КБЖ 91
ӘОЖ 059.3
Е 45
Құрастырушылар: Н.А.Ермекқалиева, Г.Қ. Шарипова
Жауапты редакторы: Т.Е.Алимбекерова - ғылыми кітапхана директоры
2013 жылғы атаулы күндер тізбегі = Календарь знаменательных дат на 2013 год /құр.: Н.Ермекқалиева, Г.Шарипова, жауапты ред. Т.Алимбекерова.-Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2012.- 80 б.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Күнтізбе кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет саласындағы қызметкерлерге және жалпы оқырмандарға арналады.
Құрастырушыдан
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Әдебиеттерді насихаттауда және өлкеміздегі көрнекті окиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Көрсеткіште негізінен Батыс Қазақстан өңірінен шыққан, осы өңірде еңбек етіп, өмір сүрген атақты адамдардың мерейтойлары енгізілген. Сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың, қала, аудан, ауылдарға байланысты айтулы даталар берілген.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдар тізімдері мен Қазақстан Республикасының аумағында аталып өтілетін ресми, кәсіби мейрамдармен қатар дүниежүзілік көлемде аталып өтілетін айтулы күндер, әр түрлі мамандыққа байланысты мейрамдар тізімі берілген. Көрсеткіштің екінші бөлімінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 2013 жылы аталып өтілетін еске алынатын даталар тізімі, үшінші бөлімде айы мен күні белгісіз 2013 жылы еске алынатын күндер тізбегі көрсетіледі. Ал соңғы бөлімде облысымыздың тарихы мен мәдениетіндегі, экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі көрнекі даталарға, қайраткерлердің мерейтойлық даталарының кейбіреулеріне қысқаша мәлімет жазылып, әдебиеттер тізімі берілген. Қысқаша мәлімет берілген даталар алғашқы бөлімде ерекше белгімен (*) көрсетілген.
Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.
Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМДАРЫ
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 мамыр Отан қорғаушы күні
9 мамыр Жеңіс күні
30 тамыз ҚР Конституциясы күні
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР
НАУРЫЗ
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
23 наурыз - Дүниежүзілік метеорология күні
24 наурыз - Туберкулез ауруына дүниежүзілік күрес күні
27 наурыз - Халықаралық театр күні
30 наурыз - Жерді қорғау күні
СӘУІР
1 сәуір - Күлкі күні
1 сәуір - Құстар күні
2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
11 сәуір- Фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат етудің халықаралық күні
12 сәуір - Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні
18 сәуір - Тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күні
23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
24 сәуір - Халықаралық жастар ынтымағы күні
26 сәуір - Халықаралық санаткерлік меншік күні
29 сәуір – Халықаралық би күні
30 сәуір - Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні
МАМЫР
3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз күні
4 мамыр – Халықаралық СПИД құрбандарын еске алу күні
5 мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
7 мамыр - Радио күні
7 мамыр - Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні
12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні
21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні
31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні
МАУСЫМ
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
5 маусым - Дүниежүзілік тіршілік өрісін сақтау күні
17 маусым - Дүниежүзілік қуаңшылық және шөлейттенуге қарсы күрес күні
20 маусым - Дүниежүзілік босқындар күні
23 маусым - Халықаралық Олимпия күні
26 маусым - Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні
26 маусым - Баспасөз күні
27 маусым - Дүниежүзілік балықшылық күні
28 маусым - Баспасөз күні
ШІЛДЕ
1 шілде - Дүниежүзілік сәулет күні
6 шілде - Астана күні
ТАМЫЗ
6 тамыз - Ядролық каруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні
12 тамыз - Халықаралық жастар күні
13 тамыз - Спорт күні
14 тамыз - Құрылысшылар күні
ҚЫРКҮЙЕК
1 қыркүйек - Білім күні
8 қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні
8 қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні
16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні
30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні
ҚАЗАН
1 қазан - Халықаралық қарттар күні
3 қазан - Халықаралық музыка күні
5 қазан - Халықаралық дәрігерлер күні
5 қазан - Мұғалімдер күні
9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні
14 қазан - Халықаралық стандарттау күні
18 қазан - Рухани келісім күні
22 қазан - Бүкіл дүниежүзілік ақпараттар тарату күні
24 қазан - Халықаралық БҰҰ күні
ҚАРАША
9 қараша - Дүниежүзілік сапа күні
10 қараша- Дүниежүзілік жастар күні
13 қараша - Халықаралық зағиптар күні
14 қараша - Дүниежүзілік диабетке (сусамыр) қарсы күрес күні
15 қараша - Ұлттық валюта- теңге күні
17 қараша - Халықаралық студенттер күні
19 қараша - Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күні
26 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні
ЖЕЛТОҚСАН
1 желтоқсан - СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні
10 желтоқсан - Адам құқықтары күні
17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні
2013 жылы атап өтілетін және еске алынатын айтулы күндер тізбегі
ҚАҢТАР
1 қаңтар - мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 70 жыл (1.01.1943).
1 қаңтар – қазақ жазушысы, балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл (1938-2006).
1 қаңтар - филология ғылымының кандидаты, доцент Роза Қазиқызы Мұхамбетқалиеваның туғанына 60 жыл (1953).
18 қаңтар - ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл (18.01.1873-8.12.1938).*
23 қаңтар – тарих ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Олег Щелоковтың туғанына 60 жыл (1953).
АҚПАН
2 ақпан - әнші-композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына 65 жыл (1948).
10 ақпан – публицист, әдебиетші, аудармашы Зейнолла Серікқалиевтың туғанына 75 жыл (1938-2004).
20 ақпан – география ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Валентин Амельченконың туғанына 60 жыл (1953).
