаңтар



29 ақпан
Қатимолла Бердіғалиев
60 жаста (1952)

Айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы Казталов ауданы, Қарашеген ауылында дүниеге келген.
Қатимолла әкесі Жәңгір ерте дүние салып, ата-әжесі Бердіғали мен Сәлияның тәрбиесінде өскен. 1969 жылы Казталовкадағы А. Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп, Орал музыкалық училищесінің әншілер даярлайтын мектебіне оқуға түседі. 1975 жылы осы А.Ф Муравьева қаласы бойынша бітіріп шығады. Кейін аудандық Мәдениет үйінде әдістемеші, үйірме жетекшісі, автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1985 жылы алғаш рет аудандық ақындар айтысына қатысады. Көп ұзамай өнерімен халыққа танылған ол «облыс ақыны» атағына ие болады.
Қатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев Халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы. 1991 жылдан Оралдағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищеде халық әндері бөлімінің Мұхит класына жетекшілік етеді. Бірнеше рет республикалық деңгейдегі ақындар айтысына қатысып, бірінші бәйге мен жүлделі орындарды жеңіп алады.

Әдебиеттер:
Әліпқали Т. Қазақтың Хатимолласы //Еділ-Жайық.-2002.-22 ақпан
Бердіғалиев Қатимолла //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2002.-б.189-190
Бердіғалиев Қ. Ән мен жырдың құлагері //Орал өңірі.-2005.-12 мамыр
Бердіғалиев Қ. Мәдениет бір ұрпақтың еншісі емес //Орал өңірі.-2002.- 19 қаңтар
Кәкімұлы Т. Ақындық ардың ісі //Егемен Қазақстан.-2001.-16 қазан

 

15 наурыз
Марат Бисенғалиев
50 жаста (1962)

Скрипкашы, Қазақстанның халық артисі Бисенғалиев Марат Сәметұлы 1962 жылы Бөкейорда ауданында дүниеге келген.
Ол 1980-1983 жылдары әуелі Алматы мемлекттік консерваториясында оқып, одан кейін Москва мемлекеттік консерваториясында оқып, 1988 жылы осы консерваторияның аспирантурасын бітірді.
Марат Бисенғалиев Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақ музыка квартетінде, «Алтын алма» камералық оркестрі құрамында жемісті еңбек етті. 1990 жылы Ұлыбританияда тұрады. Оның репертуарынан қазақ, орыс және шетел композиторларының туындылары мол орын алды. Гастрольдік сапармен Қазақстан, Азербайжан, Өзбекстан, Ресей, Украина мемлекеттерінде, сонымен қатар шет елдерде өнер көрсетті. Марат Нью- Йорктің «Карнеги холл» және Лондонның «Уигмор холл» концерттік залында өзінің үздік орындаушылық өнерімен талғампаз тыңдаушылардың зор ілтипатына бөленді.
Марат Бисенғалиев 1986 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық орындаушылар. 1988 жылы Лейпциг қаласындағы И.С. Бах атындағы және Сан-Себастьян қаласында өткен Н. Забалетта атындағы халықаралық конкурстардың лауреаты. Лидс қаласындағы музыкалық академиясының профессоры.

Әдебиеттер:
Бисенғалиев М. Еліме келген сайын қуанамын //Алтын орда.-2003.-21 наурыз
Бисенғалиев Марат //Қазақ өнері. Энциклопедия,- Алматы: Қазақстан даму институты, 2002.-б.142
Бисенғалиев Марат //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: Арыс баспасы, 2002.-б.193
Оралдағы саз өнерінің салтанаты //Жайық үні.-2003.-24 қаңтар


20 маусым
Айтқали Нәріков
70 жаста (1942)

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков 1942 жылы Батыс Қазақстан облысының  Тасқала ауданында дүниеге келген. Оның өлеңдері мектепте оқып жүрген кездерінен-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады. Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін ұзақ жылдар бойы облыстық «Орал өңірі» газетінде жұмыс істеді. Біраз жыл Маңғыстау облысында журналистік жұмыста болды. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында істеді.
Айтқали Нәріков республика жас ақын жазушыларының кеңестерінде Қазақстан жазушыларының сөздеріне қатысты Ақынның тырнақалды туындылары 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан. «Жас керуен» атты ұжымдық жинаққа енді. Содан кейінгі жылдарда «Көк майса», «Самал», «Еркін есейіп келеді», «Жүрек толқындары», «Асапанда күн сөнбесін» кітаптары шықты. «Өкпек жел» атты таңдамалы өлеңдер жинағын баспаға тапсырды. Қаламгердің ұзақ жылғы журналистік қызметі нәтижесінде жүзге жуық очерктері, рецензиялары, сын-библиографиялық мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды, кітаптарға енді.
Айтқали Нәріков қазір Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында редактор болып қызмет істейді.
Ол Тасқала ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:

