Жаңалықтар

Ғылыми кітапхана қорына біздің тұрақты оқырманымыз, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева өз еңбегін тарту етті.

Бұл монографияда 1952 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы территориясының «Капустин Яр» әскери полигонына айналып, аудан халқының республикалық ішкі депортацияға ұшырауы Батыс Қазақстан, Түркістан облыстық және Жетісай өңірлік мемлекеттік архив деректері негізінде концептуалдық зерттеу нысанына алынған. Автор архив құжаттары және «ауызша тарих» әдістері бойынша еріксіз қоныс аударылған автохтонды (жергілікті) қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, моральдық-психологиялық дағдарысы мен аянышты тағдырының кең панорамасын жасаған.
Кітап гуманитарлық ғылымдар мамандығында оқитын жоғары оқу орындарының магистранттарына , студенттерге, колледждер мен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған.