Қыркүйек айының 5-і күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай Филология факультеті мен Ғылыми кітапхана бірігіп “Тіл-рухтың үні” атты шара өткізді.
Шарада Филология факультетінің 1,2,3 топ студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар,Филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы және Студент жастардың тұрақты тәрбиешісі Түймеш Малбағарқызы құттықтау тілегін айтты.
Ғылыми кітапхана “Тіл - ұлт қасиетінің өзегі” атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кеш соңында, студенттер кері байланыс жасап, мереке күнімен құттықтады.