20 ақпан – филология ғылымының кандидаты, БҚМУ доцентІ Кабира Кабошқызы Биалиеваның туғанына 70 жыл (1943).
22 ақпан – тарих ғылымының докторы, БҚМУ доценті Әсет Сембайұлы Тасмағамбетовтың туғанына 50 жыл (1963).
26 ақпан – педагог, мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Сарықызы Әйтімованың туғанына 60 жыл (26.02.1953).
Ақпан – «Абай» журналының жарық көре бастағанына 95 жыл (1918).
Ақпан – «Жұлдыз» журналының жарық көре бастағанына 85 жыл (1928).
НАУРЫЗ
8 наурыз – қазақ тіл маманы, филология ғылымының докторы Әсет Болғанбаевтың туғанына 85 жыл (8.03.1928)
11 наурыз – қазақ тілі маманы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың туғанына 120 жыл (11.03.1893-5.04.1958)
22 наурыз – педагогика ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Илья Ломоносовтың туғанына 75 жыл (1938).
СӘУІР
3 сәуір – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 140 жыл (3.04.1873-18.05.1919)
3 сәуір – тарих ғылымының кандидаты, профессор, ғалым-тарихшы, өлкетанушы Павел Букаткиннің туғанына 90 жыл (1923).
10 сәуір – Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру туралы заңының қабылданғанына 20 жыл (1993).
23 сәуір – тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, педагог Қарашаш Халелқызы Досмұхамедованың туғанына 90 жыл (23.04.1923).
23 сәуір – жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 95 жыл (23.04.1918-30.12.2006).*
26 сәуір – педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл (24.04.1883-23.04.1939).*
МАМЫР
2 мамыр – филология ғылымының докторы, профессор, академик Кәкен Аханұлы Ахановтың туғанына 85 жыл (2.05.1928-18.08.1978).
4 мамыр – қазақ әдебиетшісі, филология ғылымының докторы, педагог, профессор Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл (4.05.1928-2003).
9 мамыр – химия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Ақтоты Болатқызы Ниязбекованың туғанына 50 жыл (1963).
12 мамыр – филология ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Ағилаш Әділқызы Ниязғалиеваның туғанына 55 жыл (1958).
15 мамыр – филология ғылымының докторы Нұржамал Оралбайқызы Оралбаеваның туғанына 85 жыл (15.05.1928).
15 мамыр – Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 85 жыл (15.05.1928).
30 мамыр – композитор, өнертану докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис Ерзаковичтің туғанына 105 жыл (30.05.1908-2.05.1997).
МАУСЫМ
13 маусым – философия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Құрманай Мадиқызы Науанованың туғанына 55 жыл (1958).
23 маусым – музыка зерттеушісі, профессор Петр Васильевич Аравиннің туғанына 105 жыл (23.06.1908-29.05.1979).
25 маусым – ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 120 жыл (25.06.1893-19.03.1938).*
ШІЛДЕ
11 шілде – қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл (11.07.1858-2.10.1931). *
27 шілде – композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың туғанына 65 жыл (1948).
ТАМЫЗ
9 тамыз - өнертану ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Галина Гурьеваның туғанына 65 жыл (1948).
15 тамыз – ақын, ҚР халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 85 жыл (1928-1994).
15 тамыз – экономика ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Галина Нестеренконың туғанына 55 жыл (1958).
21 тамыз - педагогика ғылымының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің туғанына 60 жыл (1953).
30 тамыз - қазақ мектебіне арналған орыс тілі оқулықтарының авторы Шаймақова Рауза Қуандыққызының туғанына 80 жыл (30.08.1933).
ҚЫРКҮЙЕК
2 қыркүйек – жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 95 жыл (02.09.1918-1987)
3 қыркүйек – ағарту ісінің көрнекті қайраткері Әуезхан Қанафияұлы Қанафиннің туғанына 85 жыл (3.09.1928).
4 қыркүйек – қазақтың ақын қызы Жадыра Дәрібаеваның туғанына 65 жыл (1948).
8 қыркүйек - ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты Нұржан Рахметұлы Молдахановтың туғанына 55 жыл (1958).
13 қыркүйек – қазақ балетмейстері, ҚР халық әртісі Аюханов Болат Ғазизұлының туғанына 75 жыл (1938).
26 қыркүйек – тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың туғанына 75 жыл (26.09.1938).
26 қыркүйек - жазушы Тайыр Жароковтың туғанына 105 жыл (26.09.1908-1965).
ҚАЗАН
1 қазан - педагог, жазушы, аудармашы Спандияр Көбеевтің туғанына 135 жыл (1.10.1878-2.12.1956)
2 қазан – ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі, актер Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың туғанына 65 жыл (1948).
13 қазан - ҚР халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің туғанына 75 жыл (1938-1996).
15 қазан - философия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Есенгелді Шмырұлы Ниязовтың туғанына 70 жыл (1943).
25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл (25.10.1923-1994).
28 қазан – ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл (28.10.1893-21.05.1920). *
29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 90 жыл (29.10.1923).
ҚАРАША
5 қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы қаулысына 20 жыл (5.11.1993).
15 қараша - педагогика ғылымының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлының туғанына 50 жыл (1963).
ЖЕЛТОҚСАН
5 желтоқсан - қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің туғанына 95 жыл (5.10.1918).
11 желтоқсан – биология ғылымының кандидаты Зоя Сахарнованың туғанына 65 жыл (1948).
24 желтоқсан – Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл (24.12.1928-2001).
25 желтоқсан - жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 105 жыл (25.12.1908-1975).*
27 желтоқсан – қазақ тілінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туғанына 110 жыл (27.12.1903-21.01.1958).
