Жаңалықтар

13 қараша 2024ж. ақын, халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Поэзия патшайымы – Фариза» атты әдеби - сазды кеш ұйымдастырылды.

Шараға филология, тарих, экономика және құқық, физика-математика , педагогика, мәдениет және өнер факультеттерінің студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты.

Кештің мақсаты: ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын жастарға кеңінен насихаттау.

Шара ақынның өміржолына арналған бейнебаяннан бастау алды. БҚУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мутиев Зейнолла Жақсылықұлы ақын шығармашылығына кеңірек тоқталып, студенттерге ақын туралы құнды, қызықты естеліктерімен бөлісті.

Әрмен қарай ақынның жыр – шумақтарын Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын БББ 1 курс студенті Аманғали Аружан «Жетімнің монологы», Бастауыш БББ Пимно/у-33 студенті Қосаев Тұрғанбек «Құштарлық», Түркебаева Махаббат «Сен маған бақыттасың, қайғыдасың», Серік Азиза «Даламды сырласу өлеңдерін нақышына келтіре, әсерлі оқып шықты. Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Ауылымды сағындым» әнін Қазақ тілі әдебиеті ағылшын БББ 1 курс студенті Құспан Сұлу әсем дауысымен көрермендерге тарту етті.

Шара барысында ақын туралы қызықты сұрақтар қойылып, оқырмандар белсенді жауап беріп, өз әсерлерімен бөлісті.

Кеш соңында кітапханашы Таржманова Гулсара Кенжаевна ақын шығармашылығына арналған «Поэзия патшайымы – Фариза» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.

Ерлік пен биік рухтың өлеңі, үнінде әрлік, асқақтық бар, дүниетанымы кең, ақындық бояуы қанық, қайратты да қайсар ақын Фариза Оңғарсынованың жырлары ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді.