Жаңалықтар

Құрметті Қанжан Беймұханқызын мерейтойыңызбен!

Канжан Беймұханқызы биология саласындағы базалық және кәсіби пәндер бойынша ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жоғары дәрежеде қазақ және орыс тілдерінде мазмұнды дәрістер оқып, зертханалық, практикалық сабақтарды жүргізіп келе жатқан білікті ұстаз.

Теориялық білімнің маңыздылығы мен құндылығы оның практикамен ұштасуында және студенттердің кәсіби деңгейде қалыптасуында педагогикалық сараманның ықпалы зор деп есептейтін ұстаз ретінде далалық және педагогикалық сарамандарға жетекшілік жасап, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашақ ұрпақтарын тәрбиелейтін білікті маман даярлау ісіне сүбелі үлес қосып келеді.

Мерейтойыңыз құтты болсын, Қанжан Беймұханқызы! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ғылым мен білім жолындағы еңбегіңізге толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, абыройыңыз арта берсін!