24 қыркүйек ғылыми кітапхана, Ист - 11 топ студенттері мен топ кураторы Бақтылы Сансызбаевнаның ұйымдастыруымен ғалым, публицист, қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және жетекшісі, «Алаш Орда» Қазақ ұлттық үкіметінің бірінші басшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай іс- шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін таныстыру, тарихи сананы қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Алғы сөз тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Боранбаева Бақтылы Сансызбаевна алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, Алаш қозғалысындағы тарихи орны туралы кеңірек тоқталып өтті.
«Әлихан Бөкейханов – Алаш көшбасшысы» тақырыбында кітап көрмесіне кітапханашы Раушангүл Алибековна библиографиялық шолу жүргізді.
Ист -11 топ студенттері Онгаров Даурен өмірбаяны, Ажмұрат Айназ ғылыми еңбектері, Насибуллина Эльонора атқарған қызметі туралы бейнебаян барысында тоқталып өтті.



