«ҰйымFest» студенттік бастамалар және ұйымдар жәрмеңкесінде мәдениет және өнер факультетінің студенттері «Кітап оқитын ұлт» атты әсерлі флэш-моб ұйымдастырды. Бұл бастама жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Мақсаты, студенттердің назарын кітап оқуға аудару, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру және оқуға деген сүйіспеншілікті қоғамда кеңінен насихаттау.
Факультет білім алушылары үйлесімді қимылдар мен әдеби көріністер арқылы кітаптың адам өміріндегі маңызын көрсетіп, ерекше өнер көрсетілім ұсынды.
Флэш-моб қатысушылар мен көрермендер тарапынан үлкен қолдау тауып, студенттік жәрмеңкенің мәдени-ағартушылық мазмұнын байыта түсті.