28 желтоқсан – биология ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Владимир Мельниковтың туғанына 60 жыл (1953).
Айы мен күні белгісіз 2013 жылы еске алынатын күндер
- педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы) ашылғанына 80 жыл (1933).
- көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 115 жыл (1898 қараша-1937).
- қазақтың атақты әншісі, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте күміс медаль алған Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл (1888-1934).
- қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 155 жыл (1858-1931).
- ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 170 жыл (1843-1913).
- ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 170 жыл (1843-1906).
- суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлының туғанына 195 жыл (1818-1881).
- Шал ақынның туғанына 265 жыл (1748-1819).
- Бұқар жыраудың туғанына 345 жыл (1668-1781).
***
1 қаңтар
Ақын, педагог, түрколог, ғалым
Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл
(1873-1938)
Ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынов, А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, мақалалар және әдеби зерттеулер.-Алматы: Жалын, 1991.-469 б.
2. Байтұрсынұлы, А. Бес томдық шығармалар жинағы.-А. :Алаш мұрасы. Т.3.-2005.-352б.
3. Байтұрсынұлы, А. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы :Алаш.-(Алаш мұрасы).Т.4:Әліппелер мен мақалалар жинағы.-2006.-320 б.
4. Байтұрсынұлы, А. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Алаш. 5 том: Ер Сайын. 23 жоқтау мақалалар.-2006.-288 б.
5. Байтұрсынов, А. Тіл тағылымы /Құрастырған Г.Әнесов, А.Мектепов.-Алматы: Ана тілі, 1994.-446 б.
6. Байтұрсынов, А. Шығармалары Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1989.-319 б.
Ол туралы:
1. Ақиқат ақ сөйлейтін туар заман [Текст] //Абай. - 2011. - №5-6. - Б. 22-26.
2. Байділдин, Ш. Азаттық үшін алысқан Алаш [Текст] /Ш.Байділдин //Мәдени мұра.- 2011. - №6(39).-қараша-желтоқсан. - Б. 68-71.
3. Байтұрсынов, А. Ауру жайынан [Текст] / А. Байтұрсынов //Қазақ. - 2012. - №20-21. - Б. 2.
4. Имаханбетова, Р. Ахаңның әліпбиі [Текст] / Р. Имаханбетова //Алаш айнасы. - 2012. - №42. - Б. 5.
5. Көлбаев, Т. Қазан төңкерісі әкелегн қанды қырғын мен ашаршылық [Текст] / Т. Көлбаев //Алаш айнасы. - 2012. - №58. - Б. 4.
6. Қирабаев, С. Ахмет Байтұрсынов - тәуелсіздік жыршысы [Текст] /С.Қирабаев //Қазақ. - 2012. - №14-15. - Б. 7.
7. Малдыбай, А. Д. Ахмет Байтұрсыновтың әліпби реформасы [Текст] / А. Д. Малдыбай //Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. - 2012. - №4(134). - Б. 322-325.
8. Мәмет, С. Ұлт ұстазы-Ахмет..Ғафу ет [Текст] /С. Мәмет //Егемен Қазақстан. - 21 ақпан 2012. - №65. - С. 6.
9. Өмірзақова, Ж. Алаш және қазақ зиялары [Текст] /Қ. Тұяқбаев //Ұлағат. - 2012. - №1. - Б. 3-8.
10. Тайшыбай, З. Ел тарихының ерекше беттері [Текст] : 1.Қазақ съездері / З. Тайшыбай //Түркістан. - 2011. - №48.-1 желтоқсан. - Б. 9.
11. Шүкірұлы, С. Қазақ жазуының қалыптасуы һәм болашағы [Текст] / С. Шүкірұлы //Ана тілі. - 2012. - №13. - Б. 5.
* * *
23 сәуір
Жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы
Қасым Қайсеновтың туғанына 95 жыл
(1918-2006)
Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Ол 1918 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.
1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады. Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады. 1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды. 1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
Шығармашылығы. Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы. 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.
Марапаттары. Қайсенов «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстанның халық қаһарманы.
Ол 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.
Әдебиеттер:
1. Қайсенов, Қ. Ажал аузынан /Қ.Қайсенов.-Алматы: Мемкөркемәдебиет баспасы, 1959.-128 б.
2. Қайсенов, Қ. Ағалар туралы аңыз /Қ.Қайсенов.-Алматы: Балауса, 1992.-140 б.
3. Қайсенов, Қ. Жау тылында: Соғыстан кейінгі кездесулер: повестер. /Қ.Қайсенов.-Алматы: Жазушы, 1967.-511 б.
4. Қайсенов, Қ. Жау тылындағы бала /Қ.Қайсенов.-Алматы, 1960.-136 б.
Ол туралы:
1. Абдешев, З. Көз көріп, құлақ естіген/З.Абдешев. //Жұлдыз.-2010.-№11.- Б.133
2. Бектасова, Г. Қасыммен - жетпіс жыл, бір күн! :Асыл апаймен сұхбат. //Түркістан.-2007.-28 маусым - б. 7.
3. Қабышұлы, Г. Қаскең/Г.Қабышұлы. //Қазақ әдебиеті.-2010.-№18.- 7 мамыр.- Б.1-7.
* * *
24 сәуір
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым
Халел Досмұхамедовтың туғанына
130 жыл (1883-1939)
1883 жылғы 24 сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Қызылқоға ауданының Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келді.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Халел Ойыл (Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз училищесінде бастапқы білім алып, содан кейін Орал қаласындағы әскери-реалды училищені 1903 жылы үздік бітірді. Сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық Академиясына түсіп, оны 1909 жылы 17 қарашада алтын медальмен дәрігер дәрежесінде бітіріп шықты. Академияда озат оқуы үшін Халел статский советник Адуингтің және Теңіз ведомствосының стипендияларын алып тұрды. Ол Ресей ғылым академиясының өлкетану бюросының, Денсаулық сақтау халық комиссариаты коллегиясы мүшелігіне сайланған алғашқы қазақтардың бірі болды.
