11 қазан 2024ж. филология факультетімен ұйымдастырылған қазақтың белгілі жазушысы және ақыны, Мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби- сазды кеш болып өтті.
Кештің мақсаты келешек жастарға С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беріп, жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
Шараға оқытушылар, қызметкерлер, факультет студенттері қатысты. Кеш жазушының шығармашылығына арналған бейнебаяннан бастау алды. Алғы сөз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы ақынның шығармашылығы мен өміржолына кеңірек тоқталып, тың мәліметтерді айтып өтті. Филология факультетінің тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Альбина Сансызбайқызы шараға қатысқан студенттерге ризашылығын білдірді.
Филология факультетінің 2 курс студенті Абдушева Мадина «Ерке сылқым» күйін орындады.
Әрмен қарай ақын өлеңдерін «Туған жерім – өз елім» өлеңін ИЯ-11(IP) БББ 1 курс студенті Қизатова Аяулым, «Көкшетау» КялАнгл-11 топ студенті Туркебаева Махаббат , «Сыр сандық» (Досқа жазған хаттан ) Фил – 11 студенті Орынбай Ақбота, «Анаға хат» Хим -11 студенті Мырзағалиева Жасмин, «Біздің дәуір» Хим -11 Русланқызы Әсел нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.
Сонымен бірге Сәкен Сейфуллиннің «Біздің жақта» әнін Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімін даярлау БББ 1 курс студенті Едрес Әмина әуелете шырқады. Ақын шығармашылығына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесіне кітапханашы Раушангүл Мазимова библиографиялық шолу жүргізді. Кеш соңын Едрес Әмина «Туған жер» әнімен қорытындылады.
Ғылыми кітапхана атынан қатысқан оқытушылар мен студенттерге ризашылығымызды білдіреміз.