Жаңалықтар

Ғылыми кітапханада 5 қараша күні 2024ж. Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер, академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл толуына арналған География (ІР) және География-Тарих БББ бірлесіп «Әлкей Марғұлан мұрасы –ұлттың рухани байлығы» атты іс- шара болып өтті.

Аға оқытушы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Отаров Мэлс Тасқалиұлы сөз алып, академик Әлкей Марғұланның портретін шара барысында сала отырып, кеш соңында өнер туындысын оқырмандарға табыс етті. Студенттер қызығушылығын білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланға арналған өлең жолдарын География IP БББ студенті Қайсар Нұрсая және География және тарих БББ студенті Орынғали Бекарыс оқып берді. «Жекпе-жек» күйімен География және тарих БББ студенті Мұратов Ералы көрермендерді тербетсе, География IP БББ студенті «Атамекен» әнімен Оразбай Жадыра көрермендерге көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Айнур Кенжалиевна Хайруллина және Ғылыми кітапхана оқырмандар сұранысын қамту бөлім меңгерушісі Садап Сүйесінқызы кешті қорытындылап, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Шараға арналған «Академик Әлкей Марғұлан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара «Ерке-сылқым» күйімен өз мәресіне жетті.

Әлкей атамыздың туған жерге, мәдени мұраға деген адалдық жолын жалғастыру – әрбір қазақтың борышы. 120 жыл өтсе де Әлкей Марғұланның еңбектері біздің санамызда, жүрегімізде мәңгілік сақталады.