15 қазан 2025ж. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын,суреткер Тәкен Әлімқұлов және поэзия жанры бойынша көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Ұлт руханиятының алыптары» атты әдеби кеш болып өтті. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Әдеби кеш Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған мемлекеттік әнұранымен басталды, орындаған ВИ -11 БББ 1 курс студенті Байдаулетов Асхат. Әрмен қарай ақын Ж. Нәжімеденов пен жазушы Т.Әлімқұловтың өміржолына арналған бейнебаяннан бастау алды. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы қазақ әдебиетінің қос жұлдызы Т.Әлімқұлов пен Ж.Нәжімеденовтің өміржолдарымен мен шығармаларына толық тоқталып, құнды мәліметтермен бөлісті. Кеш барысында ақын шығармаларынан ҚТӘ(IP)-21 топ студенті Ұ.Орынғали «Біз өзіміз» , Г- IP 11топ студенті А.Лесбай «Байрау бұлты жаңа көшті баяулап», КЯЛ IP-17 топ студенті А.Нұрланқызы «Жан-жарым,түбінде сол көк теректің», МО13 топ студенті М.Мухаммедияр Теңіз , ЮР-11 топ студенті Ә.Советұлы “Мінезім жеңілдеу ғой кейде менің”, ҚТӘ(IP)-23 топ студенті А.Бимұхан «Менің елім», ҚТӘ IP -23 Д.Тулебай Ауылды сағыну , КЯЛ Ip-11 топ студенті Ә.Мырзагерей «Қос қоңыр қаз» , Г - 11ір Жұмантай Ернұр «Армысың аяулы ару», УиА-12 топ студенті Р.Гальбиева «Поэт и девушка», ҚТӘ -41 топ студенті Б.Мухтаров «Дала» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Әрмен қарай ақын шығармашылықтарынан сұрақтар қойылып студенттер тарапынан қызығушылықпен кері байланыс орнатылды. Кеш барысында Аяжан Нұрланқызы КЯЛ ip-17 топ студенті «Ерке сылқым» күмбірлеген күйін орындады. Жазушы Т.Әлімқұовпен пен ақын Ж.Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Ұлт руханиятының алыптары» атты кітап көрмесіне кітапханашы Р.Мазимова библиографиялық шолу жүргізді. Кеш соңында оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің меңгерушісі Садап Сүйесінқызы шараға қатысқан әр факультет студенттеріне алғысын білдірді.
Просмотров: 0