Х.Досмұхамедов - қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен 20 ғасырдың 20-30 жылдарындағы «алыптар тобының» көрнекті өкілі, «Алаш» қозғалысының көшбасарларының бірі, жан-жақты ғұлама ғалым, ұстаз, ағартушы, қоғам қайраткері. Мамандығы дәрігер бола тұрып тек медицина, гигиена салалары бойынша ғана емес, жалпы табиғаттану, анатомия, физиология, зоология, ботаника, тіл, әдебиет, тарих ғылымдары бойынша да көлемді кітаптар, ірілі-ұсақты мақалалар жариялаған. Медицина мен гигиена, биология мен адам анатомиясы, жалпы табиғаттану саласынан өз заманында шыңға шығып, қоғам сұранысын өтер іргелі еңбектер жазған ғалым рухани және қоғамдық ғылымдар саласында да өшпес із қалдырды. Х.Досмұхамедов қазақтың ұлтжанды зиялылары қатарында жалпы ұлтттық саяси «Алаш» партиясын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметінің мүшесі болды.
30-шы жылдары қуғынға ұшыраған Х.Досмұхамедов жеті жылға Ресейдің Воронеж қаласына жер аударылды. 1938 жылы «Халық жауы» айыбымен тұтқындалып, 1939 жылы 23 сәуірде ІІХК Әскери трибуналының шешімімен ату жазасына бұйырылады. 1939 жылдың 19 тамызында түрме ауруханасында өкпе ауруынан қайтыс болды. 1958 жылы 11 ақпанда КСРО Жоғары Соты Әскери коллегиясының шешімімен ақталды.
Әдебиеттер:
1. Досмұхамедов, Х. Исатай-Махамбет.-Алматы: Қазақстан, 1991.-256 б.
2. Досмұхамедұлы, Х. Таңдамалы.-Алматы: Ана тілі, 1998.-384 б.
Ол туралы:
1. Байділдин, Ш. Азаттық үшін алысқан Алаш [Текст] / Ш. Байділдин //Мәдени мұра. - 2011. - №6(39).-қараша-желтоқсан. - Б. 68-71.
2. Нұрпейіс, К. және т.б. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы.-Алматы: Санат, 1996.
3. Өтебәлі, Ғ. Исатай батыр бейіті. Халел Досмұхамбедұлының ақиқаты қалай ұмытылды? [Текст] / Ғ. Өтебәлі //Орал өңірі. - 2012. - №70.-16 маусым. - Б. 9.
4. Сәулебекова, К. Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері [Текст] / К. Сәулебекова //Қазақстан тарихы. - 2012. - №3. - Б. 82-86.
5. Сүлейменова, Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. - Алматы, 2004
* * *
25 маусым
Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері
Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 120 жыл (1893-1938)
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп, енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақты азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді.
Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын қуғын-сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.
2009 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында М.Жұмабаевтың «Жан сөзі» өлеңдер жинағын республикалық көлемде оқу шарасы болып өтті. М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы аясында облыстық Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасымен оқырмандар конференциясын өткізді.
Әдебиеттер:
1. Жұмабаев, М. Батыр Баян: Өлеңдер мен поэмалар.-Астана: Елорда, 1998.-327 б.
2. Жұмабаев, М. Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар.-А.: Раритет, 2005.-256 б.
3. Жұмабаев, М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі, 1992.-160 б.
4. Жұмабаев, М. Шығармалары: Өлеңдері, поэмалары, прозалары.-Алматы: Жазушы, 1989.-448 б.
5. Жұмабаев, М. Шығармалары.Үш томдық.-Алматы: Білім, 1995. Т.І.-256 б.
6. Жұмабаев, М. Шығармалары.Үш томдық.-Алматы: Білім, 1995. Т.ІІ-ІІІ.-512 б.
Ол туралы:
1. Асабаев, З. Қос арысты көрген қариялар [Текст] / З. Асабаев // Ана тілі. - 2012. - №: 11-12. - Б. 14.
2. Байділдин, Ш. Азаттық үшін алысқан Алаш [Текст] / Ш. Байділдин // Мәдени мұра. - 2011. - №6(39).-қараша-желтоқсан. - Б. 68-71.
3. Елеукенов, Ш. Мағжанның мақсаты ел бүтіндігін, бірлігін сақтау болатын [Текст] / Ш. Елеукенов // Аңыз адам. - 2012. - №: 1. - Б. 5-10.
4. Жұмабаева, Р. Мағжан өлімінің шындығынан. Кеңестің өтірігі қымбат па?[Текст]/ Р. Жұмабаева //Алаш айнасы.-2012.-№67.-Б.5.
5. Жұмабаева, Б. Мағжан әлемінен сыр шертейік [Текст] / Б. Жұмабаева //Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында. - 2012. - №2. - Б. 54-55.
6 Күмісбаев, Ө. Мағжан және дүния әдебиеті [Текст] /Ө. Күмісбаев //Мәдениет. - 2012. - №1.-қаңтар. - Б. 34-41.
7. Күмісбаев, Ө. Әбу Фирас және Мағжан Жұмабаев [Текст] /Ө.Күмісбаев //Түркістан. - 2012. - №7.-16 ақпан. - Б. 10.
8. Мырзахметұлы, М. Түркі халықтарын рухани біріктірудің кілті - ортақ жазуда. [Текст] /М. Мырзахметұлы //Аңыз адам. - 2012. - №: 1. - Б. 42-43.
9. Муканова, Г. "Батыр Баян" поэмасы [Текст] /Г. Муканова //Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. - 2012. - №4. - Б. 23-24.
10. Сабирова, Ж. М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы психологиялық мотивтер [Текст] / Ж. Сабирова, А. Сиғуатова //Мектептегі психология. Психология в школе. - 2012. - №5. - Б. 10-11.
11. Сәулебекова, К. Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері [Текст] / К. Сәулебекова // Қазақстан тарихы. - 2012. - №3. - Б. 82-86.
12. Шапиян, М. Мағжанның ақындығы туралы [Текст] / М. Шапиян // Аңыз адам. - 2012. - №: 1. - С. 12-14.
* * *
11 шілде
Қазақтың ақыны, ойшыл аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің
туғанына 155 жыл (1858-1931)
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.
Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19 ғ.-дың аяғы мен 20 ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, («Анық асық әулие», «Шын сырым») адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жастарға» (1880), «Арман», «Насихат» (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сөз етеді. Шәкәрім қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде («Бай мен кедей», «Бай мен қонақ») мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, «еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын» деп уағыздайды. «Жуандар» деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.
Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша «Қалқаман — Мамыр» дастанын жазды (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. «Еңлік—Кебек» дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. «Айсұлу—Нартайдың» поэмасы жамандықты жазаласа, «Әділ—Мария» романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев—«Қодардың өлімі», «Крез патша» дастандарының авторы.
Әдебиеттер:
1. Құдайбердіұлы, Ш. Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар.-А., 1988.-256 б.
2. Құдайбердіұлы, Ш. Қазақ айнасы: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Атамұра, 2003.-296 б.
3. Құдайбердіұлы, Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: М.Мағауин. — Алматы: Жалын, 1988.-256 б.
4. Құдайбердұлы, Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: Х.Сүйіншалиев.- Алматы: Рауан, 1990.-208 б.
5. Құдайбердіұлы, Ш. Түрік, қырғыз-қазақ, хәм хандар шежіресі.-Алматы: Қазақстан, 1991.-80 б.
6. Құдайбердіұлы, Ш. Шығармалары: өлеңдер, дастандар, прозалар/ Құрастырған М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, А.Құдайбердиев.-А.:Жазушы, 1988.-560 б.
Ол туралы:
1. Айғараева, К. М. Дана Абай шәкірті - Шәкәрім Құдайбердиев [Текст] / К.М. Айғараева // Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тпну = Социальная педагогика и самопознание. - 2012. - №1. - Б. 9-10.
2. Айтбаева, А. Шәкерiм Құдайбердiұлының дiни-этикалық көзқарасы: Автореферат / Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi.- Алматы, 1996.- 26 б.
3. Әбдiғазиев, Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi және Шәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.- 128 б.
4. Жолдасбекұлы, М. ж.б. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлi тұлғалары /М. Жолдасбекұлы, І. Салғараұлы, А.Сейдiмбек.-Астана: KUL TEGIN, 2001.- 356 б.
5. Жұртбай, Т. Шәкәрім мұрасы қалай ақталды? [Текст] /Т.Жұртбай // Түркістан. - 2012. - №11. - Б. 9.
6. Кенжалин, Ж. Алаш оқығандары [Текст] / Ж. Кенжалин // Ана тілі. - 2012. - №5.-2-8 ақпан. - Б. 5.
7. Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық көрсеткiш.- Алматы, 1994.- 145б.
8. Қалықова, Р. Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығын несиелік технология бойынша оқыту [Текст] /Р. Қалықова, Г. Ахантаева // Қазақстан меқтебі. - 2012. - №3. - Б. 27-28.
9. Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлерi.- Алматы: Атамұра, 1995.- 208 б.
10. Нұрмаханова, Н. Дана Абай шәкірті - Шәкәрім Құдайбердиев [Текст] / Н. Нұрмаханова // Әдіскер = Методист. - 2012. - №1. - Б. 21-23.
11. Оразбек, М. Ақындық тұлға табиғаты ( Шәкәрiм, Мағжан, Сұлтанмахмұт): Зерттеу.- Астана: Фолиант, 2002.- 152 б
12. Сейткемелов, Х. Шұбырынды қанды босқын.- Алматы:Қазақстан, 1993.- 80 б.
13. Тiлеуханова А.Т. Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк пен таным бiрлiгi: Автореферат Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ.- Алматы, 1995.- 25б.
14. Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ.-А.: Раритет. Т.1.-Т.2-2007.-448 б.
* * *
21 тамыз
педагогика ғылымының докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры
Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің
туғанына 60 жыл (1953).
Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 1953 жылдың 21 тамызында Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді. Еңбек жолын 1975 жылы Гурьев темір жол техникумында тарих пәнінің оқытушысы болып бастады. А.С. Иманғалиевтің жоғары мектептегі ғылыми – педагогикалық қызметі 1979 жылы Гурьев педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының оқытушысы қызметінен басталды. 1982 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ҒЗИ аспирантурасына түсті. 1985 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған соң, Гурьев педагогикалық институтында қызметін жалғастырды. 1987-1989 жылдары тарих-филология факультетінің деканы. 1989-2000 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ал 2000 жылы осы университеттің ректоры болып тағайындалды. 1999 жылы педагогика ғылымдарының докторы атағын алу үшін ғылыми диссертациясын сәтті қорғады. 2009 жылы «Каспий өңірі академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. А. С. Иманғалиев Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі (2000), Қазақ білім беру академиясының академигі болып табылады. Ол 100-ден аса ғылыми еңбектердің, 3 монография, 2 оқулықтың авторы. Асхат Сәлімұлы – белсенді қоғам қайраткері. 1999-2004 жылдары Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2011 жылға дейін Атырау облыстық мәслихатының депутаты және «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі болды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында «Отан» партиясы Атырау облыстық штабының, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауында «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық штабының төрағасы болды. А. С. Иманғалиев 2005 жылы Қазақстан Республикасы ғылымы мен білім беру саласын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды. А. С. Иманғалиев иеленген марапаттар: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003 ж.), «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» (2007 ж.), «Каспий өңірі ЖОО-ы қауымдастығына 10 жыл» (2006 ж.), Ы. Алтынсарин атындағы медалі (1991 ж.), А. Байтұрсынов атындағы медалі (2003 ж.), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) мерекелік медалдері.
