Жаңалықтар

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында көрменің таныстырылымы өтті.

Бұл – елімізде тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, кітапты білім мен танымның маңызды көзі ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды ағартушылық жоба. Марафон 7 бағытты қамтиды (оқушылар, колледж және жоғары оқу орны студенттері, педагогтер, отбасылар, зиялы қауым және мемлекеттік қызметкерлер).

🗓 Марафон 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады.

Қатысушылар марафон барысында 15 кітап оқып, қорытынды кезеңге дейін бақ сынайды. Үздіктер республикалық деңгейде марапатталып, дипломдар, арнайы сыйлықтар мен республикалық дәрежедегі мойындауға ие болады.

Бүгінде М.Өтемісов ат. БҚУ-дан 1500-ге жуық адам марафонға тіркеліп үлгерді.

Университетте ұйымдастырылған көрме оқырмандарға жаңа кітаптармен танысып, жаңа білім, идеялар мен пікірталастарға жол ашуға мүмкіндік береді.