Жаңалықтар

М. Өтемісов атындағы БҚУ Ғылыми кітапханасы тарих, экономика және құқық факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен ақпараттық-кеңес беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері оқытушыларды Ғылыми кітапхананың ресми сайтының мүмкіндіктерімен, электрондық ресурстарымен және заманауи кітапханалық-ақпараттық сервистерімен таныстырды.

Қатысушыларға Электрондық кітапхананың жұмысы таныстырылып, оқу және ғылыми әдебиеттерді кітапхана қорына сатып алуға тапсырыс беру тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ электрондық ресурстарды білім беру, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарда пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері көрсетілді. Ерекше назар кітапхананың ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалану, электрондық басылымдарға қашықтан қол жеткізу, электрондық деректер базалары мен оқу үдерісі және ғылыми зерттеулерді ақпараттық қолдауға бағытталған сервистерді пайдалану мәселелеріне аударылды.

Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы кітапхана қорын қажетті оқу және ғылыми әдебиеттермен толықтыру үшін тапсырыс беру тәртібімен танысты. Әдебиеттерге берілетін тапсырыстардың кітаппен қамтамасыз етілу деңгейіне және олардың оқу үдерісінде тиімді пай.