Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға М.Өтемісов атындағы БҚУ ғалымдары мен қызметкерлері де қатысып, мемлекет басшысының тарихи үдерістерге қатысты ұстанымдарына тоқталып, еңбектегі ой-тұжырымдардың Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуымен сабақтастығын атап өтті.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында елдің дамуы, ұлттық мүдде, тарихи сана, заң мен тәртіп, қоғамдық диалог және азаматтық жауапкершілік сияқты өзекті тақырыптар қамтылған.

Дөңгелек үстелден кейін кітаптың даналары өңірдегі білім беру ұйымдарының кітапханаларына табысталды. Кітап М.Өтемісов атындағы БҚУ кітапханасының қорын да толықтырды.

Университет үшін мұндай кітаптар – тек кітапхана қорын толықтыратын басылым емес, тарихты, бүгінгі қоғамдық үдерістерді және елдің даму бағытын талқылауға мүмкіндік беретін маңызды білім көзі.