Жаңалықтар

09 сәуір 2025ж. М.Өтемісов атындағы БҚУ-да “Ұлттық құрылтай-2025: Қоғамдағы өзекті мәселелер, ел жаңғыруының бағдарлы басымдықтарына қатысты, дәйекті тұжырымдар” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Көптеген жақсы баяндамалар тыңдалды.

Шараға “Ұлттық құрылтай-2025: Қазақстан- жаңа тұрпатты ел” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қасиетті Көкше елінде, Бурабайдың бауырында өткен төртінші Ұлттық құрылтайға арналған мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды, сонымен қатар Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтай туралы,Түркістанда өткен екінші Ұлттық құрылтай туралы және Ұлытау облысында өткен алғашқы құрылтай туралы кең көлемде мақалалар қойылды.

Сонымен қатар көрмеде Ұлттық құрылтайда, нақтылап айтылған, көңіл бөлуге тиіс тақырыптарғада кітапханаға жаңадан келіп түскен әдебиеттерде қойылды. Мысалы, экономика, экология, жасанды интелект, дін, цифрлық педагогика, салт-дәстүр, ұлттық киім туралы әдебиеттер қойылды. Көрмеге кітапханашы Гульсара Таржманова библиографиялық шолу жүргізді.