Евгения Михайловна Купиеваның 90 жылдық мерейтойына орай
2026 жылғы 7 қарашада педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, білім беру саласы мен қоғамдық өмірге, туған өлкенің тарихи жадын сақтауға зор үлес қосқан Евгения Михайловна Купиева өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Осы айтулы датаға орай Евгения Михайловна құрастырған «У ПОБЕДЫ ЖЕНСКОЕ ЛИЦО» атты естеліктер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылады.
1959 жылы ол М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады. Он жылдан астам уақыт А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында (қазіргі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті) оқытушы болып қызмет атқарды. Кейін Н. К. Крупская атындағы облыстық кітапханада (қазіргі Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы) еңбек етті. Орал қалалық әйелдер ұйымдары кеңесін басқарды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ардагерлерге қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлді.
«У ПОБЕДЫ ЖЕНСКОЕ ЛИЦО» кітабы туралы
Бұл - Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдер мен тыл еңбеккерлеріне арналған ерекше естеліктер жинағы. Кітап беттерінде майдан өмірі, жауынгерлік оқиғалар, тылдағы жанқиярлық еңбек, әйелдер арасындағы достық пен өзара көмек туралы естеліктер баяндалады.
Әрбір оқиға - жеке адам тағдыры, ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің айғағы.
Кітаптың тарихи, өлкетанушылық және тәрбиелік маңызы зор. Ол соғыс жылдарының тірі куәгерлерінің естеліктерін сақтап, Ұлы Жеңіс туралы тарихи жадты жас ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.
Жинақтың тұсаукесері - Евгения Михайловнаға көп жылғы еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және өлкеміздің тарихи мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.
Евгения Михайловнаны 90 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, жанға жылулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ерлікке тағзым - мәңгілік парыз. Біз ұмытпасақ, тарих та мәңгі жасайды!


