01.09.2026 ж. Ғылыми кітапхана студенттер үшін білім, кітап және жаңалықтар әлемінің есігін айқара ашты.
Кітапханашылар бірінші курс студенттерін кітап қорымен, электронды ресурстармен және пайдалану ережелерімен таныстырды.
Кітапханаға әр келген қадамыңыз жаңа білім мен үлкен жеңістерге апаратын жол болсын!
Құрметті бірінші курс студенттері!
Сіздерді мыңдаған кітаптар, оқуға арналған тыныш залдар, кітапханашылардың көмегі және идеялар туатын ерекше атмосфера күтіп тұр.
Университеттің жүрегіне қош келдіңіздер! Осы оқу жылы оқуға, шабытқа және жаңалықтарға толы болсын!









