Жаңалықтар

ҚҰРБАНҒАЛИ ХАЛИДИ. Тауарих-и хамса-и шарқи - Шығыстың бес тарихы. - Астана: Фолиант, 2026. 

Жаңа ғылыми басылым жарық көрді!

Қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеген ұлы тарихшы Құрбанғали Халидидің (1846-1913) әйгілі еңбегі енді 5 том болып оқырманға жол тартты. Бұл - жай қайта басылым емес. Бұл - автордың түпнұсқа қолжазбалары, 1910 жылғы Қазан басылымы және қазақша аудармасы біріктірілген толық ғылыми басылым.

Сонымен қатар жарық көрді: 
📖 ҚҰРБАНҒАЛИ ХАЛИДИҰЛЫ: дерек, тарих, таным (деректер, зерттеулер, библиография). - Астана: Фолиант, 2026. - 560 б. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған және ғылыми редакторы - тарих ғылымдарының докторы, профессор Данагүл Махат.

Бұл кітаптарда не бар?

🔹 Қазақтардың шығу тегі, «алаш», «қазақ» сөздерінің мағынасы
🔹 Үш жүздің тарихы
🔹 Абылай хан, Асан қайғы, Әз Жәнібек туралы деректер
🔹 Шығыс Түркістан, Қоқан хандығы, Яқуб бек дәуірі
🔹 XIX ғасырдағы қазақтың салт-дәстүрі мен тұрмысы. 
Дерек бар жерде - тарих бар.
Тарих бар жерде - таным бар.
Таным бар жерде - ұлт бар! 🇰🇿
Тарихын білген ұлт - мәңгілік ұлт!