Жаңалықтар

Ғылыми кітапхананың жаратылыстану оқу залында республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында «Кітаппен кемел болашаққа» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру.

Шараға әр факультет студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында кітапханашы Ботагөз Асанқызы марафон аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасап, республикалық марафонның жеті бағыты бойынша оқуға ұсынылған кітаптармен таныстырды.

Студенттер марафон аясында белгіленген туындыларға тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда:
- ИСТ-11 тобының студенті Бақдәулетқызы Нұрайна Д. Исабековтың «Гауһартас» повесіне тоқталды;
- ИСТ-11 тобының студенті Ғайниятова Жансая мен ИЯ-ІР-11 тобының студенті Ратбаева Ақтілек әлемдік классика – Дж. Толкиннің «Сақиналар әміршісі» романы жайында айтып өтті;
- П-21 тобының студенті Ерболатқызы Гүлсезім Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесін талдады;
- ИЯ-ІР-11 тобының студенті Ратбаева Ақниет Ж. Аймауытовтың «Шұғаның белгісі» туындысы жайлы өз әсерімен бөлісті.

Шара соңында Оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің меңгерушісі С.С. Нұрғалиева марафонға қатысып жатқан студенттерге сәттілік тілеп, өз ойын еркін жеткізген барлық студенттерге ризашылығын білдірді.