Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2027 жылды – жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.
«Әр облыс орталығында, аудан мен ауылда жолдар, әуежайлар, ауруханалар ғана емес, шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар салынуы керек», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл – кітапхананың елдің стратегиялық инфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналғанының айқын дәлелі деп білеміз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізу, экономиканы жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу міндетін қойды. Ал бұл – ғылымды, білімді, кітап оқуды дамыту деген сөз.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасы ұжымы ретіндегі біздің басты міндетіміз – осы жаңа зияткерлік ортаның орталығы болу. Жолдауды нақты іспен қолдау – кітапхана қорын, цифрлық ресурстарды дамыту, студенттер мен ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету деп есептейміз.



