18 қазан 2024ж. педагогика, мәдениет және өнер оқу залында қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері, топ кураторы Шайекенов Жангелді Жұмақайұлымен бірлесе ұйымдастыруы мен Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Әбдіжәміл Нұрпейісов әдеби әлемі» атты әдеби кеш болып өтті. Шараға филология, педагогика факультетінің студенттері қатысты.
Кештің мақсаты: оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беріп, шығармаларының мазмұнын меңгерту. Кеш жазушының өміржолына арналған бейнебаяннан бастау алды. М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті, филология ғылымының кандидаты Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқталып өтті.
Білім беру бағдарламасының ТМИ -11тобының 1 курс студенті Боранбай Сұлтан «Балбырауын», «Адай» күйлерін орындады. «Қан мен тер» шығармасынан үзіндіні ҚТӘ - 41 тобының студенті Самат Балнұр әсерлі айтып берді. Әрмен қарай Жүрсін Ерманның жазушыға арнаған «Әбдіжәміл Нұрпейісовке» деген арнауын ҚТӘ білім беру бағдарламасыың 3 курс студенті Иманбаева Арайлым мәнерлеп оқыды. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету БББ 1 курс студенті Темирторина Аяулым «Атамекен» әнін орындады.
Кеш соңында ғылыми кітапхананың кітапханашы Гүлсара Кенжаевна жазушының шығармашылығына арналған «Теңіздей толқыған қаламгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқытушылар мен студенттерге ризашылығын білдірді.
Ғасырға жуық ғұмырында аштық, соғыс, қуғын – сүргіннің бәрін көзімен көріп , көңілімен түйген, ұлтының алапат шақтардағы болмысын көркем образдар арқылы ашқан қаламгердің шығармалары қазақ әдебиетінің оқырманы барда ұрпақ жадын жаңғыртуға қызмет ете берері хақ.