Жаңалықтар

Ұлттық валюта күніне орай экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Р.У. Жангалиева, Ф-11 тобының студенттері және кітапханашы Ж.Б. Кубиеваның ұйымдастыруымен «Теңге тарихы – ел тарихы» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – жастардың ұлттық валютаға деген құрметін арттыру, теңгенің тарихы арқылы ел тарихын таныту және қаржылық мәдениетті қалыптастыру.

Шара аясында теңгенің шығу тарихы мен қалыптасу кезеңдері, ұлттық экономиканың дамуы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы Ж.Б. Кубиева көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізді.

Сонымен қатар қатысушылар қаржылық сауаттылықты дамытуға арналған «CASHFLOW» іскерлік-интеллектуалдық ойынын ойнап, қаржыны тиімді басқару, кіріс пен шығысты жоспарлау дағдыларын шыңдады.Іс-шара қатысушылардың теңге туралы білімдерін толықтырып, қаржылық сауаттылыққа деген қызығушылығын арттырды.