01 желтоқсан күні ғылыми кітапхана қорына профессор Алтынай Шугаевна Журасова Алтынай Журасова екі кітап сыйға тартты.
Бір кітабы өзінің еңбегі, екіншісі өзі туралы. “Білімнің алтын ордасы” атты жинақ Бірік мектебінің тарихи дамуы, оның қалыптасуына үлес қосқан ұстаздар мен оқу ордасының эволюциясын талдауға бағытталған. Бұл еңбек білім тарихын зерттеушілерге, педагогика мамандарына, мұғалімдерге, сондай-ақ туған мектебінің тарихына қызығушылық танытқан кең оқырман қауымға арналған.
Ал “Өнегелі өмірдің өрнек жолы” кітабы білім мен ғылым жолында тер төккен ұстаздың өнегелі өміріне арналған естеліктер жинағы. Кітап ұстаз Алтынай Шугаевнаның өмірі мен еңбегінің шәкірт, әріптес, дос-жаран жүрегінде қалдырған жылы естелігін бейнелейді. Естелік кітапта әріптестер мен шәкірттердің ыстық ықыласы мен жүрек сөздері арқылы тұлғаның рухани бейнесі айқындалады.