Нәріков А. Ақын аға ауылында //Орал өңірі.-2000.-23 тамыз
Нәріков А. Аманат жылдар – алдыңызда //Орал өңірі.-2001.-8 қаңтар
Нәріков А. Жайықтың жарық жұлдыздары: Очерктер. Өлеңдер. Мақалалар.-Полиграфсервис, 2005.-92 бет.
Нәріков А. Жылдар-жырлар //Орал өңірі.-2004.- 30 қараша
Нәріков А. Қырық жыл-қырық жыр (1964-2004) /Құраст. Серікқали Шарабасов.-Орал, 2004.-52 бет
Нәріков А. Самал: Өлеңдер.-Алматы: Өнер, 2002.- 96 бет.
Нәріков А. Сағыныш:Өлеңдер.- Алматы:Өнер, 2002.-216 бет.


23 шілде
Сисенғалиев Закария 55 жаста  (1957)

Ақын, журналист Сисенғалиев Закария Жүсіпқалиұлы 1957 жылы Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Ол 1988 жылы Орал педагогикалық институтын, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. Ал, 1977-1989 жылдары аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет істеді, 1991-1992 жылдары «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі, 1992-1993 жылдары аудандық  «Жаңарған өңір» газетінің редакторы болды.  2001 жылдан Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары.
Закария Сисенғалиевтің «Әнім сенсің, Жаңақала» атты өлеңдер жинағы шыққан. Ақынның 30-дан астам өлеңіне

Ә.Бейсеуов, Б. Жұманиязов, Д. Қажымов, Т. Шәмелов, т.б. композиторлар ән жазған.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:

Сисенғали З. Сырымды мен айтпаған өлең айтар: Өлең //Орал өңірі.-2005.-11 қазан
Сисенғали З. Арлы азамат //Орал өңірі.- 2004.-11 желтоқсан
Сисенғали З. Сағындық сырлы әлемі //Орал өңірі.- 2004.-15 мамыр
Сисенғали З. Жағаңда тұрмын, Жайығым //Орал өңірі.-2003.-22 наурыз

Ол туралы:
Сисенғалиев З. //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: Арыс баспасы,2002.-б.267



6 қыркүйек
Қайрат Жұмағалиев 75 жаста (1937)

1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданының Бесқұдық деген жерінде туды. Бастауыш мектепті Теректі ауылында оқыған, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр мектеп-интернатында тәрбиеленген. Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстанға көшірілген соң 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында ІІІ интернационал атындағы қазақ орта мектебін бітірген, одан кейін Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1959 жылы бітірген.
1959-1984 жылдар аралығында кіші редактор, редактор, аға редактор, Жастар әдебиеті редакциясының меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып  істеген.
1985-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор болып істеді.
1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті сенатында аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, қазір сонда консультант болып қызмет атқарады.
Қайрат Жұмағалиев Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақынның 30-ға тарта кітабы жарық көрген.
Республикалық баспасөзде «Университетке» деген тұңғыш өлеңі 1959 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Шығармалары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан пионері», «Жетісу» газеттерінде, «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Балдырған», «Білім және еңбек», «Простор», «Ақ желкен» журналдарында, Мәскеудің «Известия», «Комсомольская правда», «Литературная газета», «Огонек», «Молодая гвардия», «Наш современник», т.б. басылымдарында жарық көрді. «Молодая гвардия» журналының лауреаты.
Қ. Жұмағалиев Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена трагедияларын, Әл-Маоридің, Ш. Руставелидің, Фирулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Ғафур Ғұламның, С. Наровчатовтың, Р. Рождествескийдің, Р, Казаковтың шығармаларын ана тілімізге аударған.
Беларусь Республикасының Құрмет грамотасымен, КСРО-ның медальдарыме, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:

Жұмағалиев Қ. Ақ тоқаш: Өлеңдер, баллада, поэма.-Алматы:Мектеп, 1984.-87 бет.
Жұмағалиев Қ.     Ақжарма: Өлеңдер, баллада, поэма.-Алматы:Жазушы, 1974.-140 бет.
Жұмағалиев Қ.     Ақмарал: Өлеңдер, балладалар.-Алматы: Жалын, 1981.-114 бет.
Жұмағалиев Қ. Он асу: Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Астана:Елорда, 2002.-120 б.

Ол туралы:
Ақын жерлестерімен кездесті //Орал өңірі.-2006.-4 шілде
Шүйіншалиева М. Ақын -туған жерінде //Орал өңірі.-2002.-23 ақпан.



