Жаңалықтар

11 ақпан 2025ж. Ғылыми кітапхана және  Филология факультеті Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау БББ оқытушы магистр Навекова  Дамира Бахтыгалиевна, Шет тілі: екі шет тілі БББ 21, 22, 29 топ студенттерімен бірігіп ұйымдастыруымен көрнекті ақын, Қазақстаннның Халық жазушысы, Қадыр Мырза – Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты әдеби-сазды  кеш болып өтті. Шараның мақсаты – ақынның қаламынан туған тұғыры биік туындылар мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау.

Шара Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша» әнін Ия – 22  топ студенті Бейсов Диас әуелете шырқап, Едрес Аминаның жеке орындауында сөзі Қадыр Мырза Әли, әні Әшірхан Телғожиевтікі «Қазақ осы» әнін шырқап көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Әдеби сазды кеш барысында  ақын шығармашылығымен кеңірек танысу үшін  М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент ,Қадыр Мырза Әли медалінің иегері Зейнолла Жақсылықұлы  сөз алып, студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңірек тоқталып өтті. Әрмен қарай Ақын өлеңдерін ИЯ -29 топ студенті Қуан Жайна «Ел»,  ИЯ -21 топ студенті Жасулан Әсел «Күздің ұзақ жауыны», Моб – 21 топ студенті Мұхитов Маулет, Битебай Аружан «Жырақтағы жақын досқа»,  ИЯ -21 топ студенті Ермекқалиева Айшат «Таңғажайып ...» , Марисова Альбина «Тамаша», өлеңдерін нақышына келтіреп мәнерлеп оқыды.

Сонымен бірге  Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты  кітап көрмесіне ғылыми кітапхана кітапханашысы Мазимова Раушангүл Әлібекқызы библиографиялық шолу жүргізді. Әдеби-сазды кеш Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған, әні: Ескендір Хасанғалиевтікі  «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті. От ауызды, орақ тілді ақынның шығармашылығы, асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналып, мәңгі жасай бермек.