Бүгін 19 ақпан 2025ж. «Жетістіктер тарихы» жобасы аясында 2022 жылы Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі тарапынан М.Өтемісов атындағы БҚУ-ға түрік тілі оқытушысы болып тағайындалған Гүлсун Ероғлымен кездесу кеші болып өтті.
Гүлсун Ероғлы 2005 жылы Гази университетінде түрік тілі мұғалімі мамандығы бойынша бакалавриатты, 2008 жылы Гази университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтының магистратурасын бітірген. 20 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар маман. Балалар әдебиетін зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Шараға педагогика,филология, физика - математика, тарих факультеттерінің студенттері мен оқытушылар қатысты.
Кездесуде Гүлсун Ероғлы Түркия елінің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы баяндады. Түрік тілін үйретуде өз әдіс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге Қазақ елін, Орал қаласын ерекше ұнататынын айтып, жақсы әсерімен бөлісті.
Кеш соңында Гүлсун Ероғлы студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Кеш өте әсерлі, қызықты өтті.