20 қараша
Сағынғали Сейітов туғанына 90 жыл (1917)

Сағынғали Сейітов 1917 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында туған. Өзі айтқандай – Ұлы Қазан төңкерісінің құрдасы. Ақынның алғашқы өлеңі 1936 жылы Орал облыстық комсомол газетінде жарияланып, ол Қазан төңкерілісінің 19 жылдығына арналыпты. Міне содан бері ақынның елуден астам өлең әдеби-зерттеу, әдеби-сын кітаптары жарыққа шықты. Жерлесіміздің қаламы өзі бастан аяқ қатысқан Ұлы Отан соғысында қатая түсті. Соғыстан соң С. Сейітов Қазақ СССР, Ғылым акдемиясының тіл және әдебиет Институтында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде,  Қазақстан көркем әдеби баспасында әр түлі қызмет атқарды
Ақын өз өлеңдерінде достығына ең алдымен орын береді. Оның көптеген өлеңдерінде кеңес елдерінің, сондай-ақ социалистік елдердің халықтары тілдеріне аударылған.
С. Сейітов прозалық, публицистикалық жинақтарда шығарған. Балаларға арналған жыр топтамаларының авторы. Аударма саласындада  өнімді еңбек етті. Ақын, жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Сағынғали Сейітов Отан соғысы және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, медальдарымен наградталған.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:

Сейітов С.  Жолдас уақыт:Таңдамалы.-Алматы.-Жазушы, 1977.-103 б.
Сейітов С.Қазақ тілі: Өлең //Орал өңірі.-1991.-8 мамыр.
Сейітов С. Мен сіздерді іздеймін қаруластар //Қазақстан сарбазы.-1997.-19 қыркүйек.
Сейітов С. Өлең өлкесінде: Мақалалар мен зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1984.-256 б.

Ол туралы:
Ақ Жайықты жырлаған жайсаң жүрек //Орал өңірі.-1992.-28 қараша
Име бас, ірілік қыл, шыда, шыда! (Бата беруші Сағынғали Сейітов) //Қазақ әдебиеті.-1993.-5 ақпан.-б. 5
Махамбет М.  Қазір қазақ поэзиясында талантты буын өсіп келеді //Қазақстан сарбазы.-2002.-19 қараша




5 желтоқсан
Қажым Жұмалиев
туғанына 105 жыл (1907-1968)

Әдебиет зерттеушісі, филологи ғылымдарының докторы, профессор Қажым Жұмалиев 1907 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауылында дүниеге келді.
Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген соң Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды.
Жұмалиев творчествосы оның әдеби қызметінен басталады. «Ерғожа мен Егізбай», «Шабуыл», «Қанды су», «Өмір жыры», «Қырдағы күрес» атты өлең-поэмалар кітаптары жарық көрді. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған. «Біржан-Сара» операсы либреттосының  «Арбасу» атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ интелегенциясының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» атты естелік жазды.
Қажым Жұмалиев 30 жылдардың соңынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихымен теориясын зерттеумен шұғылданды. Орта мектеп оқушылары көлемінде әдебиет тарихын жүйелеумен айналысып, 8-9 сыныптар үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын, «Әдебиет теориясын», республикалық жоғары оқу орындарының филологиялық факультеттеріне арналған. «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығын жазды. Махамбет шығармаларын жинап бастырып, ақын творчествасына, қазақ фольклоры мен әдебиетінің байланыстарын, Абай теориясына арналған монографиялық еңбектер жазды. Көп томды «Қазақ әдебиеті тарихын» жазуға қатысып, 2 томның редакциясын басқарды.

Әдебиеттер:
Оның шығармалары:

Жұмалиев Қ. Егеулі найза. Золотое копье: Зерттеулер.-Алматы: Арыс, 2003.-280 б.
Жұмалиев Қ. Егеулі найза.-Алматы: Жазушы, 1979.-188 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.-Алматы: Мектеп, 2002.-232 б.
Жұмалиев Қ. Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті. 9- сыныпқа арналған оқулық.-Алматы:Рауан, 1997.-190 б.
Жұмалиев Қ. Қарабаев С. Қазақ әдебиеті. 10- сыныпқа арналған оқулық.-12 –бас..-Алматы:Рауан, 1994.-205 б.

