Батыс Қазақстан облысы кітапханалық қауымы 8 қараша күні ғылыми кітапхана қабырғасында ЭБНИТ қауымдастығының маркетинг жөніндегі директоры Токмаков Вячеслав Викторович пен “ЭйВиДи- Қазақстан” ЖШС оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Емельянов Алексей Евгеньевичпен кездесті.
Кездесуде мынадай мәселелер талқыланды:
✅️Ресурстарға қол жеткізудің бір нүктесі. Үздіксіз авторизация.
✅️Әдеттегідей электрондық қызмет пішімін іске қосу: не беру керек және оны қалай қолдау керек?
✅️ИРБИС 64 жүйесін университет жүйелерімен, ең алдымен, оқырмандар дерекқорын автоматты түрде құру/жаңарту үшін, кітаптың қолжетілімдігін автоматты түрде есептеу үшін автоматтандырылған басқару жүйелерімен интеграциялау мүмкіндігі.
Каталогизатор, комплектатор мамандарына бұл семинар жаңа әсер берді. Практикалық түрде жұмыстанып, көптеген сұрақтарға жауап алынды.
Семинар Жұбан кітапханасында жалғасын тапты.