15 қараша Ұлттық валюта күніне орай Ғылыми кітапхана және жаратылыстану факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен «Теңге –тәуелсіздік тірегі» атты іс-шара өтті.
Шараның мақсаты келешек жас ұрпаққа теңгенің айналымға ену тарихын түсіндіру.
Шарамыздың ашылу барысында Мақсот Абдулкарим хим-11топ студенті «Көроғлы» күйін орындап ары қарай Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Кусаинов Рахметолла Кусаинович арнайы сөз алып, алғашқы ақша тарихын, әр атаулы даталарға шыққан монеталарды (Ұлы жеңіске 55 жыл, ұлы жеңіске 60 жыл, ұлттық ойын «Көкпар», «Бесікке салу», қоғам қайраткерлеріне, ақын-жазушыларға арналған М. Габдуллин, Ғ. Мұстафин, Ж. Жабаев, Аль-Фараби, Махамбет, Ю.Гагарин, І. Есенберлин, М. Әуезов) насихаттады. Төл теңгеміздің айналымға ену тарихы туралы айтып берді. Студенттерге көнеден келе жатырған нумизматикалық жәдігерлерін өзінің теңгенің пайда болуынан бастап жинаған әр жылдардың ескі қағаз ақшаларын, монеталарды назарларына ұсынды.
Кеш соңында хим-17 топ студенті Русланқызы Әсем «Атамекен» әнін шырқап, студенттер сақталған қағаз ақша және монеталарды көріп тамашалады. Кеш өте әсерлі өтті.