26 ақпан 2026 ж. қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Алатау асқарынан жыр асырған» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, ақын өлеңдерін поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Шара ақын шығармашылығы мен дастандары туралы бейнебаяннан бастау алды. Қтә IP 11/3 топ студенті Муфтагалиева Амина көркемдеп айтып өтті. Кеш барысында ақын өлеңдерін ҚТӘ IP 11/3 топ студенті Салимова Жаннұр«Зілді бұйрық», Кенен Әзірбаев «Жамбыл – жыр» Аманжолова Айдана, “Сараң бай мен жомарт кедей” Мектепке дейінгі білім беру ДО(IP)-11 топ студенті Талап Нұрсая, «Сталин ұрпақтары» өлеңін ДО(IP)-11/3 БББ студенті Амангалиева Айкөркем нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Әрмен қарай Көроғлы күйін Физ(IP)-11 топ студенті Лұқпанов Арман өнерін паш етті.
Оқырманмен кері байланыс орнатылып кеш барысында алған ақпаратармен сұрақ – жауап айдары арқылы сұрақтарға жауап берілді.
Ақын шығармашылығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды кітапханашы Кубиева Жанар Бекболатқызы жүргізді.
Жамбыл атамыздың өлеңдері қазақ поэзиясының нағыз жауһары болып саналады.