2011 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.
Ғылыми еңбектері:
1. Имангалиев, А.С. Валеология: Учебник для школ. - Алматы: Әлем, 1998. -207 с.
2. Имангалиев, А.С. Валеология: Учебник /Республиканский кабинет КАО им. И. Алтынсарина. - Алматы, 1999.-207 с.
3. Имангалиев, А.С. Валеология: [Электронный учебник для учащихся 7-8 классов], 2006
4. Имангалиев, А.С. Основы валеологии: Программа для старших классов средней школы / Атырауский ун-т. - Атырау, 1998. - 15 с.
5. Имангалиев, А.С. Педагогическая валеология: Монография. - Алматы: Алем, 1998. -262 с.
6. Имангалиев, А.С. Педагогическое проектирование валеологически ориентированной личности.-Алматы, 1996.-18 с.
7. Имангалиев, А.С. Практические работы по курсу «Основы валеологии, физического воспитания и развития»: Учебное пособие для студентов вуза. -Алматы: Өлке, 1997. - 57 с.
8. Имангалиев, А.С. Прогрессивные идеи и опыт народного воспитания у казахов: Монография. - Алматы: Өлке, 1997. -140 с.
9. Имангалиев, А.С. Развитие педагогической валеологии в системе оздоровительной физической культуры старшеклассников: Автореф. дисс. на соиск.учен.степ. докт. пед. наук. - Алматы, 1999. - 46 с.
10. Имангалиев, А.С. Развитие общественно-трудовой активности учащихся в трудовых объединениях школьников: (на материале сельских школ Казахстана, 1958-1980 гг.): Автореф.дис..на соиск. учен. степ. канд. пед. наук.-Алма-Ата, 1985.-25 с.
11. Имангалиев, А.С. Развитие идей валеологии и физического воспитания детей в казахской этнопедагогике. - Алматы: Өлке, 1996. - 142 с.
12. Имангалиев, А.С. Содержание валеологического образования. - Алматы: Ана тілі. –Жалын, 1998. - 45 с.
13. Имангалиев, А.С. Физическое воспитание в народной педагогике: Методическое пособие /Атырауский ун-т. - Атырау, 1994. - 22 с. (Соавт A.M. Мухамеджанова, Т.А. Ботагариев)
14. Иманғалиев, А.С. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаттығына №22 сайлау округі бойынша үміткер Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің сайлауалды бағдарламасы /А.С. Иманғалиев //Орал өңірі. - 2012. - №1.-5 қаңтар. - Б. 4.
15. Иманғалиев, А.С."БҚМУ-бәсекеге бек қабілетті білім ордасы" [Текст]/А.С. Иманғалиев //Орал өңірі.-2012.-№84-85. - Б. 4.
16. Имангалиев, А. С. Высшее образование на пути перемен [Текст] /А.С. Имангалиев // Жайық үні = Жизнь города.-2012.-№30. - Б. 5.
17. Иманғалиев, А. С. Ғылым жаңалықтары оқулыққа енгізілсе [Текст] / А.С. Иманғалиев // Орал өңірі. - 2012. - №81. - Б. 3.
18. Иманғалиев, А.С. Елбасы білім мен ғылымның көкжиегін түгелдей ашып берді /А. С. Иманғалиев //Алаш айнасы. - 2012. - №16.- Б. 3.
19. Иманғалиев, А.С. Жоғары оқу орны студенттерінің риторикалық мәдениетін қалыптастыру аспектілері/ А.С. Иманғалиев, А.С. Қыдыршаев //М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. - Орал, 2011. - №4. - Б. 86-93.
20. Иманғалиев, А.С. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 80 жыл /А.С. Иманғалиев //Қазақстан жоғары мектебі.-2011.-№4.-Б. 5-10.
21. Имангалиев, А.С. С днем рождения газета/А. С. Имангалиев //Приуралье. - 2011. - Ст. № 132.-17 ноября. - С. 4.
22. Иманғалиев, А.С. Тіл саясатының білім беру жүйесінде жүзеге асыру/А. С. Иманғалиев //"Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі" атты ғылыми-тәжіребелік конференция материалдары. - 2011. - Б. 3-4.
23. Имангалиев, А.С. Учить учиться /А.Имангалиев// Казахстанская правда. - 6 марта 2012. - №64. - С. 7.
24. Имангалиев, А. Эпоха перемен [Текст] / А. Имангалиев //Литер. - 2012. - № 149.-11 августа. - С. 2.
Ол туралы:
1. Асхат Сәлімұлы Иманғалиев: Биобиблиографиялық көрсеткіш. («Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясына материалдар» сериясы) /Құр. Ж.Е.Кенжебаева.-А., 2003.-79 б.
2. Габдуллин, Б. "ЗКГУ - конкурентоспособный образовательный центр" [Текст] / Б. Габдуллин // Приуралье. - 2012. - № 82.- 24 июля. - С. 5.
3. Мақпырұлы, С. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-80 жыл [Текст] /С. Мақпырұлы //Қазақстан жоғары мектебі. - 2011.- №4. - Б. 5-10.
