Жаңалықтар

29 сәуір 2025ж. ғылыми кітапхананың тарих, экономика және құқық факультетінің оқу залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы (1945) және жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (1910-1982) толуына арналған «Ерлікке тағзым» атты патриоттық іс-шара болып өтті.

Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әпкелеріміздің , мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Кеш қонақтары тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы, БҚО тарихи -өлкетану музейі М. Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, өлкетанушы Батырханов Ахмедияр Қуанұлы, Орал қалалық Б. Момышұлы атындағы ✓46 ЖОББ мектебінің директоры, тарихшы-зерттеуші Сатдыкова Ибагул Наримановна сөз алып Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тілектерін жолдады.

Ары қарай студенттер Қайырғалиев Нұрайдар МО-13 тобы «Батырларға» Ж. Қожақ, КЯЛ А-21 топ студенті Аманғалиева Нұрайна «Атыңды мен естідім», Орынғали Ұлболсын ҚТӘ -11 Жарасбай Нұрқан «Мәңгі жас» (Мәншүкке), Есбулат Айнара ХБ-11 тобы «Мәншүктің монологы», Мурзагали Мадина ХБ-11 тобы Лұқпан Сисекенұлы «Батырлар рухына тағзым», Қылышбай Шаттық МиДК -11 «Мәңгі жастық», Құбай Аида ДиЗи -11, Габдуллов Райымбек Ұлы Жеңіске арналған өлең шумақтарын оқыды.
Жаратылыстану-география факультетінің студенттері «Ән салшы сарбазым» биімен және әні мен сөзі Ержан Серікбаевқа жазылған «Алға, қазақ жігіттері» әнімен Оразбай Жадыра, Сафина Надежда көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында кітапханашы Гульмира Шайдулловна кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Кеш өте әсерлі өтті.