11 қыркүйек 2024ж. ғылыми кітапхана мен “Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы” БББ педагогика, мәдениет және өнер оқу залында факультет студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған “Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм” атты жолдауды талдады. Аға оқытушысы, магистр Ләззат Мұтиғоллақызы жолдаудағы Мемлекет басшысының негізгі әлеуметтік сауалдарға жауап беруі және жедел стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін нақты құралдарды ұсынғанын, экология мәселесіне тағы бір тоқталып, елімізде әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алуға, мұндай жайттардың аз еместігін, осыны ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырғандығын атады. Кітапханашы Кубиева Жанар Бекболатқызы “Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм” атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Студенттер тарапынан жүйелі экономикалық өзгерістерге қоғамдағы азаматтардың тұрмысын олардың жағдайын жақсарту көзделетіндігі, жолдаудың саяси және әлеуметтік маңыздылығына ашық, толық пікірлерін білдірді. Шара соңында оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі С.С. Нургалиева шараға қатысқан студенттер мен Ләззат Мұтиғоллақызына ризашылығын білдірді.