Жаңалықтар

23 сәуір Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана түні» кеші атмосфераға толы, мазмұнды кеш өтті.

Бұл мәдени-танымдық кештің басты мақсаты – жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін және бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасау.

Кеш барысында студенттер: «Менің сүйікті кітабым» алаңында өз әсерлерімен бөлісіп, қызықты викториналар мен интеллектуалдық ойындарға қатысты. Квест тапсырмаларын орындап, белсенділік танытты.

Шараға аға оқытушы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Отаров Мэлс Тасқалиұлы , аға оқытушы Асхат Беккалиевич линогравюра “жас келең – қоңырша” жырына арналған композициясын және №15 «Ақбота» бөбекжайы МКҚК орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Болатжанқызы Наргиза, педагог ассистент Сакипова Динара Дайыровна қатысып студенттерге шеберлік сағаттарын көрсетті.

Шара барысында ҚТӘ-ІР-13 топ студенттері Изтурганова Айгерим, Қадырғали Аяжан Поппури , ТМИ-21 топ студенті Нығметолла Гүлхан орындауында Сыпыра жырау термесі, Сатыбалды Ақнұр "Жақсы адамдарым" әндерін шырқады.

Кеш соңында ғылыми кітапхана жетекшісі Тоты Еркінқызы студенттер мен қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, «Кітапхана түні» – тек кітап оқуға шақыратын шара ғана емес, сонымен қатар студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және рухани дамуына ықпал ететін маңызды мәдени орта екенін айтып өтті.

 Кітапхана – білім мен мәдениеттің жүрегі! Кітаппен бірге болайық. Мереке құтты болсын!