08 қазан 2025ж. «Ғылымды насихаттауға арналған білім беру орталығы» жобасы аясында “Ғылыммен өрілген өмір” тақырыбында техника ғылымдарының докторы, профессор Айталиев Ермек Сатпаевич белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылым академиясының академигі, Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері АЙТАЛИЕВ ШМИДТ МҰСАҰЛЫНЫҢ еңбек жолы туралы ашық лекция өткізді. Шараға профессор – оқытушылар құрамымен физика – математика, филология, жаратылыстану, педагогика, тарих факультетінің студенттері қатысты. Айталиев Шмидт Мұсаұлының өміржолы, еңбектері мен ол туралы құнды естеліктерге тоқталып өтті. Жалпы физика – математика ғылымының қызықты тұстарымен бөлісті. Студенттер тарапынан сұрақтарға жауап берілді. Ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған “Ғылыммен өрілген өмір” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысы әсерлі өтті.
Көру саны: 0





