Ұлттық кітап күніне орай Махамбет университетінің студенттері өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, оқырман мәдениетін насихаттауға белсенді үлес қосты.
📖 «Студент ұсынады» және «Оқитын жастар» бастамалары аясында жастар өз дүниетанымына әсер еткен шығармалар туралы айтып, кітаптың адам өміріндегі маңызын көрсетті.
🎥 Қатысушылар қысқа бейнероликтер арқылы өз таңдауларын ұсынып, бұл игі эстафетаны басқа оқу орындарына жолдайды.
✨ Кітап – тек білім көзі ғана емес, ол тұлғаның қалыптасуына, ой-өрісінің кеңеюіне және рухани дамуына жол ашатын құндылық.