4. Мұратқызы, В. «Студенттік кезең – жалынды жастықтың куәсі»: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Асхат Иманғалиевпен сұхбат. /В.Мұратқызы// Жастар жанары.-2011.-№8.-28 қазан.-Б.5.
***
28 қазан
Ағартушы, ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
туғанына 120 жыл (1893-1920)
1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.
Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған төменде айтып кеткен үш төңкеріс, ол Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.
Әдебиеттер:
1. Торайғыров, С. Асыл сөз: Өлеңдер мен дастандар.-А.: Қазақпарат, 2005.-117 б.
2. Торайғыров, С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары.-А.: Жазушы, 2002.-152 б.
3. Торайғыров, С. Айтыс (Қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) /С.Торайғыров. //Қазақ.-2011.-№5-6.-Б.8-9.
4. Торайғыров, С. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Ғылым, 1993. Т.І. -280 б. Т.ІІ. 200 б.
5. Торайғыров, С. Қамар сұлу: Романдар, поэмалар, өлеңдер.-А.: Атамұра, 2002.-240 б.
6. Торайғыров, С. Қамар сұлу.-А., 2002.-240 б.
7. Торайгыров, С. Огонек в степи. Избранные стихи.-М.: Худ.литература, 1979.-196 с.
8. Торайғыров, С. Романдар мен поэмалар.-Алматы:Рауан, 1992.-238 б.
9. Торайғыров, С. Сарыарқаның жаңбыры: 1-кітап. Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1987.-160 б.
10. Торайғыров, С. Сарыарқаның жаңбыры: 2-кітап. Поэмалар, романдар, әңгімелер, мақалалар мен хаттар.-Алматы: Жазушы, 1987.-224 б.
11. Торайғыров, С. Сарыарқаның жаңбыры: Өлеңдер мен дастандар.-Алматы: Раритет, 2007.-208 б.
12. Торайғыров, С. Үш томдық шығармалар жинағы.-А.: Алаш Т.3.- 2005.-231 б.
13. Торайғыров, С. Шығармалары.-Алматы: Казгослитиздат, 1957.-398 с.
Ол туралы:
1. Байділдин, Ш. Азаттық үшін алысқан Алаш [Текст] / Ш.Байділдин //Мәдени мұра. - 2011. - №6(39).-қараша-желтоқсан. - Б. 68-71.
2. Батырова, Б. С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" романы [Текст] / Б. Батырова // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2012. - №4. - Б. 7-8.
3. Байғабылов, Н. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жаңа өлеңі ақын жинағына неге енбей қалған? [Текст] / Н. Байғабылов // Үш қоңыр. - 2012. - №19.-16 мамыр. - Б. 5.
4. Кәрменова, Г. Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығы [Текст] / Г. Кәрменова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №3. - Б. 36-42.
5. Муратбай, Т. Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы /Т. Муратбай. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2010.-№3.- Б.30.
6. Мусаханова, Р. ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары және оның Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылындағы көрінісі Бейсембай Кенжетаев
зерттеулерінде /Р.Мусаханова. //Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы.-2009.-№1.- Б.63.
7. Тұрышев, А. Сұлтанмахмұт және орыс (Еуропа) шығармаларындағы діни сарындар /А.Тұрышев. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2009.-№12 .- Б.6.
* * *
25 желтоқсан
Жазушы Хамза Есенжановтың туғанына
105 жыл (1908-1975)
Хамза Ихсанұлы Есенжанов 1908 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Орал облысы, Чапаев ауданы, Шалқар көлінің жағасында орта шаруаның отбасында дүниеге келді. Хамза 1927-29 жылдары 7-жылдық мектепте оқиды. Алматы мал дәрігерлік техникумын (1928), Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының тіл - әдебиет факультетін (1933) бітірген. Есенжанов 1932-33 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының жауапты хатшысы. 1936 жылы Ленинградтың мемлекеттік өнер білімі институтының аспирантурсына түседі. Бірақ Қазақстанға қайта шақырылып (1936-37) СССР ҒА–ның Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторын басқарады. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филормониясының, кейін Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, Қаз ПИ–де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.
Х.Есенжанов өзінің жазушылық жолын 1930 жылдары өлең, әңгіме жазудан бастады. Сол жылдары республикалық басылымдарда «Өлеңінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер шарында» атты сахналық шығармасы жарияланды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар, көптеген әдеби сын мақалалар жазды. Хамза 1956 жылдан өнімді творчестволық еңбек жолын бастады.
Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын “Көп жыл өткен соң”, ал 1970 жылы “Ағайынды Жүнісовтер” романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. “Ақ Жайық” трилогиясы мен “Көп жыл өткен соң” роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Есенжанов өмірінің соңғы жылдары “Қарт қазақ”, “Жайын ілерде”, “Жар”, т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978—1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Есенжанов—М.Шолоховтың “Тынық Дон” романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің “Рудин”, И.П. Шуховтың “Үшпенділік” романдарын, А.С. Пушкиннің “Дубровский” повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).
Әдебиеттер:
1. Есенжанов, Х. Ағайынды Жүнісовтер:Роман.-А.: Жазушы,1977
2. Есенжанов, Х. Ақ Жайық: Роман. ІІ кітап.-Алматы: Көркемәдбаспа, 1960.-426 б.
3. Есенжанов, Х. Ақ Жайық:Трилогия.-Алматы: Жазушы, 1988.-335 б.
4. Есенжанов, Х. Жүнісовтер трагедиясы: Роман.-Алматы: Жазушы, 1998.-320 б.
5. Есенжанов, Х. Көп күн өткен соң.-Алматы: Жазушы, 1967.-351
6. Есенжанов, Х. Қатерлі түн.-Алматы: Жалын, 1981.-32 б.
