Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру, цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері қамтылды.

Мемлекет басшысы білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға, инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер айқындалды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мемлекет басшысының білім беру, ғылым және инновация салаларын дамытуға бағытталған бастамаларының маңыздылығын атап өтеді. Сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу - университет қызметінің басым бағыттарының бірі.

Жолдауда белгіленген міндеттер еліміздің тұрақты дамуына және зияткерлік әлеуетін нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.