20 қазан 2025ж. педагогика, мәдениет және өнер оқу залында 24 – қазан Кітапханашылар күніне орай “Кітапханашы - парасат, оқырман ізгілік иесі” атты іс- шара болып өтті. Шараға шетел тілдері білім беру бағдарламасының ИЯ-11 топ студенттері, педагогика, филология факульттерінің студенттері қатысты. Алдымен кітапханашы Ж.Б.Кубиева оқу залына келіп түскен жаңа әдебиеттер көрмесін таныстырып өтті. Шара барысында көңілді викториналық сұрақтар, әуезді ән мен жылы тілектер тыңдалды. Студенттер екі топқа бөлініп шығармашылық, бірлік, көркем сөйлеу бойынша өзара тартысты ойынға қатысты. Шарада НО-32 тобының студенті Жоламан Аян М.Жұмабаевтың «Қарағым» және НО-33 тобының студенті Нағметова Әйгерім «Кітапханашы» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқыды, НО-33 тобының студенті Сатыбалды Ақнұр «Жақсы адамдарым» әнін шырқап оқырмандарға көңіл күй сыйлады. Ия -11 топ жетекшісі аға оқытушы, магистр Габдешева Астра Ерсайынқызы, магистр, аға оқытушы, Ляззат Мүтиғоллақызы кітапханашыларды мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
