Жаңалықтар

05 қыркүйік 2025ж. М. Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері үшін СК-Wallet бағдарламалық модулін пайдалану бойынша оқыту семинары өтті. Бұл модуль Wallet мобильді оқырман билеттерін беру сервисімен интеграциялануға арналған. Оның мақсаты – оқырманның деректерінің шынайылығын тексеру процесін автоматтандыру және мобильді оқырман билеттерін жасау.
Бұл билеттерді iOS және Android жүйелеріне арналған Wallet тегін қосымшасы арқылы оңай алуға болады.
Семинардың басында теориялық материал ұсынылды, одан кейін практикалық бөлім өткізілді.