Ол туралы:
Ақмурзин А. Дарынды ғалым, ғибратты ұстаз //Орал өңірі.- 1997.-25 желтоқсан.
Жолдасов Қ. Танымал ғалым, өнегелі ұстаз //Орал өңірі.-1993.-26 ақпан
Жұмалиев Қ. //Қазақ әдебиеті. Энциклопедия.-Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999.-б.276-277
Жұмалиев Қ. //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы: Арыс баспасы, 2002.-б.291

Есімдердің алфавиттік көрсеткіші

А
Айбатов Қ.               24
Айбергенов Т.          9
Айболатұлы Б.         13
Ақбаев Ж.                 10
Арыстанов Ө.           21
Асанов Қ.                  22
Ахмиров Қ.               24

Ә
Әбуханов Ғ.            9
Әбілхатин Т.          25
Әлжанов Б.            22
Әлібаев Ғ.              20
Әмір Араб              23
Әуезов М.О.          14

Б
Бабажанов С.      19
Бабатайұлы Д.       18
Бағланова Р.Т.      7
Базарбаев М.          10
Базинер     19
Баймағамбетов А.  20.
Байсеитова К.         10
Балақаев М.Б.         14
Бегалиев Ғ.              21
Бектұрғанов Қ.Қ.    9
Берқалиев Б.Т.        24
Бердіғалиев К.Ж     9,29
Беркімбаева Ш.К.   15
Бигелдинов Т.Ж.     13
Бисенғалиев М .      9,30
Бисенғалиев М.       25
Битенов М.               23
Боранбайұлы Е.       18
Бөкеева З. М.           20
Бөкеев Ш.                19
Бірімжаров Б.Қ.      11
Бөкеева Х.                7
Ғ
Ғаббасов Э.              8,28
Ғұмаров Б.     24
Ғұмаров С.     8

Д
Даль В.И.                 20
Доспанова Х.Қ.    10
Датұлы С.                  17
Е
Есболаев Ә.               21
Ерғалиев Ғ.Қ.            24
Есенбаев Х.М.          22

Ж
Жантөрин С.А.    19
Жақыпов С.              22
Жақыпова Г.Х.    16
Жантілеуов Қ.    7,27
Жанұзақов Т.С.    12
Жәңгір хан                13
Жәрдемов Ж.С.    15
Жолдасбеков М.    11
Жолдыбаев М.    22
Жүнісов М.    14
Жұбанова Ғ.А.    16
Жұмалиев Қ.    17
Жұмағалиев Қ.          14,33           
Жұмағалиев Б           16

З
Затаевич А.В.    13
Зиманов С.    26

И
Исатаев Ж.    10
Иночкин А.Г.    14
Ипмағанбетов Ә.Н.    11

К  
Карелин Г.С.    19
Кәкішев Т.    13
Кенжәлі А.                     7
Кенжәлиев И.Н.    11
Кеңебаев Т.К.                9
Ковель П.В.                   25
Көкіұлы Е.                    17
Крылов И.     18
Қ
Қабдолов З.       16
Қажығалиев Ш.С.       11
Қажымов Д.       15
Қазиев Е.       16
Қалқаұлы Т.                  19
Қаратілеуов С.              21
Қасымұлы К.                18
Қожанұлы М.                20
Қонаев Д.А.                   8
Қоңыратбаев Ә.            14
Қирабаев С.К.               10
Құсаинов Т.                   12
Құлманов Б.А.               20
Қыдыров Х.                   24

Л
Лұқпанов С.                     20

М
Максимов С.В.    20
Масин Т.    7
Мәметова М.    12
Мәмбетұлы Ж.    18
Меңдіханов И.    21
Меңдешев С.    11
Мүсірепов Ғ.М.    10
Мұқатов С.    23
Мұрзағалиев М.    21
Мустафин Ғ.    16

Н
Назарбаев Н.                  13
Наурызбай батыр.          18
Нәріков А.                      12,31
Неусыпов Ф.М.              22
Нұралыұлы Қ.                18
Нұрғожаұлы А.    17

О
Оразғалиев Қ.    7
Оңдасынұлы Базар.    10
Орманов Ғ.    13

Ө
Өтебайұлы О.                   19
Өтемісұлы М.                   14,18,19
Өтетілеуов Б.    12

П
Протасов Л. Н.    22
Правдухин В.П.    8,23
Пугачев Е.П.    17
Пушкин А.С.    14
Р
Рысбеков Т.З.                    13
Рычков П.И.                      17

С
Саин Ж.                              8
Сарай Ә.                             15
Сатыпалдыұлы Қ.    17
Сауанов Ы.                         22
Сейітов С.                          15,35
Сисенғалиев З.                  12,32

Т
Тажетдинов А.Ж.              21
Тайманұлы И.                   17,18,19
Тайманов А.Д.                  15
Танашев У.Ш.                   21
Темірғалиев Н.                  25
Тихоненка А.Я.                 16
Толстой А.Н.                     12
Тілеужанов М.М.              16

У
Уәлиев Ы.    23

Ф
Федин К.А.    8

Х
Хасанов Қ.                           25
Хибашев Ғ.                          15

Ш
Шәмиева А.Ш.    9
Шәуалиев К.    24
Шұғаев И.Ш.    15
Шоланов Ғ.    23

Щ
Щербанов Н.М.    7

Ч
Чапаев В.И.    8
Чумаев М.    23
Чурилин А.    23

І
Ізтілеуұлы Т.    12

Э
Эверсман Э.А.