20 қараша күні Жаратылыстану-география факультеті университеттің ғылыми кітапхана ұжымымен бірлесе «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында «Кітап ішіндегі кіршіксіз әлем» атты студенттер арасында поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — студент жастарды кітап оқуға баулу, поэзияға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана мен студент арасындағы байланысты нығайту болды.
Шара барысында География (ІР) БББ студенттері Төлепқали Мерей мен Жұмантай Ернұр өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар Жұмантай Ернұр өзінің жазған төл туындыларын оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында ән айтылып, күй тартылып, кітап туралы ой-пікірлер айтылды. Студенттер «Менің оқыған бір кітап» тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі орны туралы әңгіме өрбітті. Кітап оқитын ұлт марафонына қатысушы факультетіміздің студенттері Қайсар Нұрсая мен Журакбаева Жансезімді ғылыми кітапхана директоры Алимбекова Тоты Еркиновна ерекше атап,арнайы сертификатпен марапаттады.Сондай -ақ кітапхананың жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып, оқуға ұсынылатын қызықты кітаптар тізімін ұсынды.
Шара өте жылы, әсерлі атмосферада өтті. Көрермендер өлең тыңдап қана қоймай, поэзияның адам жанын тазартатын, ойды тереңдететін құдіретін тағы бір мәрте сезінді.
Кеш соңында белсенді қатысқан студенттерге арнайы факультет деканының алғыс хаттары табысталды.Шара соңында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнін барша қатысушылар хормен айтып,шараның әдемі нүктесін қойды. Ұйымдастырушылар мұндай рухани шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Кітап ішіндегі кіршіксіз әлем» кеші — кітапқа деген махаббатты арттырып, студенттердің рухани әлемін байытқан тағылымды шара болды.






