Жаңалықтар

23.04.2025 «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты іс- шара ұйымдастырылды. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді. «Кітап құмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Шараға университет студенттері мен оқытушылар құрамы және «Jaiyk books» оқырмандар клубының ұйымдастырушысы Ғалымжан Мирас қатысып студенттермен пікір алмасты.

Шарада Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығынан берілген кітаптар және Ғ.А. Кушаев, С.Ғ. Шарабасов, С.М. Сдыков, Б.И. Сарсенбаева, Т.З. Рысбеков, жеке кітапхасынан университет ғылыми кітапханасы берген кітаптар мен жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерден көрмелер ұйымдастырылды.

Кеш барысында Қазақ тілі мен әдебиеті БББ 4 курс студенті Ажмуратова Зерігүл “Көк шатырдағы Ән” Люси Мод Монтгомери, Шет тілі: екі шет тілі БББ Ия-33 топ студенті Төрек Нағима Мартин Иден-Қазына аралы, Кял-11(ip) студенті А.Қайырғалиева Ж.Бұлғақов Сөз менеджменті , Эко-22 топ студенті Р.Сабиханов, ИС- 42 топ студенті А.Тналиева Цветы для элджернона Дэниел Киз, Химия – Биология БББ ХБ -11 топ студенті Маюкова Гузель «Ғажайып» Р. Дж. Паласио, География БББ Г (IP) -11 топ студенті Д. Беккалиев "Морфий" М.Булгаков, Халықаралық қатынастар БББ 2 курс студенті Н.Кайыргалиев Пять ночей с Фредди Четвертый шкаф, Шет тілі: екі шет тілі БББ Ия-33 топ студенті Ж.Парухов Нагип Махфуз "Біздің көшенің аңыз- әпсаналары" , Қазақ тілі мен әдебиеті БББ Қтә-33 топ студенті А.Әлібекқызы Мырзахмет Перизат "Өмірдің аты М", ҚТӘ-11 топ студенті Ұ.Орынғали Аймауытов Ж. "Ақбілек" , Тарих БББ ист 21 топ студенті Г.Дильмуханов "Преступление и наказание" Достоевский, ИЯ-13 (ір) А.Жумашева - Агата Кристи "Третья девушка", НО-13топ студенті Ә.Серік - Ж.Аймауытов "Қартқожа", Кдр-41 топ студенті Д.Ергалиева, Мектепке дейінгі білім беру До-21топ студенті Амангельдиева Алина Автор: Джон Грин "В поисках Аляски", Психология БББ 1 курс студенті Нурлан Аяулым “ Кемел адам “ - Қайрат Жолдыбайұлы, Алданыш Ілтипат Ұшқан ұя, Жолдыбай Назкен Гаухартас кітаптарынан студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, осы кітаптарды оқуға кеңес берді.

Кеш соңында ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы мерекемен құттықтап, студенттерге кітап оқудың маңыздылығын айтып өтті. Кеш барысы әсерлі, қызықты өтті.