Жаңалықтар

30 қазан 2024ж. тарих, экономика және құқық ғылымдарының оқу залында кеңес мергені, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлия ерлігі өшпес тарих» атты іс –шара өтті.

Шараның мақсаты жастарды Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке тәрбиелеу. Батыр қыз Әлия Молдағұлованың батырлығы, өжеттілігі туралы әңгімелеу.
Шара Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың майданға сұранған сәтінен көрінісін тамашалаудан басталды.

Алғы сөзді тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы және тарих ғылымдарының кандидаты Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы Кеңес одағының батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндады.

Аталмыш шараға тарих, экономика және құқық және география факультетінің студенттері белсене қатысып, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың рухына арнап өлең жолдарын Әлімбетқызы Айкөркем МО-12 «Менің халқым»,
Қайрғалиев Нұрайдар МО-11 «Өжеттер әні», Анвар Даурен Ф-11 «Қазақтың батыр қызы Әлия», Нұрболат Ернат Ист-41, Құрметқалиев Дулат Ист-41 «Әлия» оқыды.

Кеш барысында батыр қыз туралы бейнефильм көрсетіліп, Әлия апамыздың ерлігіне арнап, ерліктің гимне айналған Б. Тәжібаев пен С. Бәйтерековтің «Әлия» әнін Ист-41 топ студенті Мағаз Бекзат әуендетіп шырқады.

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың апасы Сапураға жазған хатынан аудио тыңдалып, Ист-31 топ студенті Тұрарбек Аймырза «Көңіл толқыны» күйімен көрермендерді тебірентті.

Кеш соңында Әлия Молдагулованың өміржолына арналған кітап көрмесімен кітапханашысы Гульмира Шайдулловна таныстырып, кешімізді қорытындылау үшін ғылыми кітапхана оқырмандарды қамту бөлімінің менгерушісі Садап Сүйесінқызы сөз алып өз ризашылығын білдірді.

Аты анызға айналған казақтың мерген қызының атына Қазақстан мен Ресейде көше аттары беріліп, ескерткіштер орнатылды. 18 жасар қазақ қызы Әлия Молдагулованың қан майданда жанын қиған жанқиярлығы мен ержүрек ерлігі еліміздің жадында мәнгі сақталады. Кеш өте әсерлі өтті.