Жаңалықтар

14 қараша 2025ж.  «Ғылымды насихаттауға арналған білім беру орталығы» жобасы аясында «Қолжазбалар мен сирек кітаптарды ғылыми каталогтау (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы негізінде)» тақырыбында ф.ғ.д. доцент Қыршехир Ахи Эвран университеті, Ғылым және Әдебиет факультеті, түрік тілі мен әдебиет кафедрасы, көне түрік тілі бөлімі, Ректоратқа қарасты «түрік тілі» кафедрасының меңгерушісі Осман Қабадайының ашық лекциясы оқылды. Ашық лекцияға кітапханалық педагогикалық қызмет білім беру бағдарламасының және филология факультетінің студенттері мен ғылыми кітапхана ұжымы қатысты. Лекция барысында қолжазбалар мен сирек кітаптарды ғылыми каталогтаумен жұмыстану және маңыздылығымен бөлісті. Кітапханашылар тарапынан сұрақтар қойылды. Осман Қабадайы өзінің «KAZAKCA AT KOSUM TAKIMLARi» (Қазақша ат әбзелдері атаулары) кітабын ғылыми кітапханаға сыйға тарту етті. Кітапта тарихи салыстырмалы лексикалық зертеулер берілген. Шара қызықты да әсерлі өтті.