25 қыркүйек күні 2024ж. университетіміздің ғылыми кітапханасында педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Медешова Айгул Бактыгалиевнаның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми және ғылыми техникалық жобалар бойынша 2022-2024 жылдары гранттық қаржыландыратын АР14872018 «Кәсіптік білім беруді цифрландыру жағдайында рart –time оқыту» жобасы аясында дайындалған «Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында Part –time оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері» және «Білім беруді цифрландыру және цифрлық дидактика негіздері» атты екі еңбегінің тұсаукесері өтті.
Таныстырылымға университетіміздің Профессор оқытушылар құрамы, Физ-11(ір), ФИ-11, ҚБҚ білім беру бағдарламасының студенттері, информатика БББ магистранттары қатысты. Кеш барысында А.Б. Медешова жаңадан жарық көрген еңбектерімен таныстырып, мазмұнына тоқталды. Ары қарай Информатика БББ 2 курс магистрантары Елтаев Арынғазы, Жагиева Гүлзат, Өтеғұл Гүлмаржан авторға сұрақтар қойып тұшымды жауап алды. Мухиева Г.С. Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушысы, магистр және Тулегенова Б.Н. Педагогика және психология БББ оқытушысы, магистр сөз алып жылы лебіздерін білдірді.
Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында Part –time оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері» атты монографияда кәсіби жоғары білім беруді цифрландыру, ашық білім беру, рart –time оқытудың педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады. Ашық білім беру кеңістігі арқылы рart –time оқытудың педагогикалық моделі, қағидалары мен шарттары, әдістемесі ұсынылады.
«Білім беруді цифрландыру және цифрлық дидактика негіздері» атты оқу құралында білім беруді цифрландыру, цифрлық білім беру, цифрлық оқытудың педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған. Білім беру тобы бойынша білім беру бағдарламаларының зерттеуші ғылымдарына, магистранттарына, оқытушыларына арналады.
Ғылыми кітапхана әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандармен кері байланыс орнатып отырады. Ғылыми кітапхананың оқырмандар сұранысын қамту бөлімінің меңгерушісі С.С. Нургалиева кеш соңында ғылыми кітапхана парақшасында А.Б.Медешоваға арналған жылы лебіздер мен құттықтауларды жеткізіп, авторды жаңа туындысымен құттықтады. Кеш өте әсерлі өтті.
Айгуль Бактыгалиевна еңбегіңіз елене берсін, Сізге шығармашылық табыс тілейміз!