7. Есенжанов, Х. Төңкеріс үстінде: Роман. 1-кітап.-Алматы: Жазушы, 1968.-352 б.
8. Есенжанов, Х. Шыңалу: Роман. 2-кітап.-Алматы: Жазушы, 1968.-340 б.
Ол туралы:
1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.—Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
2. Избасова, С. Х.Есенжановтың "Ақ Жайық" романындағы этнографиялық мәдениетке тән сөздер. //Аймақтық Жас Халымдар Форумының материалдар жинағы.-2007.-11-13 сәуір.-б. 44.
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
4. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
6. Сейтақ, Ғ. Елім деген ерлердің ескерткіші тұрса, игі: Т.Жароков пен Х.Есенжановтын туғанына 100 жыл. //Орал өңірі.-2008.-29 мамыр.-б.7.
7. Сисенғали, З. Қасіреті көп кейіпкерлер:Х.Есенжанов 100 жыл. //Орал өңірі.-2008.-2 тамыз.-б.6.
8. Сүлейменов, С. Жазушы және оның кейіпкері:Хамза Есенжанов туралы. //Орал өңірі.-2008.-17 сәуір.-б.10.
9. Сүлейменова, Д. Жазушы тағылымы: Х.Есенжанов туралы. //Әдебиет айдыны.-2008.-24 шілде.-б.6.
Есімдердің алфавиттік көрсеткіші
«А»
Абай журналы 8
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті 9
Абдешев З. 18
Айғараева К. 25
Айтбаева А. 26
Ақан сері Қорамсаұлы 13
Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы 13
Аманжолов С.А. 12
Амельченко В.Н. 7
Асабаев З. 22
Аханов К.А. 9
Ахметов З. 9
Аравин П.В. 9
Ахтанов Т. 11
Аюханов Б.Ғ. 11
«Ә»
Әбдiғазиев Б. 26
Әлімбаев М. 11
Әлімқұлов Т. 10
Әнесов Г. 15
Әуезов М.М. 7
Әйтімова Б.С. 7
«Б»
Байғабылов, Н. 33
Байділдин Ш. 15, 20, 22, 33
Байтұрсынов А. 7, 14, 15
Батырова Б. 33
Бейсеуов Ә. 11
Бектасова Г. 18
Биалиева К.К. 7
Болғанбаев Ә. 8
«Болашақ» халықаралық степендиясы 11
Бұқар жырау 13
Букаткин П.Р. 8
«Г»
Габдуллин Б. 31, 72
Гурьева Г.Г. 10
«Д»
Дәрібаева Ж. 10
Досмұхамедова Қ.Х. 8
Досмұхамедов Х. 9, 18, 19, 20, 37
«Е»
Елеукенов Ш. 22
Есенжанов Х. 12, 34, 35, 36
Ерзакович Б.Г. 9
«Ж»
Жаманқұлов Т.Қ. 11
Жароков Т. 11
Жолдасбекұлы М. 26
Жүргенов Т.Қ. 13
Жұлдыз журналы 8
Жұмабаева Р. 22
Жұмабаев М.Б. 9, 20, 22,23
Жұртбай Т. 26
«И»
Избасова С. 36
Иманов А.Ү. 8
Иманғалиев А.С. 10, 27, 28, 29, 30
Имаханбетова Р. 15
«К»
Кәрменова Г. 34
Көбеев С. 11
Көлбаев Т. 15
Кенжалин Ж. 26
Көпеев М.Ж. 13
Күмісбаев Ө. 23
«Қ»
Қабышұлы Г. 18
Қайсенов Қ. 8, 16, 18
Қайырбеков Ғ. 10
Қалықова Р. 26
Қанафин Ә.Қ. 10
Қанайұлы Шортанбай 13
Қашаубаев Ә. 13
Қирабаев С. 15
Қоразбаев А. 7
Құдайбердиев Ш. 10, 23, 25, 26
Қыдыршаев А.С. 12
«Л»
Ломоносов И.М. 8
«М»
Малдыбай А. 16
Мақпырұлы С. 31
Мәмет С. 16
Мельников В.Л. 12
Молдаханов Н.Р. 10
Мөңкеұлы М. 13
Мұратқызы В. 31
Мұхамбетқалиева Р.Қ. 7
Мұхамеджанов Т. 10
Мұхамеджанов Қ. 12, 26
Муканова Г. 23
Муратбай Т. 34
Мусаханова Р. 34
Мырзахметұлы М. 23
«Н»
Науанова Қ.М. 9
Нестеренко Г.И. 10
Ниязбекова А.Б. 9
Ниязғалиева А.Ә. 9
Ниязов Е.Ш. 11
Нұрмаханова, Н. 26
Нұрпейіс К. 20
«О»
Оразбек М. 26
Оралбаева Н.О. 9
«Ө»
Өтебәлі Ғ. 20
Өтетілеуов Е. 7
Өмірзақова Ж. 16
«С»
Сабирова Ж. 23
Садықов С.Т. 11
Сарыбаев Ш.Х. 8
Сахарнова З.Я. 12
Сәулебекова К. 20
Сейткемелов Х. 26
Сейтақ Ғ. 36
Серікқалиев З. 7
Сисенғали З. 36
Сүйіншәлиев Х.Ж. 12
Сүлейменова Д. 20, 37
Сүлейменов С. 37
«Т»
Тайшыбай З. 16
Тасмагамбетов А.С. 7
Торайғыров С. 11, 31, 32, 33, 34
Тiлеуханова А.Т. 26
Тұрышев А. 34
«Ш»
Шаймақова Р.Қ. 10
Шал ақын 13
Шапиян М. 23
Шүкірұлы С. 16
«Щ»
Щелоков О.В. 7