Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» шығармасын жалпы ұлттық оқуға бекітілді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Осы орайда Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Тарих пен тағдыр тұлғасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Кеш барысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы қаламгер болмысының тереңдігін, оның шығармашылық әлемінің кеңдігін айтып өтті.

КЯЛ (IP) 11/3 топ студенті Жакупов Ернар жазушының «Тағдыр» тарихи романына тоқталып ойымен бөлісті. «Тағдыр» романының басты кейіпкері Демежанның монологын актерлік өнер БББ-ның студенті “Мұрагер” студенттік театрының актеры Мұратұлы Бағдат әсерлі бейнелеп орындап берді. Өз шығармашылығынан “Оралым” өлеңін Дов-31(3) топ студенті Абатова Меңсара, Ғалым Қалибекұлының «Қара нар» Қабдеш Жұмаділовке арнауын ҚТӘ (IP) Орынғали Ұлболсын мәнерлеп оқыса, ВИ-11 топ студенті Байдәулетов Асхат «Қазақтай ел қайда» әнін шырқады.

Кеш соңында кітапханашы Р.А. Мазимова «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, жазушы еңбектерінің рухани құндылығы айтып өтті.

Әдеби кеш руханиятқа тағзым, тұлға мұрасына құрмет болған әсерлі шаралардың бірі болды.