Жаңалықтар

24 қыркүйек 2025ж. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ғылыми кітапхана және филология факультетінің бірігіп ұйымдастыруымен «Ұлының аты өшпес мың ғасырға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешке профессор – оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Шара ақынның шығармашылығына арналған бейнебаяннан бастау алды. Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы мен өміржолына Филология факультетінің деканы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ақболатов Айдарбек Ахметұлы кеңірек тоқталып өтті.

 Әдеби кеш барысында ақынның өлеңдерін “Өзгеге көңілім тоярсың” Қазақ тілі мен әдебиеті БББ ҚТӘ-41 топ студенті Гайса Жасмин “Ауру жүрек ақырын соғады жай” Кял Англ-21 топ студенті М.Туркебаева, “Сабырсыз, арсыз, еріншек” Қазақ тілі мен әдебиеті БББ ҚТӘ IP-11 топ студенті Н. Ахметова, “Есіңде барма жас күнің” ҚТӘ(IP)-21 топ студенті Ұ. Орынғали, “Сегіз аяқ” Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау БББ ҚТӘ IP-11 топ студенті Ә.Мырзагерей,“Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?” , Қазақ тілі мен әдебиеті БББ ҚТӘ IP-17 топ студенті К.Сейітходжа ,“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” Қазақ тілі мен әдебиеті БББ ҚТӘ-17 топ студенті А.Нұрланқызы ,“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес” Есен Айжан, “Білектей арқасында өрген бұрым” ҚТӘ IP 11топ студенті А.Қайрқұлова, “Әсемпаз болма әрнеге” Бастауыш білім беру НО (IP)-11 топ студенті А. Мекетова, “Құлақтан кіріп бойды алар” Н.Медетқызы мәнерлеп оқыды. Отыз жетінші қара сөзін қазақ тілі мен әдебиеті БББ ҚТӘ IP-11 топ студенті Асылбекова Инабат нақышына келтіріп оқыды. ҚТӘ IP-13 топ студенті Садиев Даурен Абай атамызға өз арнауын арнады. Сонымен бірге ақын әндерін "Желсіз түнде жарық ай" ҚТӘ IP-13 топ студенттері Ізтұрғанова Айгерім, Қуантқанова Асем және «Көзімнің қарасы» әнін Шет тілі: екі шет тілі БББ ИЯ-32 топ студенті Бейсов Дияс, ҚТӘ IP-13топ студенті Ізтұрғанова Айгерім шырқады.

Әрмен қарай ақын шығармашылығына арналған «Ұлының аты өшпес мың ғасырға» атты кітап көрмесіне кітапханашы Кубиева Жанар библиографиялық шолу жүргізді.

Кеш соңында оқытушылар мен кітапханашылар шараға қатысқан студенттерге ризашылығын білдірді.