Жаңалықтар

13 қыркүйек 2024ж. ғылыми кітапханада Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халықына арнаған жолдауына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жаратылыстану –география факультетінің «ХБ-11» БББ 1 курс студенттері, физика-математика факультетінің «Физ-21», «Физ -21(3) БББ 2 курс студенттері және «ПБД-11» БББ 1курс студенттері белсене қатысты.
Шараның басты мақсаты студенттерді жолдаудың бағыт бағдарымен таныстырып, олардың ой-пікірлерін тыңдау.
Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Тұрар Төлегенұлы студенттерге жолдау туралы өз ойын насихаттады.
Жолдауда Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген. Еліміздің азаматтарының тұрмыстық ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттар белгіленіп, басты назарды халықтың игілігі, балалар қауіпсіздігі екендігі нақты айтылды.
Студенттер жолдауды талқылауға белсене қатысып, Мемлекет басшысының өскелең ұрпақты дамыту мәселелеріне қатысты жаңа бастамаларын қолдады.
Бұл жолдау халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді және нақты бағыт –бағдарымызды айқындағаны ескеріліп, Әділетті Қазақстанды бірге құруымызды міндеттейді.