Жаңалықтар

23 сәуір Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай  “Әдеби өлке айшықтары: ізденіс, зерттеу, нәтиже” тақырыбында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, тіл, әдебиет және ақпарат БББ-ның доценті Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы мен филология факультетінің студенттерінің қатысуымен іс - шара болып өтті.

Шарада Зейнолла Жақсылықұлы туған жердің  мәдениетін, рухани байлығын дәріптейтін, сөз өнерінің құдіретін ұлықтайтын, туған өлкенің әдеби келбетін танытатын қаламгерлердің шығармашылығы мен 2018-2025 жж. аралығын қамтыған гранттық жобалар  нәтижесінде жарық көрген оннан астам ғылыми монография, әдеби хрестоматия, оқу бағдарламалары, ғылыми мақалалармен мен кітап оқудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Шарада «Әдеби өлке айшықтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.